Адам және жануарлар физиологиясы институтына сипаттама
Автор: nessi017 • Февраль 19, 2019 • Курсовая работа • 5,587 Слов (23 Страниц) • 1,156 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1 Адам және жануарлар физиологиясы институтына сипаттама....................5
1.1 Улы гепатитке жалпы сипаттама..................................................................6
1.2 Ұлпа сұйықтығы мен оның маңызы.............................................................8
2 Зерттеу нысаны мен материалдары...............................................................18
3 Зерттеу әдістері мен талдау............................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................23
КIРIСПЕ
Лимфа жүйесi көп функциналды, ол су мен белоктардың ұлпалар қан арналарына тасымалдануына, алмасу және иммундық реакцияларға, iсiкше мен лимфостаз сияқты патологиялық процестердiң дамуына әкелетiн қатерлi iсiк клеткаларының метастазына қатысады.
Соңғы жылдары ортаның қолайсыз экологиялық факторлары әсер еткенде лимфа жүйесi организмнiң компенсаторлы-қорғаныштық реакцияларына қатысатындығы анықталып отыр. Қаралған жұмыстарында қанайналым жүйесiндегi ауытқуларды моделдеу кезiнде (экперименталды вазоренальдi гипертензия, аяқ-қолдардағы веноздық қанның тоқтап қалуы, т.б.) лимфа жүйесiнiң компенсаторлы-қорғаныштық функциясы анықталған. Адам iс-әрекетiнiң барлық аймақтарында ғылыми техникалық прогрестiң қарқынды дамуы жаңа экологиялық ортаны қалыптастырды, оған тiрi организмдер эволюциялық тұрғыдан бейiмделмеген.
Қоршаған ортаның керi әсерлерiмен қатар, адам организмнiң висцеральдi мүшелерiнiң жұмысына керi ықпалын тигiзетiн жүйкелiк-психологиялық жүктемелер де әсер етуде. Соңғы мәлiметтерге сәйкес, Қазақстанда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлауына байланысты соңғы 5 жылда қан аурулары 69 %, қанайналым 52 %, ас қарыту мүшелерiнiң ауруларыекi есеге, онкологиялық және жүйке аурулары 42 %-дан 52 % - ға дейiн артып отыр. Дүниежүзiлiк денсаулық ұйымының (ДДҰ) мәлiметтерiне сүйенсек әлемде жүрек-қантамыр аурулары, қантты диабет, алмасу процестерiндегi бұзылыстары т.б. арта түседi. Адамдарда зат алмасу процестерiнiң бұзылу себептерi артық мөлшерде тамақтану, қозғалыстың аз болуы, алкоголь, шылым шегу, стресс, сонымен қоса су мен тағамдар құрамындағы өндiрiстiк токсиканттар болып саналады.
Лимфа жүйесiнiң ұлпалар мен мүшелер дренажындағы, гормондар тасымалдануын,транскапиллярлық зат алмасуы, асқорыту мүшелерiнен белок пен май бөлiктерiнiң қан арналарына тасымалдануы процестерiндегi рөлiн ескере отырып, ұшқыш органикалық улы заттармен улану салдарынан улы гепатиттiң дамуы мен лимфадинамикадағы қозғалыстарға лимфа жүйесiнiң қатысуын зерттеу өзектi мәселе деп есептеймiз [1].
Фолликулаларда және лимфалық түйiндер синусының ретикулоэндотелиальды жасушаларында бактериялар, бөгде денелер, токсиндер тұрып қалады. Бұл жерде тек механикалық фильтрация ғана емес, биологиялық трансформация да жүредi. Лимфалық түйiндер iсiк жасушаларын ұстап қалады және ақуыз, май алмасуларына белсендi қатысады. Түйiндер қан ақуыздарының, соның iшiнде сарысу ақуыздарының трансформациясына белсендi қатысады. Егеуқұйрықтарға жүргiзiлген тәжiрибеде ақуыздың лимфалық түйiндерден бөлiнген лимфоциттер жарғақшаларында адсорбциялануы фактiлерi анықталды.
Жануарларға жүргiзiлген тәжiрибеде зардапты блокаданың лимфа айналымына және микроциркуляцияға жағдай жасайтын ықпалы көрсетiлген.
Көптеген зерттеулерде жұлын мен бас миының әр түрлi бөлiмдерiнiң лимфа айналымы мен лимфа түзiлiмiн реттеудегi рөлi белгiлi. Қазiргi уақытта лимфалық аймақ туралы жаңа ұғым бар. Бұл – жасушаның және пеерицеллюллярлы кеңiстiк дренажын «интерстиция – лимфа жүйесi» бағытында жүзеге асыыратын жүйеаралық морфо-функционалды бiрлiк зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде. Сондықтан да бiздiң зерттеу жұмыстарымыз организмнiң улану кезiндегi лимфа түйiндерiнiң жиырылу белсендiлiгiн анықтау басты мақсатымыз болып табылады.
...