Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маңғыстау жыр дәстүріндегі Мақсат Аяповтың өмірімен шығармашылығы

Автор:   •  Июль 3, 2023  •  Дипломная работа  •  2,784 Слов (12 Страниц)  •  107 Просмотры

Страница 1 из 12

                              Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі

Баяндама

Тақырыбы: «Маңғыстау жыр дәстүріндегі Мақсат Аяповтың өмірімен шығармашылығы»

        

                                                   

                                             

                                                   

                                                           Ақтау 2023ж

Баяндаманы құрастырып дайындаған «Домбырамен ән салу» бөлімінің оқытушысы Кемелханова Г.Ж

Бұл әдістемелік баяндама музыкалық мектептер мен колледждердің домбырамен ән салу пәні оқытушыларына арналған.

«Домбырамен ән салу» бөлімі отырысында қаралып, бекітілген.

«Домбырамен ән салу» бөлімінің меңгерушісі ________ Еримбетова А.Т

«______»_________2023ж

Колледж әдіскері: _________Сдыкова Г.Г

                                                  Жоспар

Кіріспе....................................................................................................................

1. Жыршы Мақсат Аяповтың орындаушылық стилі....................

2.Мақсат Аяповтың өмірі мен шығармашылық жолы  ................................

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Маңғыстау өнер колледжі

Домбырамен ән салу бөлімінің оқытушысы

Кемелханова Гүлжайна Жетыбайқызы

          Ғасырлар бойы халқымыздың көңіліне көрік, жанына жігер, жүрегіне жалын дарытып, арман мен мұратқа сенім мен үмітке үндеп келе жатқан асыл мұралары – өлеңі мен жыры, әні мен күйі. Оларды ұрпақтан ұрпаққа ұластырушылар: жыраулары мен ақындары, жыршылары мен әншілері, сазгерлер мен күйші орындаушылары.Сұңғыла дала даналары тудырған өлең толғауларда, терме, жырларда, ән мен күйде, аңыз бен әңгімеде, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерде халқымыздың жан сезімі, көңіл-күйі, сан ғасыр басынан кешкен тарих іздері, даналығы мен дархандығы, жомарттығы мен жігер-қайраты, ар-намысы мен асыл армандары – бәрі-бәрі бейнеленген. Өз тарихы, өз өмірі, өз жан күйі суреттелген сол бір асыл мұраларды халқымыз не бір заман  жадынан шығармай, жанына жалау етіп аялаумен келеді.

Қазақ – табиғатынан ақын халық. Ұлы Октябрьге дейін сан ғасыр байтақ дала төсінде көбінесе көші-қоңды күндер кешкен халқымыз қуаныш, күйінішін, жан сезімін жырмен ағытқан, өлең-ақыл мен ойдың кені, даналық сөз өнерінде деп қадірлеген. Көшпелі тұрмыс пен ауызекі дағды «атттың жалы, атанының қомында» жүріп жырлайтын ақпа-төкпе импровизаторлыққа дағдыландырған. Сыр бойында Нұртуған, Жиенбай сияқты айдынды жыраулар өткен. Қарақалпақ елінде болған қазақ жырауларының айтулары Қарасай, Өгізбай, Мәулімберділер еді.Сонымен қатар Маңғыстау мен Атырау елінде де ақын-жыршылар мен жырау – жыршылар  да аз болмаған. Еділ мен Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл, Елек, Қобда бойларында, Маңғыстау, Үстірт, Нарын елдерінде,  Ақтөбе қырынды талай айтулы ақындар өткен. Олар: Асанқайғы мен Сыпыра, Шалгиіз бен Қазтуған, Доспамбет пен Жиембет, Махамбет пен Мұрат, Абыл, Нұрым мен Қашаған, Есет пен Есенбақ, Байтоқ пен Боранбай, Шернияз бен Шыныияз,  Мұрын мен Сүгір, Қарасай мен Аралбай,Сәттіғұл т.б. Бұлар «әп»дегенде ауызға ілінер танымал таланттар. Айтулы да айдынды ақын, жыраулар дәрежесінде жетпегенмен, өз ауылының, елінің, халқының жүрегіне  жылу дарытып, өлең мен жырды қадірлеп өткен көптеген өнерпаздар.  

Қазіргі танда  Маңғыстау, Бесқала өңірлерінде жырларды жеткізіп жүрген жыршылар да аз емес. Олар: Ұзақбай Әлиев, Шамғұл Ыбырайымұлы, Айтқұл Шыманұлы, Керелбаев Бүркітбай, Әлқуат Қожаберген,  Жақсылық Елеусінов, Ізбасар Шыртанов,  Жеткізген Сейітов,  Амандық Көмеков, Ұзақбай Сахыұлы, Мақсат Аяпов, Қармыс Разбаев,  Елдос Еміл, Ақылбек Өтешов  сынды жыршылар. Әрқайсысы өзіндік жыршылық ереқшелігі бар ел таныған өнерпаздар.

Мақсат Аяпов 1963 жылы Қарақалпақстанның Тақиаташ деген жерінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы, Жаңа өзен қаласында тұрады. Жыршылық сонау атадан мирас болған аманаты еді. Өнердегі, өмірдегі ұстазы  Қаналы Аяпұлы болатын. Оның әкесі Қаналы ақсақал алпыс екі тамырын иітіп, алқалы топқа бала күннен томағасын сыпырып, шаң жуытпас жүйріктей баптап салды. Қаналы жырау Шоғы Бүркітбай жыраудың, Бегей Жақсылық жыраудың, Байбоз Есенғали ақынның батасын алып береді. Жырмен нәрлендірген Қаналы Аяпұлы бас бапкері еді.              1981 жылы Бәли ауылының аруы Мәнетпен бас қосып, отау тігеді.  Тәрбиелеп өсірген ұл-қыздары әке даңқын асқақтатып, мақтанышпен үлгі тұтады.Мақсат Аяповтың  марқұм әкесі де өнерден құралақан емес еді. Қаналы Аяпұлы (1914-1992) жылдар аралығында өмір сүрген. Асылдың сынығындай алқаның ажары бола білген. Ортаны күлдіріп отыратын, намысыңды қайрайтын батырлар жырын, рухыңды күшейтетін имани жырларды жырлаған тақуа момын кісі болатын.  Түп атасы Тұманұлы Қалым жырау- Қырымның қырық батырын төрт ай жырлап, тауса алмаған Мұрын жырау Сеңгірбекұлының ұстазы. Қaлнияз жырау сағынышқа толы толғауына арқау еткендей: «Адайда айтқыш кім өтті, Өгізбай менен Абылдан?! Тілі шырын, сөзі бал, Жaманадай Нұрымнан. Аралбай, Ақтан термесі, Күлдіргі сөзді Қалымнан», – демекші талант иесінің құмға сіңген іздері қала берді.Қалым атамыздың  «Көк бұйра ат» деген әзіл айтысынан басқа шығармалары бізге жетпей қалды. Қалымның өзінен бала тұрамғасын ағасы Аяптың зерек ұлы Қаналының бір елі өзінін жанынан тастамай өзінің бойындағы бабадан жалғасып келе жатқан жыршылықты дарыта түсті. Қарт жырау Қаналыда бар жиған-терген өнерін балаларының ішіндегі зейіндісі Мақсат ұлына аманат етті. Мақсат Аяпов тек әкесі Қаналы жыраудан бөлек Жақсылық Елеусінов жыраудан тәлім алды. Жақсылық жыраудан бата алып, 30-дан аса шәкірттерінің бір болды.

...

Скачать:   txt (32.4 Kb)   pdf (119.4 Kb)   docx (773.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club