Үлкен ми қыртысынан мишыққа баратын төмендеген жолдар
Автор: makpal.shynarbek • Декабрь 3, 2021 • Реферат • 312 Слов (2 Страниц) • 248 Просмотры
Үлкен ми қыртысынан мишыққа баратын төмендеген жолдар.
Мишық - ортаңғы мидың қызыл ядросы және көпірдегі кіреберістік ядролармен байланыстары арқылы - бас, тұлға, қол мен аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын үйлестіруге қатысады.
Үлкен ми сыңарлары мишықтың қызметін басқарып реттеп отырады. Оның бұл қызметі қыртыс – көпір – мишық жолы, tractus corticopontocerebrallis, арқылы іске асады. Бұл жолдың бірінші нейрондарының денесі маңдайлық, шекелік, самайлық және шүйделік үлестердің қыртысында орналасады (5 қабатта).
Осыған байланысты: маңдай көпірлік жол, tractus frontopontinus, және шүйде – самай - шеке – көпірлік жол, tractus occipitotemporoparietopontinus, ажыратылады. Олар үлкен мидағы ішкі қапшық, capsula interna, арқылы түсіп ми аяқшасының медиалды және латералды бөліктері арқылы өтеді де, көпірде қыртыс – көпір жолына, tractus corticopontinus, бірігеді. Бұл жол көпірдің меншікті ядроларында аяқталады. Меншікті ядро нейрондарының аксондары қарсы жаққа өтіп көпір – мишық жолын, tractus pontocerebrellaris, түзеді де, мишықтың ортаңғы аяқшасын құрайды. Бұл талшықтар мишық сыңарларының қыртысында аяқталады.
Сонымен, үлкен ми сыңарлары мишықтың қарама – қарсы сыңарларымен байланыста болады. Сондықтан үлкен ми қыртысы неғұрлым күшті дамыса, мишық қыртысы да соғұрлым күшті дамиды.
Мишықтың төмендеген өткізгіш жолдары
Мишық дене тепе – теңдігін қамтамасыз етуге қатысады. Нервтік импулс мишықтың қыртысынан тісті ядроға, одан мишықтың жоғарғы аяқшасы арқылы ортаңғы мидың қызыл ядросына беріледі. Бұл ядролардың аксондары қызыл ядро – жұлын жолын түзеді. Аталған жол талшықтары жұлынның қозғатқыш ядроларында аяқталады. Қозғалтқыш нейрондардың аксондары жұлын нервтерінің құрамында қаңқа бұлшықеттерін нервтендіріп, олардың жиырылу үйлесімділігін, яғни дене тепе –теңдігін қамтамасыз етеді.
...