Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлпалар туралы түсінік

Автор:   •  Ноябрь 11, 2023  •  Реферат  •  5,562 Слов (23 Страниц)  •  218 Просмотры

Страница 1 из 23

                              Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар

                                                   және инжиниринг университеті              

    РЕФЕРАТ

                 Тақырыбы: Ұлпалар туралы түсінік

                                                             Орындаған: Нұрпейс Фарида

                                                                  Қабылдаған: Айгерім Мұратқызы 

                                           04.12.2023

Жоспары

  • Кіріспе
  • Ұлпалар туралы түсінік
  • Негізгі бөлім
  • Өсімдіктер ұлпасы
  • Жануарлар ұлпасы
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ұлпа дегеніміз – тұрақты заңды қайталанатын, шығу тегімен құрылысы ұқсас және бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген клеткалар тобы (комплексі). Денесі ұлпаларға дифференциациялану тек күрделі көп клеткалы өсімдікгерге ғана тән. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабат-қабат болып орналасқан, қызметі және морфологиялық жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2-3 турлі клеткалардан түрады. Күрделі өсімдіктердің клеткалары айқын дифференцияланған.

Өсімдіктер құрылысында миллиондаған жылдарға созылған эволюция барысында жаңа ұлпалар пайда болып жөне олардың құрамына енетін клеткалар түрі көбейді. Бактерияларда жөне қарапайым балдырлардың құрамындағы клеткалар бірдей. Қоңыр балдырларда клеткалар түрі 10-нан аспайды. Мүктерде клеткалар түрі 20 шамасында, папоротниктерде 40-тай шамасында, ал жабық тұқымды өсімдіктерде 80-ге жуық. Ұлпалар өз кезегінде, клеткааралықтардың даму деңгейіне қарай тығыз және борпылдак болып дамиды. Демек, олар құрамындағы клеткалардың пішініне байланысты паренхималық жөне прозенхималық деп,  клетка қабықшасының қалыңдауына қарай қалың жөне жұқа қабырғалы болып бөлінеді.

Ұлпалар жас клеткалардың бөлінуі, өсуі және дифференциациялануынан түзіледі. Ұлпалар эмбриональды немесе түзуші (меристематикалык) және тұрақты деп ажыратылады.

Ұлпалардың классификациясы олардың белгілерінің жиынтығына, шығу тегіне, олардың клеткаларының басты ерекшеліктеріне және қызметіне негізделеді.

Қазіргі уақытқа дейін көпшілік мақұлдаған ұлпалар классификациясы жоқ. Көптеген ғалымдар оның негізіне, физиологиялық белгілері мен мәнін қарастырады. Сакс (1875) үлпалардың тек үш түрін ажыратты; жабындық, түтікшелі, түпкілікті; Габерланд 12 түрін, оның ішіңде copy жүйесі, желдету жүйесі, бөліп шығару жүйелері және т.б. бар. Міне бұл мысалдар, ұлпалардың классификациясы субьективті жөне шартты түрде екендігін көрсетеді.

Негізгі бөлім

Өсімдік ұлпасы — өсімдіктердегі шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабат-қабат болып орналасқан, қызметі мен морфологиялық жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2 – 3 түрлі клеткалардан тұрады.

Өсімдік ұлпасының жіктелімі олардың белгілерінің жиынтығына, шығу тегіне, клеткаларының басты ерекшеліктеріне және қызметіне негізделген. Осы уақытқа дейін бір келісімге келген жіктелім жоқ.

Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі ита­лия ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н.Грю (1671 ж.) болған. Олардан кейін микроскопиялық техниканың даму барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа эксперименттік деректер жинақтала басталды.

Алғашқы табиғи әрі нақты жіктеуді физиолог Ю.Сакс (1868) ұсынды. Ол морфологиялық ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұлпаларды үш топқа бөлді:Жабындық,Негізгі,Өткізгіш. Және олардың элементтеріне, өсімдіктер денесінде орналасуына, атқаратын қызметтеріне түсінік беріп кетті. Сонымен қатар ұлпалар туралы түсініктерді дамытуда С.Швенденер мен С Габерландт (1879) өз үлесін қосты. Олар ұлпаларды физиологиялық қызметі тұрғысынан зерттеп өсімдіктер әлемінің анатомиялық және физиологиялық дамуына зор үлесін қосты. Бірақ олардың жіктеулерінің барлығы жасанды болғандықтан, бұл нақты ғылыми жүйе жасауға, тіпті ол туралы ғылыми пікірлер айтуға қиындықтар туғызды. Оның себебі біріншіден, белгілі бір жасқа келгенде ұлпа қызметін өзгертеді немесе алғашқы қызметтерінің кейбіреулері ғана сақталады. Екіншіден өсімдік ұлпаларының басым көпшілігі бір мезгілде екі, үш қызмет атқарады.

...

Скачать:   txt (80.7 Kb)   pdf (196.3 Kb)   docx (211.1 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club