Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия тарихындағы сана мәселесі

Автор:   •  Март 2, 2021  •  Реферат  •  3,900 Слов (16 Страниц)  •  1,514 Просмотры

Страница 1 из 16

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№1 С Е М Е С Т Р Л І К   Ж Ұ М Ы С

        

Философия пәні

Тақырып: «Философия тарихындағы сана мәселесі»

Мамандығы: 5В0171900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

Орындаған:

Тексерген: доцент Апашов С.

Алматы, 2020

Жоспар:

I.Кіріспе................................................................................................................3

II.Негізгі бөлім

  1. Сананы философиялық ұғыну.......................................................................4
  2. Сананың пайда болуының алғышарты.........................................................8
  3. Сана – объективті дүниенің бейнесі...........................................................11
  4. Сана сезім, өзіндік сана...............................................................................14

ІІІ.Қорытынды..................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................16

Кіріспе

Семестрлік жұмыстың маңыздылығы: Бүгінгі ұрпақтың ертеңгі дамуы өткеннің тарихи тағылымына тәуелді, рухани сабақтастық сақталмаса, адам аяғында нық тұрмай тайғанақтап, ақырында жаттануға ұрынады. Сана, түптеп келгенде, әрбір тұлғаның, әрбір ұлт пен ұлыстың басқаға танылуы үшін, өзіндік бірегейлігі үшін қажет және өзіне тән даралығы болатынын түсінбей, түбірсіз маргиналдыққа әкелетін дүбәра ойлаудан арылып, ұлттың табиғи төлтумалылығының діңгегін құрайтын тарихи өзіндік сананың сауығына оң ықпалын тигізеді. Сана – жаратылыстану мен философиядағы негізгі категориялардың бірінен саналатын «уақыт» ұғымымен байланы- ты феномен. Ал бұл ұғымның сонау Аристотельден бастап Эйнштейнге дейінгі жаратылыстанымдық және философиялық ой тарихында бірнеше тұжырымдамаларының болғанын және оның бүгінге дейін нақты дәлеледенген теориясы жоқ екенін айта кету керек. Десек те, осы шақ тұрғысынан алғандағы өткеннің бәрінің тарих екендігі белгілі. Сонымен бірге біз сана туралы айтқанда, ең алдымен оның рухани қызмет ретіндегі, сапа жағынан материалдық заттан өзгеше идеалдық құбылыс ретіндегі сипатын ескеріп айтамыз.

Сана танымдық тұрғыдан қарағанда дүниені бейнелеудің тек адамға тән идеологиялық формасы. Сана белгісіз ғайыптан атадан балаға көшетін нәсілдік. Философиялық тұрғыдан, сана деп-адам миының объективті шындықты сезімді немесе логикалық образдарда мақсатты түрде жан-жақты және баға беру түрінде бейнелеуін айтамыз.Сана бұл тек қана қандайда бір образ ғана емес дүниенің белсенді түрде бейнелеумен оны қайта бейнелеуге бағытталған әрекеттің ең жетілген түрі.Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі-оның белсенділігі. Жалпы айтқанда сана ол адам өмірінде маңызды рухани құбылыс болып табылады.
        Семестрлік жұмыстың мақсаты: Философия тарихындағы сана мәлесесін талдау.

Семестрлік жұмыстың міндеттері:

  • Сананы философиялық ұғыну;
  • Cананың тарихи сипатын ашу;
  • Сананың құрылымы мен мәнін анықтау;
  • Сана тарихын анықтау;
  • Сана ұғымына түсініктеме беру;
  •  Сананың қалыптасуы туралы көзқарастарды анықтау;
  •  Философияда саналық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселені талдау;
  • Философтар мен ғалымдардың сана туралы ойын анықтау, деректер табу және оларды талдау

  1. Сананы философиялық ұғыну

Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар:

• физикализм;

• солипсизм;

• объективтік идеализм;

• тұрпайы материализм.

Физикализм –сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі.

Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелерге,соның ішінде мына фактілерге негізделген:

...

Скачать:   txt (56 Kb)   pdf (226.3 Kb)   docx (251.2 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club