Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мейрамхана бизнесінің даму кезеңдері

Автор:   •  Март 9, 2020  •  Дипломная работа  •  15,775 Слов (64 Страниц)  •  1,422 Просмотры

Страница 1 из 64

Кіріспе

Қазіргі таңда мейрамханалық бизнестің дамуы негізгі мәселеге айналды. Өйткені Қазақстанда қызмет көрсету бойынша сала және қоғамдық тамақтандыру үлкен қарқынмен дамып келе жатыр.

Соңғы жылдары әр түрлі дәмханалар, мейрамханалардың саны көбейіп, өздерінің жұмыстарын бастап жатыр. Бүгінгі таңда қоғамдық тамақтануға деген сұраныстың жоғарылауы байқалуда. Сұраныстың артуына ықпал ететін қозғаушы күштер – халықтың әл-ауқатының , яғни табысының жоғарылауы, елге басқа да мемлекеттерден туристердің сапар шегуі, үйден тыс жерлерде демалудың адамдарға қажеттілігі.

Мейрамханнаың орналасу жері мен оның тағамдар мәзірін дұрыс құра білу, білікті мамандардың жұмысқа тартылуы өз кезегінде сұранысты ұлғайтып, жоғары нәтижелі пайда табуға және инвестициялар тартуға мүмкіндік жасайды.

          Мейрамхананың қызметін бағыттайтын негізгі маркетингтік іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Маркетингтік  іс-әрекетті жүргізу барысында бәсекелестіктің алатын орны ерекше болып табылады. Көптеген шаралар және қызметтер нарықтағы бәсекелестік жағдайға байланысты жасалып отырады. Қазіргі таңда тұтынушылық нарығындағы бәсекенің деңгейі артып келеді, ал әлемдік экономикалық дағдарыс осы процесті одан сайын шиеленістендіріп, күрделендіруде.

          Сол себептен,  отандық кәсіпорындарда маркетингті тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлемей жатып ұлттық бәсекеге қабілеттілікті өсірудің жолдарын іздестіріп табу мүмкін емес. Ол үшін қазақстандық компаниялар мен фирмалардың қызметінде маркетингтің құралдарын қолдану салаларындағы ғылыми зерттеулерді кеңейтіп, тереңдете түсу, сонымен қатар, маркетинг арқылы Қазақстан экономикасының нарық жағдайында тұрақты түрде дамуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер аша алатын бағыттар мен жоспарлауды анықтау  қажет. Шет мемлекеттерде  кәсіпорындардың қызметінің нысаны мен ауқымына қарамастан мейрамхана бизнесі деп аталған еліміздегі қоғамдық тамақтандыру жүйесі аз зерттелген.

       Әлемнің көптеген мемлекеттерінде шаруашылық қызмет етудің осындай түрінде орта және шағын кәсіпорындардың көп саны шоғырланған. Олар жұмыс орындарының әлеуетін жоғарылатып, жергілікті халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуінің жоғары деңгейі мен өмір сүрудің сапасының өсуін қамтамасыз етеді.

Негізінен туризмдік индустрияда мейрамханалық бизнес маңызды орынды алады. Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттары, Канада және Еуропа мемлекеттерінде табыс табудың басты көзі болып табылады. Туризмнің дамуына байланысты Азия мемлекеттерінде мейрамхана ісінің дамуы да байқалып келеді.

       Қоғамдық тамақтандыру – экономиканың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған және әрбір адамның қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты жетекші бір саласы екеніне қарамастан, өкінішке орай, тіпті дамыған елдердің өзінде де мейрамхана бизнесінің маркетингі аз зерттелген.

      Қазақстанда нарық экономикасының талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандырудың ұлттық жүйесі қалыптастырылуда. Бұл салада көптеген кәсіпорындар жұмыс жасайды және олар ұлттық орта және шағын бизнесті дамыту бойынша мемлекеттің бағдарламаларын неғұрлым тиімді іске асыруға қабілеті жетеді.

Дипломдық жобаның тақырыбын таңдауға және зерттеуге мейрамханалық кәсіптің даму тенденциясы себеп болды

Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы – осыған дейін зерттелмеген жаңа саланың, мейрамханалық кәсіптің қалыптасуы мен даму барысы, ұйымдастырылу принциптерінің талдануы, сонымен қатар мейрамхананың жалпы қызметіне зерттеу жүргізу.

Жұмысты зерттеудің пәні болып мейрамханалық бизнес табылады.

Диплом жұмысының мақсаты - «Сегун» мейрамхана кешенінің қаржылық және шаруашылық жағдайын талдау арқылы мейрамхана бизнесінің әрі қарай даму бағыттарын анықтап көрсету.

...

Скачать:   txt (208.6 Kb)   pdf (564.4 Kb)   docx (103.3 Kb)  
Продолжить читать еще 63 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club