Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алтын Орда тарихындағы "Жарлық" мәселесі

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Доклад  •  727 Слов (3 Страниц)  •  437 Просмотры

Страница 1 из 3

                                     

         УДК 930.85                                                    А.С. Көшкінбаев, доцент

                                          К.М. Болатова, магистрант

                          Алтын Орда тарихындағы «Жарлық» мәселесі.

                        Қайнар Академиясы,Алматы қаласы,Қазақстан Республикасы

Аннотация. В данной статье   рассмотрены вопросы развития законодательной   деятельности Золотоордынского периода. Автор дает конкретное   научное обоснование данному вопросу опираясь к историческим источникам.

Annotation This article deals with the development of legislative activity of the Golden Horde period. The author gives a specific scientific rationale for this issue based on historical sources.

Түйінді сөздер:Алтын Орда,Жошы,ҰлықҰлыс,Жарлық,Ясақ,Төре,Шариғат.

Ключевые слова:Золотая Орда,Джучи,Великий Улус,Ярлык,Торе,Шариат.

Keywords: Golden Horde, Juchi, Great Ulus, Label, Torah, Sharia.

    Алтын Орда 1222-1224 жылдар шамасында пайда болған мемлекет  екендігін тарихтан білеміз.Өз атауы «Жошы Ұлысы» және «Ұлық Ұлыс» болғаныменен тарих  ғылымында  Алтын Орда атты атаумен біржола бекіген бұл мемлекеттік құрылымның  Қазақстан  мен Ресей  тарихтарында  және бүкіләлемдік  тарихта үлкен із қалдырғандығы даусыз.Бұл мақалада осы мемлекеттегі  әкімшілік құқықтық  мәселелер жәйінде сөз қозғамақпыз.

     Алтын Орда 1222-1224 жылдары қалыптасқаныменен  1250 жылға дейін Шыңғысхан Империясының құрамдас бөлігі болып келді.Тек қана сол 1250 жылы Алтын Орда билеушісі Бату Моңғол империясының ұлы ханы Мөңкенің тарапынан қосалқы билеуші  (соправитель) ретінде мойындалып өз Жарлықтарын (Орыс  тарихында «Ярлык») шығаруға құқық алады.Шыңғысхан заманынан келе жатқан Жасақ (Ясак) заңына сәйкес тек жоғарғы билеуші ғана Жарлық шығара алатын болатын.Бату ханның бұл құқыққа ие болуы Шыңғыс хан империясының біртұтастығының күйреуінің басы болды.Шыңғыс хан империясының бір орталыққа бағынып тұрған кезеңіне көз салсақ,  ол кезде мейлі ұлыстар болсын, мейлі иеліктер болсын,олардың басшыларының Жарлық шығаруға заңдық құзіреттері болмаған еді. Ханзадалар,ханшалар,төрелер немесе жергілікті билеушілер өз қол астындағыларға арнап жергілікті маңыздағы құқықтық кесімдерді шығаратын әрі оларға өз таңбасын және мөрін қойып бекітетін .Мұндай құжаттар өз кезегінде «ұгэ» немесе «бітік»деп аталған.Байқап отырғанымыздай бұл екі сөз де көне түрік тіліне тән. «Бітік»  кітап деген мағына берсе,» «ұгэ»- ұғу,ұқтыру сөздерімен сарындас.

  Алтын Орда тарихының бастапқы кезеңінде Жарлықтар көбінесе  Шыңғысханның Жасақ заңына сүйеніп  жасалынды.Мұсылман дінінің беделі артқан Берке,Өзбек хандардың тұсынан бастап шариғат қағидалары да Жарлықтардың заңдық-құқықтық өзегіне айналды.Енді Жарлықтардың жасалуына әсер етіп отырған сол кездегі тәртіп ережелеріне жеке-жеке тоқталып өтейік;

-Яса(Ясак,Жасақ)-Шыңғысхан негізін салған заңдар жобасы.

-Төре немесе  Төру,Тура –ережелері.Бұл сөздің мағынасы өте ауқымды.Алғаш рет бұл сөз 732-735 жылдардағы Иоллығ тегін ескерткішінде көрсетіледі.Орысша мағынасында осы мысалды нақтылайық «...И воссели над людьми мои пращуры Бумын –каган,Истеми –каган.Воссев на царство ,они учредили Эль(Государство) и установили Тёрю (Закон) народа тюрков... » Көп зерттеушілердің моңғол тіліне таңатын төре-төрелік сөзінің  сегізінші ғасырдағы түрік дәуірі ескерткішінде кездесетіндігі бұл сөздін көне түркілік түбірін аңғартады. 1519-1594 жылдардағы қыпшақ тілінде жазылған армян заңдар жинағы да «Төре бітігі» деп аталады.Осы «Төре» сөзінен «Төрелер»(Төрде отырушы Шыңғыс тұқымы) әлеуметтік ақсүйектер тобы және «Тура»-заңдар жинағы шықты деп айтуға болады.Тарихи мәліметтерде  13 ғасырдың екінші жартысында «Тура Бату» атты заңдар жинағы болғандығы айтылады. Ауызекі тіліміздегі «тура жол,туралық» сөздерінің шығу тегі осы «тура» сөзіне болар деп айтуға әбден негіз бар.Яғни көне түрік тілінде «тура-төре» сөзі «заң ,құқық» деген мағынаны білдірсе,қазіргі моңғол тілінде «төре» сөзі көбіне «әулет,билік» деген мағыналарды береді.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (97.2 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club