Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ және татар тілдеріндегі мақал-мәтелдердің салыстырмалы сипаты

Автор:   •  Апрель 25, 2023  •  Статья  •  1,040 Слов (5 Страниц)  •  261 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақ және татар тілдеріндегі мақал-мәтелдердің салыстырмалы сипаты

Әрбір ұлттың ой-санасынан, қалыптасқан философиясынан  сыр шертетін, қызықты ақпарат беретін – фольклор. Фольклордағы мақал-мәтелдеріміз тілдің байлығы, күші мен сұлулығының айқын көрінісі. Мақал-мәтелдер халықтық даналықтың шоғыры, халықтың ғасырлар бойғы тарихымен, ұрпақтарының тәжірибесімен дәлелденген шындықты білдіреді. «Мақал бекер айтылмайды», - дейді халық даналығы. Сонымен қатар, Өтебай Тұрманжанов «Тегінде мақал-мәтел - қай халықтың да мінез-бітімінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының байлығы» демекші, мақал-мәтелдер халықтың бұрыннан бергі тіршілігі мен қазіргі ұстанатын ұстанымдарына дейін ақпарат бере алады [1]. Мақал-мәтел дегеніміз қарапайым сөз емес, онда халықтың қаншама ғасырлық ақылы, пікірі жатыр. Сол себепті де, қазіргі таңның өзінде қолданылған мақал қарсылық талап етпейді, дәлел талап етпейді, тек айтылған, бұрмаланбас шындық болып есептеледі. Үлкен мен кіші арасы, еңбек пен табыс, байлық пен кедейлік, жақсы мен жаман, отбасы қарым қатынасы, тұрмыс пен болмыс, денсаулық пен өмір, махаббат, адам баласы туғанан бері басынан өткеретін барлық ұғым, барлық түсінік қамтылған сала. Осы себепті де, түбі бір түркі қазақ халқы мен татар халқының әлем бейнесінің ортақтығын анықтауда мақал-мәтелдерін саралаудың мәні зор.

Әлемнің барлық тілдерінде секілді, татар тіліндегі мақал-мәтелдер халықтың өмірлік тәжірибесін өте кең және көпжақты қамтыған, сондықтан да олардың көпшілігі өздерінің бастапқы мағыналарын сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер секілді, татар мақал-мәтелдерінің арасында әділетсіздікке, ақшаның күшіне, өтірікке, өзімшілдікке және жалқаулыққа қарсы бағытталған мақал-мәтелдер бар. Олар адамның барлық жақсы қасиеттерін ашуға, оның туған жеріне және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған:  «Ил бар да – ир хур булмас, ир барда – ил хур булмас», «Туган илнең җире – җәннәт, суы – ширбәт», «Ватаны юк – җыры юк сандугач».

        Отбасылық-тұрмыстық қатынастар мен халықтық этика татар мақал-мәтелдерінде де кеңінен тараған. Олар барлық уақытта өзекті болып табылатын жалпы дұрыс құндылықтарды білдіретін ойлар. Қазақ және татар мақал-мәтелдерінің құрылымында, мазмұнында және тақырыбында көптеген ұқсастықтарды табуға болады. Егер біз қазақ және татар мақал-мәтелдерін қарастыратын болсақ, онда бірдей тақырыптарды байқай аламыз. Мысалы адам мен қоғам, бала мен ата-ана, табиғат, жақсы мен жаман, махаббат.

Қазақ және татар тілдеріндегі мақал-мәтелдерді қарастырайық. Қазақ және татар тілдерінде мақал-мәтелдер халық даналығының көрінісі болып табылады, бұл өмір ережелерінің жиынтығы, практикалық философия, тарихи жады.

Мақал мәтелдердің жалпы белгілеріне:

- қысқалық;

- тұрақтылық;

- сөйлеумен байланыс;

- сөз өнеріне қатыстылығы;

- кең қолдану.

Түбі бір түркі халқы ретінде түркілікке сай қағида, қанша жылдық тарих есебімен бала жастан әрбір азаматқа сіңірілетін түсінік бұл отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік. Татар мен қазақ халқы үшін де бұл тек маңызды тақырып қана емес, кейбір мақал-мәтелдер топтамасының алғы беті, ең басты мазмұны.

Татар тілінде де «Ил, туган җир, ватан» тармақ атаулары, яғни «Ел, туған жер, отан» тақырыптары топтамалардың алғашқы тармақтарында кездеседі [2]. Мысалы, Н. Исанбат «Татар халык мәкальләре» еңбегінде көптеген осы тақырып аясында мақалдар қамтылған.

«Ватанга хезмәт — үзеңә хезмәт», яғни тура мағынасында «Отанға қызмет - өзіңе қызмет», біздің тілдегі баламасына «Отан үшін күрес — ерге тиген үлес» мақалын келтірсек болады.

«Һәркемнең үз Ватаны алтын, йөрәк төбе ялкын», яғни тура мағынасында «Әркімнің өз Отаны алтын, жүрек түбі жалын», біздің тілдегі баламасына «Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық», «Әркімнің өз жері — жұмақ» немесе «Пәлен жерде алтын бар, Өз жеріңдей кайда бар» мақалын келтіре аламыз. Алайда, тура аударманы не мақалда қамтылған ұғымдарды дәл сол қалпында қамтитын мақал жоқ. Осы секілді, мысалы, «Халыкка хыянәт — Ватанга хыянәт» мағалының тура аудармасы «Халыққа қиянат – Отанға қиянат» болса, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде халық пен Отан арасындағы байланыс жайлы мақалдар кездеспейді. Осы секілді айырмашылықтарға түрткі болған тамыры бір халықтардың белгілі бір дәуір кезеңінде әлеуметтік, тұрмыстық айырмашылықтары болуы мүмкін. Алайда, екі тілде кездесетін Отанға байланысты мақалдардың ерге байлануы, ердің іс-әрекетіне байланысты болуы түркі халқына тән «ер елдің ертеңі» секілді ұғымының арқасында. Отанға байланысты мақалдардың ерге байлануын мына мақалдардан көре аламыз:

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (94.4 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club