Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химиялық технологияның даму кезеңдері

Автор:   •  Октябрь 24, 2018  •  Реферат  •  1,506 Слов (7 Страниц)  •  906 Просмотры

Страница 1 из 7

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Химиялық технологияның даму кезеңдері

2 Химия ғылымының тарихы

          3 Химия ғылымы және оның пайда болуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

                                   

                                             Кіріспе                          

Көп салалы өнеркәсіптің ішінде химия өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. XX ғасырдың басынан бастап химия өнімдерін шығаратын өндірістер бірден көбейе бастады. Күкірт қышқылы , сода , селитра , минералдық тыңайтқыштар, бояу, қопарылғыш заттар және басқа да өнімдер шығаратын өндірісінің өркендеуіне әкелді. Осыған байланысты өндірісте химиялық процестерді жүргізу үшін әр түрлі әдістер пайдалана бастады.

Бастапқы заттарды өнімге айналдыруға әкелетін гидромеханикалық жылулық және массаалмасу процестерін зерттеу күшейді және осы процестер жүретін жаңа аппараттар жасалды. Осылардың негізінде химиялық технологияның зерттеу объектісіне айналды.

Химиялық технологияның алғашқы даму кезінде химиялық процестерді зерттеу стехиометриялық теңдеулерге негізделген сипаттамалық жағдайда болды. Бұл жағдайлар өндірістің тез қарқынмен дамуына байланысты онда жүретін процестердің себептерін шешуді қанағаттандыра алмады, сондықтан бұны термодинамикалық және кинетикалық есептерді шығарып, технологиялық процестердің жылдамдығын табу сияқты жоғары деңгейге көтеру қажеттігі туды.

                                          Негізгі бөлім

1)   Химиялық технологияның дамудың негізгі кезеңдері

Әлемдік өркениеттің, ғылым мен техниканың қарыштап өсуі, үздіксіз алға жылжуына байланысты химия ғылымының да рөлі барған сайын арта түсуде.  Сондықтан ол өзге де ғылым салалармен астасып, адамзат қоғамының дамуына игі әсерін  тигізуде. Ендеше осы заманға ғылыми-техникалық прогрестің көшіне ілесу үшін міндетті түрде химия ғылымынан жан-жақты хабардар болу керек. Химия үздіксіз даму үстіндегі ғылым. Плазмалық, мембраналық, радиациялық технологиялардан бастап, осы заманда конструкциялық материалдаралуға дейінгі, сондай-ақ стереохимия, органикалық элементті қосылыстар химиясы және халық шаруашылығын химияландыру  ғылыми-техникалық прогрестің сан алуан саласында кеңінен пайдалануда. Тіпті лазерлік, жартылай өткізгіштік жаңа техникалар жасауда да химияның алатын орны ерекше. Міне, сондықтан химия пәнінен жалпыға білім беретін орта мектеп бағдарамасы бойынша жүйелі, жан-жақты білім алып шағудың маңызы да барған сайын арта түсуде. Химия заттарды және олардың бір-біріне  айналу құбылыстарын (реакцияларды) зерттейді. Заттар химиялық элементтердің атомдарынан түзіледі. Химиялық элемент дегеніміз ядроларының зарчдтары бірдей атомдардың бір түрі. Атомдар өздерінен де кіші элементар бөлшектерден (протондардан, нейтрондардан, электрондардан) тұрады. Заттың сапалық құрасы қандай элементтердің атомдарынан тұратынын көрсетеді, ал сандық құрамы атомдардың санын және масса қатынастарын білдіреді. Заттың құрамына кіретін атомдар бір-бірімен молекула түзіп немесе түзбей химиялық байланысуы мүмкін.

Осыған орай заттың құрылысы молекулалық және беймолекулалық болып жіктеледі. Заттың құрылысы атомдардың байланысу ретін, байланыстырушы электрондарын (электрондық құрылысы) және олардың бағытталуын (кеңістік құрылысы) көрсетеді. Әр зат өзінің құрамына және құрылысына сәйкес физикалық және химиялық қасиеттер байқатады. Заттың физикалық қасиеттеріне агрегаттық күйі, түсі, исі, дәмі, ерігіштігі, тығыздығы, қату, балқу, қайнау темпетаруралары және т.б. жатады. Заттың химиялық қасиеттері басқа заттармен әрекеттесу (реакцияға түсу) мүмкіндігі бойынша анықталады.Заттар үздіксіз өзгеріске ұшырайды. Бір заттардан екінші заттар түзілетін өзгерістерді химиялық құбылыстарды немесе химиялық реакциялар деп атайды. Химиялық реакциялар зат бөлшектерінің арасындағы бұрынғы химиялық байланыстардың үзіліп, жаңа байланыс түзілуі арқылы жүзеге асады. Химиялық реакциялар басталуы және аяқталуы үшін көптеген                                     жағдайлар қажет. Күнделікті тұрмыста, табиғатта және өндірісте заттар таза күйінде кездеспейді, көбінесе, қоспалар түрінде жүреді. Қоспалар дисперстік жүйеге жатады. 

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (142.1 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club