Көшеттік әдісі туралы түсінік, маңызы және кемшілігі
Автор: sult4nbek • Март 4, 2018 • Реферат • 2,274 Слов (10 Страниц) • 2,488 Просмотры
Мазмұны:
КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Көшеттік әдісі туралы түсінік, маңызы және кемшілігі.
2.2.Көшетті шынықтыру. “Жүгірту” түсінігі және оны көшеттік әдісімен өсіргенде сақтау.
2.3.Көшетті отырғызуға әзірлеу және оны отырғызу
2.4.Көшет отырғызу технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Көшет – ашық не қалқаланған жерге көшіріп отырғызу үшін өсірілетін жас өсімдік. К. жылыжайда, парникте өсіріледі. К-терді күзде немесе көктемде алу қажет. Егер екпе К-тер күзде дайындалып, көктемде отырғызу көзделсе, оларды қыс бойы тереңд. 50 – 60 см, ені 40 – 50 см шұңқырға оңт-ке қарай еңкейте көміп тастаған жөн. Сонан соң тамырын дымқыл топырақпен 0,5 м-ге жауып, жақсылап су себеді. Алма ағашы мен алмұртты күзде де (жапырақтар түскеннен кейін), сондай-ақ көктемде де (бүршіктемес бұрын) отырғыза береді. Шие мен қара өрікті көктемде отырғызған дұрыс. Отырғызуға арналған екі жылдық жеміс К-інің кемінде 3 бұтағы болуы және мынадай талаптар ескерілуі керек: тамырының ұзындығы 35 – 40 см; жақсы өскен екпе алма ағашының діңінің биікт. 50 – 60 см; жуанд. 2,0 – 2,5 см, бұтақтарының ұзындығы 50 – 60 см; шие мен қара өрік К-інің биікт. 40 – 60 см, жуанд. 2,0 – 2,5 см, бұтақтарының ұзындығы 40 – 60 см болуы керек. К. тамырларының сабағынан тарамданған жері шұңқырдың түбінен 5 – 6 см биікте болатындай етіп орналастырған жөн. Шымтезек қарашірікті топырақта өсірген К-тің сапасы жақсы болады. К-тен өсірілген көкөністер (капуста, қияр, бұрыш, т.б.) тұқымынан өсіргенге қарағанда 1 – 1,5 ай ерте піседі және өнімі мол болады. К. өсіру көкөніс, бақ, жеміс, темекі ш-тарында, тех., дәрілік және эфир майлы дақылдар өсіруде кеңінен қолданылады.
2.1.Көшеттік әдісі туралы түсінік, маңызы және кемшілігі. Көшеттік әдіс- бұл әдіс бойынша өсімдік арнаулы бөлек жерде өсіріледі, содан кейін тұрақты орынға көшіріп отырғызылады, сол орында өсіп-дамуын әрі қарай жалғастырады. Сондықтан, жас өсімдік көшіріп отырғызуға арналған, бірақта жеміс салуды бастамаған – көшет деп атайды.
Көшеттік әдістің жақсы қасиеттері:
-Топыраққа тұқым егу әдісімен салыстырғанда, өнімді тез береді.
-Жеміс салу кезеңінің ұзақтығын арттырады немесе жеміс мүшелерінің пайда болу кезеңін созады.
-Жылу сүйгіш өсімдіктерді солтүстік аймағына қарай таралуына мүмкіншілік береді.
-Жас өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау шараларын жүргізуге мүмкіншілік береді.
-5-6 есе рет тұқым аз қолданады.
-Арамшөптермен күресуі жеңілдейді және сирету шараны жүргізуі керексіз болады.
-Ерте піскен өнімді тұтынушыларға қымбат бағамен сатуға болады.
Көшеттік әдістің кемшіліктері:
-Өсімдікте нашар дамыған тамыр жүйесі пайда болады және олар топырақтың беткі қабатында орналасады.
-Ашық жерге көшіріп отырғызғанда ауа-райы жағдайы олар үшін қолайсыз болады.
-Қол жұмысы өте көп қажет болады және қорғаулы жер құрылыстарын салу үшін, көшет өсіру үшін, оны ашық жерге көшіріп отырғызу үшін көп қаражат жұмсалады.
-Көшеттің сапасы төмен болса, кеш мезгілде ашық жерге көшіріп отырғызылса, өнімнің мөлшері күрт төмендейді.
-Өнім сапасы нашарлайды әсересе, вегетация кезеңнің аяғында.
Сондықтан көшеттік әдіс қолданады:
1.Вегетация кезеңі қысқа болатын аймақтарда.
2.Қорғаулы жерде.
3.Ерте өнім алу үшін.
Өсімдік өнімін кеш алып өсіргенде, сақтағанда, қайта өңдегенде және күзгі кезінде пайдаланғанда, көшетсіз әдіспен өсірген өте тиімді және агротехника жағынан дапайдалы.
...