Жүктіліктің ұзаққа созылуы, клиникасы оны анықтау жолдары
Автор: 0007indi • Январь 11, 2019 • Реферат • 3,575 Слов (15 Страниц) • 7,567 Просмотры
ЖҮКТІЛІКТІҢ АСҚЫНУЫ
Жүктіліктің ұзаққа созылуы, клиникасы оны
анықтау жолдары
Қалыпты физиологиялық жағдайда жүктіліктің орташа ұзақтығы: 280 күн (40 апта), яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен, немесе 266 күн овуляциядан бастап, 28 күндік цикл аралығы (Негель).
Жүктіліктің ұзаққа созылуы – жүктіліктің белгіленген физиологиялық мерзімінен 10-14 күн немесе 290-294 күннен асып кетуі. Барлық жүкті әйелдер арасында шамамен 10%-ының жүктілігі 42 аптадан асады, 14% 43, кейде одан да асып кетеді. Жалпы жиілігі 1,4-14% аралығында, орта есеппен – 8%.
Жүктіліктің ұзаққа созылуын қазақтар (түйе буаз) деген. Жүктілік нағыз және жалған (пролонгацияланған) болып екіге бөлінеді. Жүктіліктің нағыз ұзаққа созылуында физиологиялық мерзімінен 10-14 күнге артыққа созылып, әйел мезгілінен кеш босанады, туылған нәрестеде және бала жолдасында тым жетілгендіктің (тозу) белгілері болады. Ал жалған ұзаққа созылған жүктілікте физиологиялық мерзімінен 10-14 күнге артық созылады, бірақ туылған нәрестеде, бала жолдасында (тозу) белгілері болмайды, бұл жағдайда әйелдің босануын мерзімді босану дейді.
Жүктіліктің мезгілінен артып, ұзаққа созылуының себептері өте күрделі және әлі толықтай анықталмаған. Жүктіліктің белгіленген мерзімінде толғақтың басталмауы, әйел организмін босануға дайындайтын нейрогуморальдық механизмдердің тежелуінен деп есептеледі. Бұл асқынуда жоғарғы және вегетативті жүйке жүйелерінде, эндокриндік жүйесінде функционалдық өзгерістер болады. Мысалы, гонадотропин гормондарының арақатынасы өзгереді, эстроген гормондарының мөлшері азаяды, ал прогестеронның мөлшері көбейеді, микроэлементтерінің (магний, калий, кальций) мөлшері айтарлықтай азаяды.
Жүктіліктің ұзаққа созылуының негізгі себептері:
1. Ананың, ұрықтың генетикалық факторларының бірлескен себептерінен;
2. Жүктіліктің соңғы мезгілінде гормондық баланстың бұзылуынан;
3. Зат алмасу құбылысының бұзылуынан;
4. жатырішілік ұрықтың өсіп-қалыптаспауынан:
5. Жатырың көк еттерінің кеш дамып жетілуінен.
Етеккір циклі бұзылған, балалық шағында індет ауруларымен ауырған, жыныс мүшелерінен тыс сырқаты бар, брыңғы жүктілігі де ұзаққа созылған, жатыры қабынып ауырған әйелдер арасында жүктіліктің ұзаққа созылуы жиі кездеседі.
Жүктіліктің ұзаққа созылуы өзінің физиологиялық бағытын жиі өзгертіп, асқынуға ұшырап отырады, жүктілік көбінде гестозбен асқынады. Жүктіліктің ұзаққа созылуының ұрыққа теріс әсері көп. Ұрық жүктілік, босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде шетінеуі мүмкін.
Ұрықтың шетінеу жиілігі.
1. 40-41 аптада – 1,1%;
2. 43 аптада – 2,2;
3. 44 және одан жоғары аптады – 6,6;
жүктіліктің ұзаққа созылуының клиникасы, анықтау жолдары.
Жүктіліктің клиникалық сипаты өте аз. Нағыз ұзаққа созылған жүктілікте, яғни жүктілік 41 аптадан асқанда әйелде толғақ болмайды, дене салмағы төмендейді, жатыр айналымы 10-15см кемиді (қағанақ суының азаюына байланысты). Жатыр деңгейі жоғары тұрады, нәресте салмағы іріленіп, оның жүрек соғуы нашарлайды, созылмалы гипоксия дамиды.
Анықтау. Жүктіліктің ұзаққа созылуын әйелден алған мәліметтер, объектілік зерттеулер, лабораториялық және қосымша тәсілдер (УДЗ, амниоскопия, амниоцентез, КТГ, ЭКГ, допплерометриялық зерттеу) арқылы анықтайды.
Сонымен қатар, әйел организмінің босануға биологиялық дайындығын (жатыр мойнының пісіп жетілгендігін) анықтау өте қажет.
Лабораториялық тәсілдер: қан және зәр құрамындағы эстроген гормондарының мөлшерін анықтайды, сүт бездерінің секретін микроскопиялық уыз түйіршіктерін анықтайды, қынап жағындысына цитологиялық зерттеу жасайды ұзаққа созылған жүктілікте қынап жағындысының 4 типі тән-бетіндегі клеткалар 40-80%, аралық клеткалар аз.
...