Механиканың негізгі даму кезеңдері
Автор: arujan00 • Февраль 27, 2019 • Лекция • 2,573 Слов (11 Страниц) • 923 Просмотры
6 дәріс. Механиканың негізгі даму кезеңдері
Мақсаты: Негізгі классикалық физиканың дамуы барысында экспериментальдық және математикалық әдістердің пайда болуын түсіндіру
XVIIғ. бас кезінде физиканың тез дамуына жаңа негіз пайда болды. Бұл негіз мына фактыларды түсіну негізінде болды: сол кездегі физика университеттері жаңа құбылыстарды, техникалық және географиялық ашылған жаңғалықтарды түсіндіре алмады. Одан әрі даму мүмкін емес еді. Коперник, Бруно, Галилей әркім өз бетінше аристотель традициясымен қарсы күресуге мәжбүр болды. Бұл істі жалғастырған ағылшын мемлекет қайраткері және философы Френсис Бэкон еді.
Жаңа дәуір философиясының өкілдерінің бірі Френсис Бэкон (1561-1626) еді. Ол 1561ж. 22 қаңатрда Лондон қаласында дүниеге келген. Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң 3 жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрды. Қайтып келген соң біршам уақыт құқылық практикамен айналысып кейін корольдің үлкен мөрін сақтайшы болып қызмет атқарды. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесіне көтерілді, барон Верулаш деген құрметті атаққа ие болды. Бірақ өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсады. Әлемді қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлады. Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгерді. Бірі – «Ғылымдардың байсалдылығымен дамуы», екіншісі – «Жаңа Органон». Ф.Бэкон – материалист, сондай-ақ, ол – эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. «Білім-күш», «Күш-білімде» деген қағидаларды насихаттады. Ол «Материя қозғалыстан ажырамас бірлікте болады – деді – энергия материяның өзіне байланысты, оның ішкі қасиеті» деді. Ф.Бэкон оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірден озат болу үшін 4 түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән емес; 2) әркімнің жеке елесіне тән емес; 3) нарық елесі; 4) театр елесі. Олардан құтылудың басты жолы – тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу. 1626ж. 9 сәуірде қайтыс болған.
Рене Декарт (1596-1650) – ол француздардың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Декарт ел аралап, түрлі шаруашылықтарға үңіліп, байқап, ғылым, схоластика принциптеріне негізделген университетте емес, өндіріс пен практикамен айналысқан деген пікірге келді. Оның басты еңбегі – «Әдіс туралы ой-толғау». Декарт – материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда таным теориясында ол идеалист болды. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлй алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу – тірлік кепілі», - деді. Бірақ айналып келгенде ол материалсит екенін аныұ танытты. Декарт – рационалист.
М.В.Ломоносов еңбектерінің маңызы
Михаил Васильевич Ломоносов 1711ж. 8 қарашада Ресейдегі Архангельск облысының, Денисовка селосында (Қазіргі Ломоносов сеолсында) дүниеге келген. Ол жаратылыстану ғылымының, орысәдеби тілінің негізін салушы, ақын, суретші, тарихшы, энциклопедиялық білімді ғұлама ғалым.
1731ж. Мәскеудегі Славян грек-латын академиясына оқуға түсіп, 1735ж. ең үздік оқушылардың бірі ретінде Петербург университетіне қабылданады. 1736-1741ж. Германияда белгілі физик және философ Л.Вольфтан, металлург И.Генкельден дәріс алды. 1748ж. Ресей ҒА-ның жанынан тұңғыш химиялық лаборатория ашты, оның бастамасы бойынша 1755ж. Мәскеу университетінің негізі қаланды Ломоносовтың химия мен физика саласындағы ғылыми зерттеулері заттың атомдық-молекулалық құрылысына негізделді. Материя мен қозғалыстың сақталу принципін ғылыми т ұрғыдантұжырымдап, физика химияның негізін қалады. Лонмоносов бірқатар оптика приборларын жасады; Шолпан планетасында атмосфераның бар екендігін дәлелдеді; Жердің құрылысына сипаттама берді. 1763ж. «Металлургия және кең ісінің бірінші негізі» деп аталатын нұсқау кітап жазды. 1760ж. «Ұлы Петр» атты поэма жазды (аяқталмаған). Орыс тілі граматикасының негізін қалады. 1755ж. «Ресей граматикасы» атты еңбегі жарық көрді. 1760ж. Швед ҒА-ның, 1764ж. Болон ҒА-ның құрметті мүшесі болып сайланды. Ленинград облысындағы қала, жаңа жердегі тау жотасы, Солтүстік мұзды мұхиттағы су асты жотасы, Батыс Шпецберген аралындағы қырат Ломоносовтың есімімен аталады. 1765ж.4 сәуірде Петербург қаласында қайтыс болды.
...