Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бауырдың аймақтары, сегменттері туралы қазіргі мәліметтері, олардың қолданбалы маңызы

Автор:   •  Ноябрь 26, 2021  •  Реферат  •  2,898 Слов (12 Страниц)  •  905 Просмотры

Страница 1 из 12

Бауырдың аймақтары, сегменттері туралы қазіргі мәліметтері, олардың қолданбалы маңызы

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Бауырдың топографиясы (голотопиясы, скелетотопиясы, синтопиясы, ішперде және байламдарға қатынасы);

2. Бауырдың сигментарлық құрылысы, бөліктері, аймақтары;

3. Бауыр құрылысының балалардағы ерекшеліктері;

4. Қанмен қамтамасыз етілуі және вена ағысы, лимфа ағысы, иннервациясы;

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Бауыр (һepar) - адам денесіндегі ең үлкен без болып табылады. Оның негізі оң жаққа қараған сына тәрізді пішінде болады және сынаның ұшы бірте-бірте сол жаққа қарай кішірейеді. Бауырдың төрт анатомиялық бөліктерін ажыратады: оң жақ, сол жақ, шаршылы және құйрықты. Адамның жасына және дене бітіміне байланысты бауырдың пішіні мен көлемі, әсіресе, сол жақ бөлігі өзгеріп отырады.

Бауырдың ересектердегі көлемі: фронтальды көлемі (ұзындығы) 25-30 см, алдыңғы-артқы (ені) 15-20 см, ұзынша (биіктігі) 9-14 см. Ересек адамдарда бауырдың салмағы 1200-1800 г тең.

Бауырдың көкеттік (жоғарғы) және висцеральды (төменгі) беттерін ажыратады. Көкеттік беті дөңес, тегіс, ал висцеральды бетінде мүшелердің батыңқы іздері, екі ұзынша (оң және сол жақ) бойлы жүлгелер, оларды біріктіретін көлденең жүлге орналасқан.

Аталған бауырдың үш жүлгелері бауырдың висцеральды бетінде шаршылы бөлігін (алдынан) және құйрықты (артынан) шектеп тұрады. Көлденең жүлгеде бауыр қақпасы орналасқан. Бауыр қақпасы шекараланған: алдынан - шаршылы бөліктің артқы жиегімен; артынан - құйрықты бөліктің алдыңғы жиегімен; сол және оң жақтан - оң және сол жақ бөліктердің жиектерімен. Қақпаның өлшемдері: көлденеңінен - 3-6 см, алдынан артқа қарай - 1-3 см. Қақпадан оң және сол жақ бауыр артериялары, қақпалық вена, оң жақ және сол жақ өт өзектері, лимфалық тамырлар, бауырдың нервтік өрімдері өтеді. Сол жақ көлденең жүлгенің алдыңғы бетінде бауырдың жұмыр байламы, артқы жағында эмбриондық кезеңнен қалған және бірігіп кеткен венозды өзек (аранциев өзегі) жатады.

Оң жақ көлденең жүлгенің алдыңғы кеңейген бөлігінде өт қабы жатады, сондықтан ол өт қабының ойысы деп аталады. Көлденең жүлгенің артқы бөлігінде төменгі куысты вена жатады.

Бауырдың паренхимасы фиброзды қабықпен жабылған (tunica fibrosa), (глиссонды қапшық; Glisson - ағылшын дәрігері, XVII ғ.). Бауыр қақпасында фиброзды қабық қантамырларға қынап түзеді және бауыр паренхимасына еніп, оның дәнекер тінді негізін құрайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Бауырдың топографиясы (голотопиясы, скелетотопиясы, синтопиясы, ішперде және байламдарға қатынасы);

Голотопиясы. Бауыр құрсақ куысының жоғарғы қабатының оң жақ бөлігін алып жатады. Бауырдың оң жақ бөлігі бауырлық қалтада жатады. Сол жақ бөлігі асқазаналды қалтаның жоғарғы бөлігін алып жатады. Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының эпигастральды аймағына кескінделеді, яғни, оң жақ қабырғаасты аймақта немесе меншікті эпигастральды аймақтың жоғарғы бөлігінде жатады, кейде сол жақ қабырға астында да жатады.

Бауырдың голотопиялық орналасуына байланысты бірнеше айырмашылықтыр болуы мүмкін. Бауырдың көлденең бағытқа ығысуына байланысты оң жақта, бауыр ортаңғы сызықтан толығымен оң жақта орналасады, ал егер ортаңғы сызық бойында орналасса, бауырдың сол жақ бөлігі сол жақ қабырға астында көкбауырға дейін созылып орналасады. Алға-артқа ығыса орналасқанда, бауыр дорсопетальды орналасады.

Скелетотопиясы. Дем шығару фазасында көкет жоғары орналасады, бауырдың оң жақ бөлігі ортаңғы бұғана сызығы бойымен IV қабырғааралыққа жетеді. Ол осы деңгейден сол жаққа және төмен қарай бағытталып, төс сүйекті семсер тәрізді өсіндісінен жоғары кесіп өтіп, сол жақ төсмаңы сызықта V қабырғааралық деңгейіне жетеді.

Бауырдың төменгі шекарасы ортаңғы қолтық сызығы бойымен Х қабырғааралық деңгейінен басталады. Одан әрі қабырға доғасы жиегіне сәйкес келеді және оң жақ ортаңғы бұғана сызығының деңгейінде кескінделеді. Кейін бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан шығады және ортаңғы сызық бойында семсер тәрізді өсінді негізі мен кіндік арасында кескінделеді, сосын сол жақ қабырға доғасын ортаңғы парастернальды сызықта кесіп өтіп, VI қабырғаның шеміршегі деңгейінде бауырдың жоғарғы шекарасымен кездеседі.

...

Скачать:   txt (40 Kb)   pdf (171.7 Kb)   docx (19.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club