26+7 және 33-7 жағдайындағы қосу мен азайту
Автор: aizakon1997 • Май 13, 2018 • Реферат • 363 Слов (2 Страниц) • 990 Просмотры
Категориясы: Математика.
Тақырыбы: 26+7 және 33-7 жағдайындағы қосу мен азайту.
Мақсаты: Оқушыларға екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту тәсілдерін үйретіп, тақырыпты меңгеру.
Білім берушілік: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамытып, ауызша және жазбаша дұрыс есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды ойшылдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Попотно, таратпалар, санамақтар.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық даярлық жүргізу.
Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме, оқушылар! (Оқушылар орындарынан тұрады). Көңіл-күйлерің қалай? Отырыңдар! (Оқушылар отырады). Бүгін кім кезекші? Бүгін нешесі, кім сабақта жоқ? (Кезекші орнынан тұрып, бүгін нешесі, сыныпта кім жоқ екенін айтады).
ІІ. Оқушылар білімін текеру. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауаптар.
Үлгі бойынша сызбаны толтыру.
Мұғалім: -Жаңа сабақты бастамас бұрын, үй тапсырмасын тексеріп жіберейік. Үйге не берілді? Кім айтады? (Үй тапсырмасы тексеріледі). Сұраққа жауап беріледі.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
1.Кестемен жұмыс.
Білемін Білмеймін Білгім келеді
26+7 26+7 26+7
(26+4)+3 20+(6+7) 20+(6+7)=20+13=33
33-7 33-7 33-7
(33-3)-4 20+(13+7) 20+(13-7)=20+6=26
Мұғалім оқушыларды жұмысқа қосып отырып тақырыпты түсіндіреді.
IV. Жаңа тақырыпты меңгерту. «Білгім келеді» бөлігіне амалдарды жазу. Есептеу.
46+5 74+9 96-9
53-5 83+9
Тұжырымдау.
Сергіту сәті.
«Кім жылдам?» ойыны. Сана, ойла, жылдам бол.
1.Қанша тұяқ?
10 саулықтың ақпанда Қырға көшіп жатқанда
5-і туды 3-і туды
Менің
...