Өкпелік қан айналу
Автор: maira_00 • Октябрь 3, 2021 • Реферат • 290 Слов (2 Страниц) • 395 Просмотры
Өкпелік қан айналу
Өкпелік қан айналуының 2 қызметі бар ол қан мен альвеолярлық ауа араснда газ алмасуды тудыру және тамырлардың жарылып кетуін алдын алып отырады.Өкпе қан айналамының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар:
1.кіші шеңбердің қан қысымы үлкен шеңберге қарағанда 5-7 есе төмен болады.Өкпе сабауында систолалық қысым 25-30мм с.б ал диастолалық қысым 5-10мм с.б құрайды.Сол жақ жүрекше мен өкпе веналарнда қысым 4-8 мм с.б аралығы.
2.Қан айналу тыныс алуға тәуелді, яғни дем шығарғанда азайып, дем алғанда артады
3.өкпеде болатын қанның 1000 мл ғана альвеолаларды тікелей шайып өтеді
4.өкпенің арнайы газ алмасу қызметі кіші қан айналым шеңберімен қамтамасыз етілсе, үлкен шеңбер артерияларымен өкпе ұлпасының барлығы іске асады.
5.кіші шеңберде газ алмасу уақыты 0,75 с құрайды, физикалық жұмыс кезінде 0,33 с төмендейді және кіші шеңберде капилярлар кең және қысқа болып келеді
6.Тамыр ішілік қысым жоғарылағанда саңылаулар кеңейіп өкпеде қан ағысына кедергі азаяды.
7.Өкпе сабауында артерило-венулалық анастомоздар бар, олар қан қысымды жоғары болуын қамтамасыз етеді. Және өкпе сабауында қан қысымы жоғарылағанда брадикардия дамиды, соның әсерінен қан үлкен қан айналу шеңберіне жалғасып әрі қарай қан қорға жиналады.
8.Өкпелермен келетін оттегінің 10 пайызын ғана өкпе ұлпасы өзі пайдаланады.
Лимфа айнласының реттелуі
Лимфа тамырларына аференттік және эференттік жүйкелер тарамданады. Оның 4 қабатын ажыратамыз адвентициялық-сыртқы, ет асты-мускулдық және ет іші-интрамускулдық қабаты және ішкібеткейлік жүйке тіндері бар.Ал парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер лифаның жылжуын реттейді. Егер жүйкелерді тітіркендірсе лимфа қозғалысқа келеді, оның себебі лимфа капилярларындағы лимфа көлеміне байланысты. Ол 19 ғасырдың аяғында белгілі болды.Кейін зерттегенде жүйкелер тамыр тарылтатын-вазоконстрикторлық және тамыр кеңейтетін-вазодилятаторлық әсер ететіні табылды.Сонымен қатар лифманың түзілуі мен жылжуы рефлекс арқылы реттеліп және оған жүйке жүйесінің белгілі бір бөлімдері қатысады.Лимфа айналасы химиялық өаттардың әсер етуінен механикалық және температуралық жолмен өзгереді.Жылудың төмендеуі, яғни гипотермия лимфа тамырларының тонусын 2,5 есе арттырады.Адам шапшаң болса лимфа ағысы жылдамдайды.Эндо және экзотоксиндер лимфа жүйесіне еніп адам денесін улайды, осыған байланысты ауруларды емдеу үшін лимфосорбция тәсілі пайдаланылады.
...