Баланың қан айналым жолдары
Автор: Studei • Сентябрь 7, 2021 • Контрольная работа • 1,556 Слов (7 Страниц) • 1,871 Просмотры
Оныншы апта
10 СОӨЖ тақырыбы: Баланың қан айналым жолдары
Тапсырмалар: 1. Қан айналым жолдарына жалпы сипаттама
2. Кіші қан айналу шеңберлері
3. Үлкен қан айналу шеңберлері
4. Баланың қан айналым жолдарының ерекшеліктері
Есеп беру түрі: дәптермен жұмыс, жазбаша.
СӨЖ(3сағ)тапсырмалары: 1.Тамырлардағы қанның қысымы және оның жас ерекшеліктері.
2. Қан топтары.
3. Қан топтарының сәйкестігі мен қан құю жолдары
Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.
Қанайналым қызметі:
- Тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
- Терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
- Қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
- Гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау)
Қан тамырлары (лат. Vasa sanguinea) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қан тамырлары:
Қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға, қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр – капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Үлкен қанайналым шеңбері.
Үлкен қанайналым шеңбері- жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
Кіші қанайналым шеңбері.
Кіші қанайналым шеңбері – жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері —жүректің оң жақ қарыншасынан басталып — өкпеге қан тартады — жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.
Баланың қан айналым жолдарының ерекшеліктері.
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар құрсақтағы нәрестеге оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық (бала жолдасы) қанайналым көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады: оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік аймағында нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады. Бауыр қақпасы деңгейінде v.umbilicalis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады да, ал ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың төменгі бетімен оның артқы жиегіне дейін барып , сол жерде төменгі қуыс вена сабауына құйылады.
...