Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүректің құрылысы мен жұмысы, қан айналым шеңбері

Автор:   •  Октябрь 4, 2020  •  Лекция  •  522 Слов (3 Страниц)  •  646 Просмотры

Страница 1 из 3

               Жүректің құрылысы мен жұмысы, қан айналым шеңбері

    Дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын аралап өтетін қан тамырлары торын бойлап ағатын қанның қозғалысы оларды үнемі оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олардан тіршілік әрекеті өнімдері шығарады. Жүрек кезектесе жиырыла және босаңси отырып, қанның тұйық тамыр жүйесі бойымен үнемі қозғалуын қан айналымы жүзеге асырады. Бала ағзасы дамуының әр түрлі кезеңдерінде жүрек әркелкі дамиды.

  Жүрек плевра жапырақшаларымен шектелген көкірек қуысында, төс сүйектің артқы жағында орналасқан. Жүректің қабырғасы эпикард, миокард және эндокарды деп аталатын үш қабықшадан түзілген. Жүрек бұлшық еті көлденең жолақты бұлшық еттер қатарына жатады. Жүрек 4 бөлімнен: екі құлақшадан, екі қарыншадан тұрады.

   Жүректің жұмысы. Жүрек қызметінің негізі ол жүрек құлақшалар мен қарыншаларының рет-ретімен жиырлуы мен босаңсуының арқасында жүзеге асырылады. Жиырылу кезеңі систола, ал босаңсу кезеңі диастола деп аталады. Жүрек қызметінің үш фазасы бар:

  1. Жүрек құлақшасының систоласы, қан құлақшадан босаң қалыпта тұрған қарыншаға түседі;
  2. Қарынша систоласы, систола фазасында қан қарыншалардан қолқа мен күре тамырына өтеді, құлақшалар босаңсиді;
  3. Жалпы үзіліс, жүрек тыныш қалыпта болады. Жүрек жұмысы циклінің ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 секундқа, үлкен адамда 0,8 секундқа тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, үлкен адамда 68-70 рет соғады.

  Қан айналым шеңберлері. Қан айналымның үлкен шеңбері сол жақ қарыншадан басталады, одан артерия қаны қолқаға келеді. Ол барлық мүшелерді қанмен қамтамасыз ететін көптеген артериялар түзеді.

  Қан айналымының үлкен шеңберлері сол жақ қарыншадан басталып, салатамыр қаны құйылатын оң жақ құлақшадан аяқталады.

   Қан айналымның кіші шеңбері оң жақ қарыншадан басталады, салатамыр қаны бұл жерден өкпе көктамырларына келеді. Бұл көктамыр екі тармаққа бөлінеді, оның біреуі сол жақ өкпеге, екіншісі оң жақ өкпеге барады. Көктамырлар өкпеде одан әрі тармақталады да, өкпенің өте ұсақ ұяшықтары –альвеолдарын шырмап жататын жиі қылтамырлар торын түзеді. Қан бұл жерден сол жақ қарыншаға келеді де, қайтадан қан айналымының үлкен шеңберлері бойымен қозғалады.

     Қан айналымның маңызы. Адамның қанайналым мүшелерінің жүйесі жүрек пен қантамырларынан тұрады. Жүрек өзінің жиырылуының нәтижесінде насос секілді жұмыс істеп, қанды тамырларға айдайды да оны үнемі ағып отыруға мәжбүр етеді. Жүректің соғуы тоқтаса – адам өледі, өйткені ұлпаларға оттегі мен қоректік заттар жеткізілмей және олардағы ыдырау өнімдері шығарылмай қалады. Қанның тамырлар бойымен жүруі қанайналым деп аталады.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (305.9 Kb)   docx (250.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club