Қазақ салт- дәстүріндегі бала тәрбиесі
Автор: Karakat... • Октябрь 26, 2023 • Реферат • 1,736 Слов (7 Страниц) • 133 Просмотры
Қазақстан Респубикасының оқу ағарту министрі
«Бөбек колледжі»
Баяндама
Тақырыбы: Қазақ салт- дәстүріндегі бала тәрбиесі
Орындаған:Утеева.Қ.К
Тексерген: Байбусинова А.А
Алматы 2023
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1.1 Бала тәрбиесінің маңызы
1.2 Бала тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтың рөлі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе. «Келер күннің келбеті- бүгінгі балалар» деген ұлы философ Әбу-Насыр Әл-Фараби. Қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый – құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт – дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-дәстүр – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді. Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер, салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғы шарттар деуге болады. Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-ана баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды. «Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған тәрбиесі. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзатта прогресс те болмақ емес. Сол тарихи-мәдени тәрбиені танып білу арқылы адам баласы өзінің парасат-болмысын шыңдайды.» Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді. Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той – думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйіншіні жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын, сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады.» Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі.
Негізгі бөлім. 1.1Бала тәрбиесінің маңызы
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештеңе бермейді». Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтарын “сегіз қырлы, бір сырлы”, өнегелі де өнерлі, иманды да инабатты, ар-ожданы жоғары, намысқой етіп тәрбиелеп келді. Ол кезде салт-дәстүр, наным-сенім әдет-ғұрып жора-жосын,үлгі-өнеге арқылы ешкімнен кем қылмай тәлім-тәрбие берген. Ер бала болсын, ұл бала болсын бұлардың барлығына ортақ адамгершілік қағидалар бар. Бұл қағидаларды адам баласы орындауға және білуге міндетті. Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өздері белгілі деңгейде тәлімді, үлгілі, өнегелі болуы тиіс. Әке-шешесі бұзық болса, олардан тәлім алған бала да алысқа бармайды. «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғысы да солай жүреді», – демекші солардың кебін киеді. Сондықтан бала тәрбиелеймін деген кісі ең алдымен өзін-өзі тәрбиелегені жөн. Ақылды да, парасатты болу тәрбиеге байланысты. Ақылды адам өмірден алған сабағы арқылы білімді келеді.Сіз балаға жөн сілтемесеңіз де ол сізге қарап өседі әрі істегеніңізді қаз қалпынша жасайтын болады. Бала тәлім-тәрбиені тыңдау, қимыл іс-әрекетті көріп соған еліктеу арқылы алады деген сөз. Тәрбиесіз баланы тәрбиелеу оңай. Ал, нашар тәрбиелі пендені түзетіп, қайта тәрбиелеу өте күрделі іс. Бағзы заманнан, адамзат жаратылған кезден-ақ, тәрбиеге мұқтаждық қоса туындаған. Ата-баба өз мұрасы мен тәжірибесін ұрпағының бойына сіңіруге, оны түзу жолға салып, тәрбиелеуге тиіс болды. Адам баласы дами түскен сайын, сол білім мен тәжірибені ұрпаққа үйрету де қиындай түсті. Бұл процесс қиындай түскен сайын, адамдар жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесін мүмкіндігінше сақтаудың және терең түсінудің қамын ойлай бастады. Осылайша рухани мәдениет бала тәрбиесінде үлкен рөлге ие болды. Еліміздің рухани байлығы халықтық педагогикамен, адамгершілік насихатымен, діннің рухани уағыздарымен өте тығыз байланыста. Сонымен қатар, бала тәрбиесі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мереке мен халықтың көркем шығармашылығынан да көрініс табады. Көріп отырғандарыңыздай, қазақ халқының рухани мұрасы өте бай. Ертегі, аңыз әңгімелер, шежірелер мен дастандар арқылы дана халқымыз бала тәрбиесіне бесікте жатқан күнінен-ақ мән берген.
...