Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам генетикасының даму кезеңдері

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Реферат  •  3,813 Слов (16 Страниц)  •  1,358 Просмотры

Страница 1 из 16

« Астана Медициналық Университеті » АҚ

Радиобиология және биология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Адам генетикасының даму кезеңдері

                                   

                                                               орындаған: Утемисова Ж.Е.

                                                        105 ЖМ

                                                                тексерген:

Астана 2009

Жоспары:

  1. Генетика ғылымы және оның даму тарихы.

  1. Адам генетикасындағы тұқым қуалаудың зерттеу әдістері.
  1. Медициналық генетика немесе тұқым қуалайтын аруларды емдеудің негізгі принциптері.

Генетика ғылымы және оның даму тарихы.

Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі тура-

лы ғылымды  генетика  деп  атайды (грекше  genetikos  –  шығу тегіне тән).

        Генетика – бүкіл  тірі организмдерге тән тұқым қуалаушы-лық   пен  өзгергіштікті   зерттейтін   биология  ғылымының  бір саласы. Адам  баласы әрқашан тіршіліктің сырын ұғынуға, оның құрылымдық - функциональдық  ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделуін, даму заңдылықтарын т. б. білуге ұмтылып отырған. Тұқым  қуалаушылық  пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып және  оларды  қоғамды  дамыту  үшін пайдаланудың  жолдарын шешуде генетика ғылымы үлкен рөл атқарады. Сондықтан да ол биология  ғылымының  басқа  салаларының  арасында маңызды орын алады.

        Жер  бетіндегі  тірі  материяның  дамуы,  олардың  үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организм-дердің  көбеюімен  тікелей  байланысты. Сол  арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа көшеді.  Басқаша  айтқанда,  ұрпағы  белгілі  дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік    жағдайда   организмнің  организмнің  белгілері   мен қасиеттері  өзгермей  біршама  тұрақты түрде беріледі де, ұрпағы өзінің ата-аналарыа ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмақ емес. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен  қандай  да  болсын  бір белгі-қасиетінде  айырмашы-

лық та кездеседі.

        Организмнің   тұқым   қуалаушылық  қасиеті  -  өзгермейтін нәрсе емес. Ол  сыртқы  орта факторының әсерінен үнемі өзгеріп отырады.  Оны   өзгергіштік  деп  атайды.  Организмнің    көбею барысында  бір белгі-қасиеттердің  тұрақты  түрде  сақталуымен қатар  екінші біреулері  өзгеріске  ұшырайды. Соған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.

        Тұқым  қуалаушылық  пен  өзгергіштік  бірімен – бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне  қарама-қайшы, сөйте тұра өзара тығыз процестер.

1-кесте

 

Генетика ғылымының зерттеу объектілері

Тұқым қуалаушылық организмнің белгілері мен қасиеттері өзрермей біршама тұрақты түрде беріліп, ұрпағы өзінің ата-анасына ұқсас болып келуі.

Өзгергіштік – организмнің көбеюі барысында бір белгі-қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеріске ұшырауы.

        Генетика  терминінің  атауын  ең алғаш 1906 жылы ғылым-

ға енгізген ағылшын ғалымы У.Бэтсон болатын.

        Жалпы тұқым қуалаушылық жайлы алғашқы түсініктер көне дәуірдегі ғалымдар – Демокрит, Гиппократ, Платон, Аристотель-дердің  еңбектерінде  кездеседі.  Гиппократ  жұмыртқа   клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалып-тасады  және  ата – ананың  бойындағы белгі-қастеттері ұрпағына тікелей  беріледі  деп  есептеді.  Ал    Аристотельдің   көзқарасы бойынша,   белгі - қасиеттердің  тұқым  қуалауы  тікелей жолмен, яғни  тұқым  қуалайтын   материал  дененің барлық  бөліктерінен келіп түспейді, керісінше оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған  қоректік  заттардан  жасалады. Осы мәселе тұрғысында бұдан   кейінгі  маңызды  орын  алатын  Ч. Дарвиннің  пангенезис теориясы.  Бұл  теория  бойынша  өсімдіктер  мен  жануарлардың барлық   клеткалары  өзінен  ұсақ   бөлшектер – геммуалар  бөліп шығарады.   Ол  геммуалар  репродуктивтік  органдарға  өтеді  де, солар  арқылы белгілер  мен  қасиеттер ұрпаққа беріледі.  Дарвин кейде геммуалар «мүлгіген жағдайда» болып, тек бірнеше ұрпақ-тан соң білінуі мүмкін, соған байланысты ұрпақтарда өткен алыс ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп есептеді.

...

Скачать:   txt (37.5 Kb)   pdf (189.6 Kb)   docx (31.2 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club