Үш анық
Автор: 246801357 • Март 13, 2023 • Эссе • 340 Слов (2 Страниц) • 205 Просмотры
Эссе «Үш анық»
Ерназарова А.Ш. ФӨТ 1007
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ұш анық» философиялық трактатына тоқталатын болсам. Бұл кітапта үш анық деп, біріншісі-Құдай, Жаратушы білімі, екіншісі- жан мәселесі, үшінші анық- ар ұждан дейді. Әрине кітап терең, философиялық мазмұнда, ойда жазылған. Бастапқыда түсіну қиын. Мұндағы мәселеге, менің түсінігім бойынша, яғни автор бастапқыда үш аныққа түсінік жеткізбек болып, Еуропа ғалымдар, ақындармен мысал келтіреді. Жан мәселесі, ой, басқа өмір туралы ерте ғасыр ойшылдары мен философтармен мысалдар мен дәлелдер келтірген. Тіршілік, жан туралы бірі өздігінен өмір сүреді, өледі жан қайта өмір сүрмейді. Ал екіншілер жан бар,өлімнен кейін қайта туады делінеді. 19 ғасырдағы метафизакада дамыған спиритизм, телепатия, магнитизмге көптеген ойшылдардың дәлелдерін келтірген.
Бірінші анық Жаратушы білімінде шек жоқ дейді. Дүниеде ештеңе өздігінен, қозғалыссыз жүрмейді, болмайды. Қозғалыс бар дейді. Себепсіз ештеңе болмайды. Яғни барлық себеп Жаратушыда.
Мысалы; құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшелер белгілі бір мақсатпен жаралған. Тіпті өсімдік, ағаштардың тамыры, жапырағы, гүлі сияқтыларды мақсатсыз деп айта алмайсыз. Бұлар нені көрсетеді? Түп Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды.
Екінші анық жан туралы. Жан дене сияқты. Жан бар, ол ешқайда жоғалмайды дейді. Жан дене әр түрге түскендей, олда әртүрге түседі, өсіп-өніп жоғарылайды. Өсімдік, тас пенқ құм, сумен мысалмен түсіндірген.
Үшінші анық -ұждан. Адамдағы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосын айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть дейді. Өте дұрыс айтқан. Себебі нысап ол мұсылмандық міндет. Барға қанағат ету. Дүниеден нысап кетсе, аш көздік пайда болады. Әділет ол адамға қажетті ең басты дүние. Барлық нәрсеге әділетті болу керек, әділетті шешу керек. Әділетсіз өмір, өмір емес. Мейірім бұлда адамға қажетті мінез-құлықтың бірі. Мейірімді болу адамды надандықтан, кекшіл болудан сақтайды. Яғни ұждан таза болу керек. Екі өмірдіде ұялмайтындай, ар таза болу керек деп есептейді. Екі өмір азығы ұждан дейді. Осы менім үш анығым деген.
...