Философия тарихындағы болмыс мәселесі
Автор: Xolosxa • Ноябрь 11, 2023 • Реферат • 3,911 Слов (16 Страниц) • 176 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
[pic 1]
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Пән: Философия
Тақырыбы: Философия тарихындағы болмыс мәселесі
Мамандық: 6B06104 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Орындаған: Кимелов Ғалым тобы: СИБк 22-4
Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Апашов С.Б
Алматы, 2023
ЖОСПАР
Кіріспе...................................................................................................................3
Негізгі бөлім.......................................................................................................4-14
Болмыс деген не....................................................................................................4
Парменидтің болмыс философиясындағы үлесі................................................5
Болмыс түп негізі...................................................................................................5
Болмыс философиясында материя мен сана.......................................................7
Болмыс формасы мен оның денгейлері..............................................................12
Қорытынды..........................................................................................................15
Дереккөздер мен әдебтеттер тізімі...................................................................16
Кіріспе
Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос — ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категориялардың бірі. Ол жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру» мәселесін қамтиды. Бұл түсінік адамның қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған. Болмыс ұғымының және болмыс туралы ілімнің айналасында философияда ежелден бері және қазір де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниеге көзқарастық және методогиялық басты мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс.Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Философияда болмыс мәселесі ең маңыздыларыдын бірі болу себебінең, ол өз өзектілігің әлі жоғалтар емес.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Философиядағы болмыс мәселесін
объективтілік турғысынан ашып көрсету жұмыстын мақсаты болып табылады. Семестірлік жұмысымнын тақырыбын толық ашу, мазмұнында көрсетілген тараулар мен тармақшаларды жан-жақты айқын жазу үшін философия мен басқа ғылым салалары зерттеушілерінің еңбектерін, интернет желісін пайдалана отырып, алдыма келесі міндеттерді коямын:
- Жалпы философиядағы болмыстың мән-мағынасын ашып философияға болмыс терминінің енуің талдау;
- Парменидттің болмыс философиясының қалыптасуындағы үлесін көрсету;
- Болмыс философиясының түрлерің көрсетіп олардың денгейлерің талдау;
- Болмыс философиясымен материя мен сананың байланысың көрсету.
Осы мақсаттарды алдыма қоя отырып философиядағы болмыс мәселесің төменде талдайтың боламың.
Негізгі бөлім
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.
Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
...