Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ананың балаға деген ыстық махаббаты

Автор:   •  Февраль 24, 2019  •  Доклад  •  678 Слов (3 Страниц)  •  8,765 Просмотры

Страница 1 из 3

Ананың балаға деген ыстық махаббаты

Ана- ол сенің мынау жалған фәниге келуіңе арқау болған адам. Ананың балаға деген махаббатын, яғни: асқар тау шыңындағы мұздық пен мәңгілік қарға теңестірер едім. Ол мұздықтар тау басында ұзақ жылдар бойы тұратыны секілді, баласы үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың да балаға деген махаббаты шексіз. Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Бір тағдырды өмірге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің ең үлкені. Дүниеге сәби әкелу – үлкен ерлік деп білемін. Ол өзінің ішіндегі әрбір қозғалыс пен қимылды сезінеді. Босану кезінде ауыруы оның сезімін аяқтамай, керісінше, күшейтеді. Оған себеп ретінде: көптен күткен сәбимен қауышу, бірінші сүюі, бірінші күлімсіреуі, бірінші көз жасы- осының барлығы дерлік анасымен баласының жеке құпиясы болып қалады.  Адамның ең алғашқы, ең мейірбан Отаны – ана құрсағы.

Шіркін, аналарымыздың мейірімділігі шексіз ғой! Менің ойымша, өз баласына ғана емес, өзгенің де қамын ойлайтын жан, ешқашан біреуге жамандық тілемейді. Әлемде ештеңе ананың махаббатымен салыстыруға тұрмайтынын баршамыз білеміз. Біздің  әр бір жетістіктерімізбен қуанышынышымызға шын жүректен қуанатын жалғыз адам. Тек анамыз ғана бізді сөзсіз түсінеді, әрі сенеді. Сол себепті де, еш қауіптенбестен анамызға өз сырларымызды сеніп айтамыз. Біз қаншалықты алыста болсақ та, ана бәрін сезінеді. Оның жүрегі үнемі махаббатқа, мейірімділкке және қамқорлыққа толы. Менің ойымша, күн мен түннің кез келген уақытында көмек көрсету ,тек жанашыр анамыздың қолынан келеді. Ол балаларының бақыты үшін бәріне баруға дайын. Қандай жағдай болмасын, жанымыздан табылып, әрдайым қолдайды. Баласының тыныштығы үшін, түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай дамылсыз жүреді. Нәзік, жұмсақ, әрі сиқырлы қолдарымен бірден тынышталдырып, жылу мен жайлылық сыйлайды. «Әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»,- демекші, асыл аналарымыз жылы және сенімді ұя бола отырып, барлық мәселелерді шешуге тырысады. Шынымен, үйдегі аналарымыз  әулетте асыл жар, ардақты ана, сыйлы келін және ақылшы абысын. Әрине, әйел, ең бастысы — ана. Сол себепті де, дүниенің нұры мен өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында.

Байқасаңыздар, ана туралы шығарма, жыр-дастан өте көп. Алайда, ана жайлы тебіреніске толы, ананың бейнесін асқақтатын және ананың балаға деген махаббатын жеткізу көп ақын, жазушыларымыздың қолынан келе бермейтіндігі хақ. Бірақ, көрнекті жазушымыз Шыңғыс Айтматовтың ерекше туындыларының бірі «Боранды бекет» романында осы тақырып кеңінен қамтылған деп ойлаймын. Роман өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, адамдардың қарым- қатынасын көрсетеді. Сондай- ақ, адамзат тарихында қанша жазылып, айтылса да кез-келген ақын,жазушылар сипаттап бере алмайтын  ананың балаға деген ыстық махаббаты да керемет көрініс тапқан.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (62.8 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club