ЕО-ң даму кезеңдері және қазіргі кездегі даму проблемалары
Автор: Anselletta T • Март 19, 2020 • Курсовая работа • 5,822 Слов (24 Страниц) • 676 Просмотры
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
[pic 1]
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КеАҚ
Экономика және аудит жоғары мектебі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «ЕО-ң даму кезеңдері және қазіргі кездегі даму проблемалары»
Орындаған: Тлек.Г.Т. БАН-11 тобының студенті
Тексерген: Кенжин.Ж.Б. аға оқытушы,магистр
Орал, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... ... ...3
1 . ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Еуропалық Одақ: пайда болу себептері және дамуының негізгі кезеңдері...5
1.2 Еуропалық Одақ және Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығы... ... ..12
2 . ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНМЕН ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ..17
2.1 Еуропалық Одақтың Қазақстанмен стратегиялық серіктестігінің жағдайын талдау... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Еуропалық Одақ және Қазақстан: бүгінгі жағдайы және болашағы... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Кіріспе
Қазіргі таңда Еуропалық Одақ – көпшілік назарындағы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі әлемдік орталықтарының бірі болып танылады. Еуропалық Одақ Еуропа елдерінің экономикасын көтеруде басқа дамыған елдерге қарағанда едәуір алда. Әлемнің ең дамыған озық үлкен жетілік елдерінің (G7) 4-еуі осы ұйымға мүше болып келеді.
Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 500 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Фин-ляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған.
Қазақстан Республикасы Еуропа мен Еуропалық Одақ үшін Еуропаны Азиямен байланыстыратын көлік дәлізі ретінде өзінің геосаяси жағдайымен, өзінің табиғи байлықтарымен, әсіресе көмірсутек шикізатымен, ал соңғы уақытта тау-кен өндіру саласымен тартымды. Жалпы алғанда, Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан әлемге, ең алдымен, Еуропа мен Еуропалық Одаққа белгілі аудандар болып табылады.
Осының барлығы Қазақстан Республикасының Еуропамен, атап айтқанда, Еуропалық Одақпен кең және жемісті байланыстарға ие болуға мүдделі екенін куәландырады. Біздің еліміз үшін индустриялық-технологиялық дамудың бағдарламасын жүзеге асыруда Еуроодақ Қазақстанның пайдалы әрі маңызды әріптесі болып табылады. Әлемдік саясат пен экономикада жетекші орын алатын Еуропалық Одақпен ынтымақтастыққа Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше орын беріледі. Біздің республикамыздың ЕО-мен қарым-қатынастарын жоғары деңгейде ұстау басым бағыт десек қате емес.
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады. 1995 жылы 23 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуро Одақ арасындағы әріптестікке қол қойылды.
Неге Еуропа әлемнің көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының назарын аудартып отыр? Өйткені Еуропа – бұл ең алдымен ауқымды нарық, тұтыну нарығы, негізінен энергетикалық шикізат; Еуропа – техника мен технологияның жоғары деңгейі; Еуропа – бұл көптеген елдердің экономикасына капитал мен инвестициялардың экспорты; Еуропа-бұл өмір сүру, білім беру мен денсаулық сақтаудың жоғары деңгейі.
...