Курорт шаруашылығының даму кезеңдері, Эмпиризмдік (ежелгі ғасыр – орта ғасыр) кезеңі
Автор: Seiitbek Zhuldyzay • Ноябрь 5, 2020 • Лекция • 481 Слов (2 Страниц) • 547 Просмотры
Семинар
Тақырыбы: «Курорт шаруашылығының даму кезеңдері, Эмпиризмдік (ежелгі ғасыр – орта ғасыр) кезеңі »
Кафедра: Рекреациялық география және туризм
Орындаған: Сейітбек Ж.Т
Тексерген: Жилкибаева М.Н
Курорт шаруашылығы мен курортология ғылымының даму тарихын бір бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Себебі, курортология ғылымы табиғи факорларды емдік сауықтыру мақсатында пайдаланудың теориялық негізін салды, ал курорт шаруашылығы курорттық бағдарламаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-технологиялық қамтамасыздандыруы болып табылады.
Курорт шаруашылығы туристік индустрияның ұзақ даму тарихы бар өте ежелгі түрі болып есептеледі. Курорт шаруашылығының даму эвалюциясын бірнеше негізгі даму кезеңдеріне бөліп қарастыруға болады.
Көптеген емдік факторлар көне кезеңдерден бастап таныла бастады. Ең алғашқы емдік орындарға үңгірлерін ыстық бұлақтар толтырып жатқан ежелгі Римдік термалдық курорттарды жатқызуға болады. «Ғажайып» көздер және емдік факторлар храмдардың әрі діни ғибадаттардың негізгі емдік құпиясы болды. Бізге жеткен мәдени ескерткіштер термалды суларды емдік мақсатта пайдаланғанын дәлелдейді.
Ең ежелгі бес мың жылдық тарихы бар курорт Үндістандағы Мохенджодаро қаласында табылған. Қала маңында шомылу орындарының, бассейндердің, емдік суларды сатқан дүкендердің іздері табылған. Ежелгі грек морфологиясы бойынша олардың құдайы Олимпте булы моншалардың арқасында жас қалпы мен өлместік сақталған деседі. Ежелгі грек жазушысы Пафсаний жазуынша, Гера құдай ыстық бұлаққа шомылуының арқасында мәңгі жас болып қалды дейді. Тіптен ежелгі египеттіктердің ыстық температуралы моншалар арқылы қалай адамдарды емдегені Фивтік қорымдардан табылған папирустарда жазылған екен. Ол деген, тіптен қола дәуірінде адамдардың минералды суларды емдік мақсатта пайдаланғанын көрсетеді.
«Медицинаның атасы» атанған Гиппократ та өз дәуірінде емдік мақсатта минералды суларды пайдаланған. Гиппократ кітабында «Дені сау бір әйел жүкті болу үшін бір дәріні ішіне қабылдаған. Алайда, сол сәттен бастап оның іші ауырып жағдайы өте нашарлағын. Тіптен температурасы көтеріліп, еснен танып қалады. Сол кезде оның үстіне отыз шелек салқын минералды сушы шашады. Сонда ғана ол сауыға бастайды» дейді. Бұл жерде ол минералды судың пайдалылығын айтып отыр.
Ежелгі гректер тазалық құдайы Гигиенің ғибадатын ардақтаған. Гигиена сөзі (грек. Hygieinos – сауыққан, денсаулыққа әкелу) осыдан шыққан. Ежелгі Римдіктер термалды сулар олардың жандары мен тәнедерін сауықтырады деп сенген. Алғашқы минералды сулардық қасиеттері туралы Архигена, Геродот еңбектерінен кездестіруге болады. Олар суларды ішке қабылдау арқылы емделудің жолдарын жазып кеткен.
...