Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Антигендер және поликлональдi кан сарысулары: алу ерекшелiктерi, касиеттерi мен колдану аясы

Автор:   •  Июнь 5, 2019  •  Курсовая работа  •  6,237 Слов (25 Страниц)  •  813 Просмотры

Страница 1 из 25

Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«ӨНДІРІСТІК ИММУНОБИОТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША  КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: «АНТИГЕНДЕР (ГАПТЕНДЕР) ЖӘНЕ ПОЛИКЛОНАЛЬДІ ҚАН САРЫСУЛАРЫ: АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚОЛДАНУ АЯСЫ»

                                                            Орындаған: Биотехнология мамандығының 4 курс студенті

Байтан Нурбакыт Асылбеккызы

                                                            Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент Рахымжанова Ж.А.

Астана

2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

4

1

Антигендердің жалпы сипаттамасы мен қасиеттері        

4

1.1

Гаптендер және олардың ерекшеліктері

11

2

Антиденелердің ашылу тарихы мен сипаттамасы

13

2.1

Поликлональді қан сарысуларының сипаттамасы мен ерекшеліктері

18

2.2

Поликлональді қан сарысуларын алу технологиясы

21

ҚОРЫТЫНДЫ

23

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

24

КІРІСПЕ

        Курстық жұмыстың негізі иммунобиотехнология пәні болып табылады. Өндірістік иммунобиотехнологияның объектілері антиген және поликлональді қан сарысуларын  зерттеуге бағытталған.

        Жұмыстың өзектілігі: Антигендер (гаптендер) басқа антигендерге қарағанда иммунды жауап тудырмайды. Гаптендердің моновалентті түрін сенсибирленген ағзаға енгізген кезде иммунды жауапты тоқтатуы мүмкін. Гаптендерді бұл ерекше қасиетінің негізінде аллергиялық аурулардың кейбірін емдеуге болады.

        Поливалентті қан сарысулары рекомбинантты технологияның жетістігі болып табылады. Емдік қан сарысулары малды емду мақсатында қолданылады немесе қауіпті аймақтарда аурудың алдын алуда қолданылады. Поликлональді қан сарысуының негізгі ерекшелігі оның құрамында он шақты антигенді детерминант болады. Поликлональді қан сарысулары дәрілік, профилактикалық және диагностикалық иммунобиологиялық препарат болып табылады. Поликлональді антиденелердің негізінде ботулизмге қарсы сарысу, сіреспеге және дифтерияға қарсы сарысулар, жылан уына қарсы сарысулар жасап шығарылған.

          Қазіргі заманда антигендер, соның ішінде гаптендер мен поликлональді антиденелерді медицинада әр түрлі ауруларды емедеуде тиімді қолдану өзекті мәселе болып табылады.  

        Жұмыстың мақсаты: Антигендер (гаптендер) және поликлональді антиденелерді алу ерекшеліктерімен танысу, қасиеттері мен қолданылуын анықтау.

        Жұмыстың міндеттері:

  1. Антигендер (гаптендер) мен поликлональді антиденелер туралы жалпы түсінік;
  2. Антигендер мен поликлональді антиденелерді алу технологиясы;
  3. Антигендер мен поликлональді антиденелердің қасиеттерін зерттеу.

        Зерттеу объектісі: Антигендер (гаптендер) мен иммундық поликлональді қан сарысулары.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Антигендердің жалпы сипаттамасы мен қасиеттері

        Антигендер – иммундық жауап туыдыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Макромолекулалар, әсіресе нәруыздар мен полиқанаттар антигендер болып табылады [1].

...

Скачать:   txt (89.1 Kb)   pdf (436.7 Kb)   docx (132.2 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club