Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары

Автор:   •  Апрель 30, 2018  •  Реферат  •  297 Слов (2 Страниц)  •  1,834 Просмотры

Страница 1 из 2

5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары

27-бап.Қорғаншылық,қамқоршылық және патронат

  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүліктік және мүліктік емес  жеке құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес қорғаншы немесе қамқоршы белгіленеді.
  2. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға белгіленеді, ал қамқоршылық  он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға белгіленеді.
  3. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.
  4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеуші,емдеуші немесе басқа мекмедегі балаға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патронат белгіленуі мүмкін.
  5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген баланаың аға-інілері және апа –сіңілері олса, олардың бірге тұруы үшін жағдай жасайды.

28- бап.Бала асырап алу.

Отбасына өсіріп-жетілдіру мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі мүмкін.

29-бап. Баланы тәрбиелейтін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекмелерде күтіп-бағу мен тәрбиелеу.

  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында  тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, тәрбиеленетін, емдейтін немесе сол сияқты өзге де балалар мекмелерінде орналастырылуға тиіс.
  2. Балаға тиесін алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдер оның жеке шотына аударылады және Қазақстан Респуликасының заңдарында белгіленген тәртіппен төленеді.
  3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған алаларға арналған тәрбиеленетін, емдейтін және сол сияқты өзге де мекмелердегі балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады.Баланың күтіп-бағуды пайдалануға, тәрбие, білім алуға, жан-жақты дамуға,ар-ожданы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне, өқз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, ана тілінің, мәдениетінің, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрінің сақталуына құқығы бар.
  4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін, емделетін және сол сияқты өзге де мекмелердің аталған мекмелередегі балаларға қатысты педагогика жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлері Қазақстан Респбуликасының заң актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.
  5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтін, емдейтін және соған ұқсас басқа да  мекмелердегі баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған жетім балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттік тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттік тұрғын үй қорынн тұрғын үй беріледі.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (59.8 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club