Шпаргалка по "Философии"
Автор: Nazi • Январь 5, 2018 • Шпаргалка • 39,826 Слов (160 Страниц) • 1,382 Просмотры
1.Философияның пәні ,обьектісі,мәселелер шеңбері
Философияның ежелгі грек ойшылдарының дәуірінен бері “даналыққа құштарлық” деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады. Мысалы, Платон "...геометрия және басқа философиялар” деген сөздерінде философия ұғымын “ғылым” сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша Сократ “философия” терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Ал Аристотель болса, болмыстың іргелі негіздерін айқындауға мүмкіндік беретін жалпылама ғылым ретінде бұл “бастапқы философияны” метафизика деп атады.Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығындағы әралуандылықты игеруге бағытталған философиялық білім түсінігімен тығыз байланысты (Аристотельдің “болмыс” ұғымын қалай түсінгені туралы кейінірек сөз болады). “Физика”, әдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның заттар мен процестердегі сыртқы көрінісін зерттейді. Демек “метафизиканың” үлесіне бұл құбылыстардан “кейін” орналасқан, олардың арғы жағындағы нәрсе тиесілі. Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, процестердің сыртқы көрінісінің арғы жағында мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділікті, болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей және жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл “арғы жаққа үңілу” жасырын нақты мәнділікті ашуға бағытталған белсенді танымдық ойлаудың қозғалысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер былай деп жазады: “... Метафизика- бұл мәнділікті жеке және тұтас түріндепринципиалды тану. Бірақ бұл “дефиницияны” мәселенің қойылуы ретінде ғана бағалауға болады, яғни мынадай сұрақ қойылады: “бар нәрсе болмысының мәні дегенне?” (Хайдеггер М. Кант и проблема метафизики. М., 1997, 5-8 бет). Демек, осыдан күрделі сұрақтар тізбегі құралып, “не өмір сүреді?” деген мәселе туындайды. Мұны “не нақты өмір сүреді?” деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде бар нәрсенің өмір сүруі туралы мәселеден оның мәнділігі туралы мәселеге көшеміз. Бұл сұрақтардың тізбегін осы мәнділікті тану мүмкіндігі мәселесі аяқтайды, яғни бұл жерде таным процессінің мәні туралы мәселе қойылады. Сонымен, болмыс туралы сұрақ ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердің 1935 жылы жазған “Гельдерлин және поэзияның мәні” деген еңбегінде осы айтылған цикл тіл туралы сұрақпен аяқталады. ХХ ғасырдың ұлы философының пайымдауынша тіл ең соңғы негіз, адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар, оны игерудің жалғыз универсалды құралы болып табылады.Енді “даңалыққа құштарлық” деп анықталатын философияға қайта оралайық. Бұл сөз тіркесіндегі “құштарлық” белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзінен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, “өзге” үшін“өзіңді ұмыту”, өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшін “өзге нәрсе” нені білдіреді? Ол физикалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзіндік “ меннен” өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды “меннің” өзі де физикалықтәннің өмір сүруінен өзгешеленеді.Ия, бұл пәнилік өмірдің шектелуі екендігі бәрімізге белгілі. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, “өзгеге” құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның жалғыз тәсілі—бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл-ой және т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады: философия дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.Сонымен, философияны “даналық” түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым “білімнің жоғары синтезі”, белгілі бір нәрсе туралы “толық жетілген білім” деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті—менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі білімнің өзі (ескерте кетейік антикалық дәуірде философия білімге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетуді білдірді).Адам - ақыл-ойы бар әлеуметтік мақұлық. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дүрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды, және оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне көмек беретін—ғылым. Мысалы, физика бір энергия түрінің екіншісіне ауысуына мүмкіндік береді, химия табиғатта жоқ нәрсені қалай синтездеуді үйретеді, математика керемет компьютерлер жасауға жағдай жасайды, техникалық ғылымдар жаңа транспорт құралдарын даярлайды, байланыс жүйесін, ғарыш кемелерін және жаңа тұрмыстық техника жасап шығарады. Ғылымның осы барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемді белгілі дәрежеде түсінуге септігін тигізгенімен дүниетанымның орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетістіктерінің негізінде қалыптасады, бірақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі—философияны игеруді қажет етеді.Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады. Өзінің мәдени деңгейіне байланысты, арнаулы немесе жалпы білім дәрежесіне орай, әртүрлі өзара әңгімелесудің әсерімен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарын жинақтай отырып, ол өзінің жеке өмірлік философиясын, жүйелі және ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын құрастырады. Кейде қарапайым тұрмыстық және өндірістік жағдайлардағы “бір сәттік” дүниетанымның өзі де қанағаттандырарлық болуы мүмкін.Белгілі француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуірі өтті деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша “позитивті” ғылымдар—физика, математика, химия және т.б. философияны керек етпейді. Олар барлық мәселелерді өздері шеше алады, олар “өздерінше” философия. Бұл көзқарас позитивизм деген атауға ие болды.Контпен келісуге бола ма? Ол үшін кітапхана сөрелеріндегі эр елдерден басылып шыққан жүздеген, тіпті мыңдаған философиялық кітаптар мен журналдарға көз жүгіртіп, жоғары және орта арнаулды, бұл болмысты, өзіңді және бүкіл әлемді, әлемдегі өзіңді, өзіңдегі әлемді түсінуді енгізеді.Мұндай принцип адамның кұқық әлемімен өзара қатынастарында да орын алады. Ол құқықтық мәліметтерді өз ақыл-ойының- теориялық, кәдуілгі, философиялық ақыл-ойының тұрғысында бағалайды, сынайды, тексереді, күмән келтіреді. Бұл позитивті кұқықты ақылдылық, әділеттілік, шынайылық, ақиқаттылық және т.б. тұрғысынан сынауды білдіреді. Және де ол позитивті кұқыққа қатынасында өзге өлшемге де ие болады. Бұл өлшем биліктің немесе оның өкімдерімен емес, адамның қоғамдық болмысының іргелі қасиеттері мен мәселелері, табиғат пен кұкықтың мәнін тану қажеттілігі, оның адамның бірлескен өмірдегі алатын орны мен маңызды сияқты нәрселер арқылы анықталады.Ақыл-ойдың мақсаты - ақиқат және құқық философиясы да құқық туралы ақиқатты іздеумен айналысады.Құқық философиясының пәндік аймағы - құқық пен заңның айырмашылығы және арақатынасы мәселесі. Құқық философиясының тарихы ертеден басталғанымен, “құқықфилософиясы’’ терминінің өзі XVIII ғасырдың соңында пайда болды. Бұған дейін ерте заманнан бастап, философиялык-кұкықтың саланың проблематикасы бастапқыда жалпы тақырыптың бір үзіндісі және қыры ретінде қойылып, ал кейінірек зерттеудің жеке дербес пәні ретінде дамыды.Бастапқыда “құқық философиясы’’ термині (сонымен бірге құқық философиясының концепциясы да) заңгерлік ғылымда пайда болды. Оның авторы, құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушы, неміс заңгері Г.Гуго болып табылады. Гугоның пайымдауынша юриспруденция (заңгерлік) үш бөліктен тұрады: заңгерлік догматика, құқық философиясы жэне тарихы. Бұл жағдайда құқық тарихы құқықтың заң шығарушылық нәтижесінде емес, тарихилықтың нәтижесінде қалыптасуы туралы тұжырымды ұстанады.“Құқық философиясы’’ терминінің кеңінен таралуы Гегельдің “құқық философиясымен’’ (1820) байланыстырылады. Гугомен салыстырғанда Гегельдің ойынша құқық философиясы заңгерлік емес, философиялық пән. Оның үстіне философия ғылымын ол тарихи ғылым ретінде қарастырады. Гегель бойынша құқық туралы нағыз ғылым құқық философиясында көрінеді. Құқық философиясы пәнін Гегель былайша сипаттайды: құқық туралы философиялық ғылым өзінің пәні ретінде құқық идеясын - құқық ұғымы мен оның іске асуын қарастырады’’. (Философия права. М., 1990, 59-бет). Құқық философиясының мақсаты құқықтың негізіне жатқан ойларды игеру. Ал бұл дұрыс ойлаудың, кұқықты философиялық танудың арқасында мүмкін болады. Құқық философиясы пәнінің гегельдік түсіндірмесінің алғы шарттарына оны ойлау мен болмыстың, ақылдылық пен нақтылықтың бірегейлілігі туралы философиялық идеялар жатады. Философияның, оның ішінде құқық философиясының да міндеттері осыдан туындайды, - “бар нәрсені игеру, өйткені бар нәрсе - ақыл’’ (Философия права. 55-бет).Құқық философиясы пәні мен міндетінің гегельдік түсіндірілуі құқық пен заңның бұрынғы табиғи-кұқықтық концепцияларына да, табиғи құқықтың антирационалистік сыналуына да (Гуго және кұқықтық тарихи мектебінің өкілдері) және кұқықтық рационалистік тәртібіне де қарсы шықты.Құқық философиясының пәндік сипатын заңгерлік және философиялық ғылымдарда анықтау мәселелерін қойған Гуго мен Гегельдің XIX-XX ғасырлардың философиялық-кұкықтык зерттеулерінде онан әрі дамыды. Философиялық ілімдердің өздерімен қатар, құқықтың философиялық түсіндірмелері де бүкіл заң ғылымына, ондағы философиялық-кұкықтык тәсілдер мен концепцияларға әлі күнге дейін ықпалын тигізіп келеді. Сонымен қатар, юриспруденцияның өзі, құқық туралы, оның қалыптасу, жетілу және дамуының мәселелері туралы заңгерлік- теориялық концепциялар да кұқықтық тақырыптың философиялық зерттелуіне үлкен әсерін тигізді. Философия немесе заң ғылымдарының жүйесінде болсын кұқыққа деген барлық философиялық тәсілдерде осындай өзара ықпал және өзара әрекет байқалады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап жэне ХХ ғасырда құқық философиясы заңгерлік пән ретінде негізінен
...