Философия тарихындағы сана мен жан мәселесі
Автор: zhuldyz02 • Сентябрь 15, 2020 • Лекция • 1,398 Слов (6 Страниц) • 2,136 Просмотры
Сана –адам миы қызметінің жемісі, нəтижесі. Бірақ ми түрлері жанарларда да бар. Ао сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниененің ұзақ уақыт дамуының нəтижесі. Дін иелері сананы материядан тыс, дербес, мəңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырған. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүрген шыбынға балаған. Халқымыздың шыбынжанды деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Идеалист философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінді. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректің hule – материя, zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған. Енді материалистер дүниенің бірлігі оның материалдығында екенін ұғына алмай, сананы да материаға балаған. Мəселен, Фогт, Бюхнер, Молешотт деген немістің жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан еттің бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мəселен, Фогт ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Əрине, ой да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой-мидың рухани жемісі де, өт-бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К. Маркс пен Энгельс мұндай пікірді тұрпайы материализм деп атап, сынға алды. Адам мимен ойлайды. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Мысалы, бас миының үлкен жарты шары операция арқылы алынып тасталған құрбақа сол операцияға дейінгі қалпында бақылдап, шыбын-шіркей ұстап жеп тіршілік ете береді екен. Ал сондай операциядан өткен көгершін ағаш бұтағында отыратын жəне тура ұшып кете алатын болғанмен, түрлі тітіркендіргіштерге жауап бере алмай, жем қабылдаудан мүлде қалады екен. Ал енді бас миы алынып тасталған ит мүлде дəрменсіз мүгедекке айналады. Олай болса, бұл тəжірибелер бас мидың тіршілікте атқаратын қызметі жан-жануарлардың даму сатысы жоғарлаған сайын арта түсетінін көрсетеді. Бірақ, бұдан келіп, ми ойды, сананы тудырушы, оның қайнар көзі деуге болмайды. Ми ойды өзінен-өзі тасқындатып тудырмайды. Ой мидың ішінен қайнап шықпайды. Сананы тудыратын – обьективті ақиқат. Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мəліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қадлай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы обьективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нəрседен хабардар болу қажет дейміз. Біздің сананмыз – сыртқы дүниенің бейлену нəтижесі. Сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет үшін аса қажет. Материалдық практикалық қызмет – адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуы, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс-əрекет, еңбек, қызмет болмақ.
Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар:
• физикализм;
• солипсизм;
• объективтік идеализм;
• тұрпайы материализм.
Физикализм –сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелерге,соның ішінде мына фактілерге негізделген:
адамның миы–табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары
...