Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педиатрия даму тарихы. Отандық педиатрияның қалыптасуы және даму кезеңдері

Автор:   •  Октябрь 3, 2018  •  Реферат  •  1,754 Слов (8 Страниц)  •  5,341 Просмотры

Страница 1 из 8

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Балалар ауруларының пропедевтикасы

Курс:  ІІ

Тобы: 304«А»

Тақырыбы: Педиатрия даму тарихы. Отандық педиатрияның қалыптасуы және даму кезеңдері

Орындау түрі: Реферат

                                                                 

Орындаған: Сисенғалиева А.Б

                                                                  Тексерген: Кәжібай Қ.О

Ақтөбе 2018 ж.

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

І Көне дәуір педиатриясы

ІІ Қазақ даласындағы емдеу ісі

ІІІ Отандық педиатрияның дамуы

Қорытынды

Педиатрия -  грек тілінен аударғанда баланы емдеу (раis - бала, іаtrеіа - емдеу) деген ұғым береді. Қазіргі заманғы түсінік бойынша педиатрия балалардың даму заңдылығын, аурудың себептерін, пайда болу, анықтау, емдеу және алдын алу жолдарын оқып білуге бағышталған ғылым. Осы тҥсінікке сәйкес, бұл ғылымға өсу, адамзаттың өмірінде ең жауапты адам организмінің құралу және даму кезеңдерінің медицинасы ретінде қарауға болады. Бұл кезең адам өмірінде ең прогрессивті кезең. Осыған байланысты бұл мамандықтың адамзат алдында атқарар қызметінің жауапкершілігі өте үлкен болып келеді. Өздерін болашақта осы мамандыққа бағыштаған жастар өздеріне деген жауапкершілікті толық түсінулері керек. Педиатр тек қана баламен қарым-қатынас жасап қоймайды. Сонымен қатар, олардың жанашырлары әкесі мен анасы, атасы мен әжесімен ұдайы байланыста болып, олармен жақсы тіл таба білуі керек. Демек, педиатр дәрігер ғана емес, жақсы педагог және психолог бола білуі қажет. Бұл балалар дәрігерінің атааналар алдында абыройын көтеріп, баланың дұрыс дамуына және сәби науқастанып қалса емделуге бағышталған шараларды бірлесіп жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, бұндай бірлестік баланың дені сау азамат болып өсуіне тікелей әсерін тигізеді. Педиатрия медицина ғылымының бір бөлімінің аты ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік жүйеде балалар денсаулығын сақтауға қызмет қылатын негізгі дәрігерлік мамандықтың атауы. Балалар дәрігерлері медицина ғылымының негізгі жетістіктерін жҥзеге асыра отырып, балалардың гармониялы дамуын қамтамасыз ететін және бақылайтын, олардың ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу шараларын іске асырады. Балалар дәрігерлері балалар мекемелерінде (бөбектер бақшасы, балалар бақшасы, мектеп, балалар үйі), балалар емханасында (поликлиникасы), жалпы және мамандандырылған балалар ауруханаларында жұмыс жасайды.

Балалар туралы ғылымның басы ескі дәуірдің IV ғасырында медициналық негізін қалаушы Гипократтың «Баланың табиғаты» атты кітабының өмірге келуімен байланыстырылады. Одан кейін Цельс, Гален, Соран (I және II ғасырлар) балалар, оларды күту, тәрбиелеу туралы жазған. Ғылым шежіресінде, әсіресе медициналық ғылымның, араб мәдениетінің өкілдері белгілі орын алады. Сонымен қатар, олардың педиатрия ғылымында сіңірген еңбектері де айтарлықтай. Олардың ішінде Орта ғасырдың ғұлама дәрігерлерінің бірі Абу Бакр Мохаммад ибн Закария ибн Яхья АрРазиды (865—925) атауға болады. Балаларды күтудің, емдеудің жобасын жасады. Педиатрия мәселелерінде (жаңа туылған және емшек жасындағы балаларды тамақтандыру және оларды күту) «Аlmansorius»-тың IV томының, 27, 29 және 30 бөлімдері арналған. Бірақ негізінен педиатрияға бағышталған кішкентай трактаты «Балалық практика» болды. Жүздеген жылдардан кейін ғана Ибн Сина балалар ауруларын жалпы жүйеге келтірді. Ол барлық Европалық, сонымен қатар, қазіргі кездегі, медициналық ғылымның негізін құрады. Ар-Разидан кейінгі арабтық дәрігерлер, европалық педиатриялық әдебиет арқылы балалық шақтағы аурулардың пайда болуына және емдеуте қазіргі кездегі көзқарастың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Демек, ол кісінің ғылыми педиатрияның негізін қалаушы деп есептеуге болады. Шығыс елдерінің ғалымдарының көзқарасына жүгінсек, педиатрия ғылымының негізін қалаушы болып Шығыстың ғұлама оқымыстысы Абу Али ибн Сина есептелуі керек. Алғашқы рет оның жазған еңбектерінде бала организмінің анатомиялық құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері айқын көрсетіледі. Абу Али ибн Синаның көзқарасы бойынша бала организмінің құрылысы негізінен құрсақ ішіндегі дамуға байланысты болады. Ол организмдегі бұзылыстарды ұрық пайда бола бастаған кезеңдермен байланыстырады. Баланың қалыпты дамуы үшін босану ағымының алатын орнына үлкен көңіл аударған. Абу Али ибн Сина өсу және даму процестері туралы мағлұмат беріп, өсу кезеңін 3 сатыға бөлген: сәбилік кезең — бұл кезеңде нәресте қозғалуға, тұруға дайын емес; екінші кезең — балалық шақ әлі тісі шықпаған, бірақ тұрып, мүшелердің қатайғанынан кейінгі кезең; үшінші кезең — жыныстық жетілу кезеңінің алдында байқалатын өзіндік өсу жолы. Ибн Сина кезінде балалардың мінез - құлқына байланысты жіктелуіне де ат салысқан:«Балалар мінезқұлқы бойынша қызбалалығына қарай, байсалды және жұмсақтығына қарай өте байсалды болуы мумкін», — деп жазды. Ибн Синаның көзқарасы бойынша сапасыз тамақтану шетінеудің себебі болып табылады. «Ана сүті оның қанынан пайда болады, сондықтан балаларды ана сүтімен тамақтандыру ең тиімді жол», — деп жазады.

...

Скачать:   txt (23.6 Kb)   pdf (379.9 Kb)   docx (173.8 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club