Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм
Автор: Zarina011 • Октябрь 19, 2020 • Эссе • 973 Слов (4 Страниц) • 10,339 Просмотры
Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Өмірдің қүндылығын бағалау, оның мəнін дүние-арманнан емес, реалды болмыстан іздеу қажеттігі туралы түжырым өмірмəндік мəселелер толық философиялық шешімін таппағанымен, мазмүны оптимистік философиялық сананың элементтеріне толы қара өлеңді зерттеу арқылы түйінделді. Өмір ғана емес, онымен диалектикалық бірлікті қүрайтын өлім де мəнге ие жəне оған мəн беруші мəнді өмір екендігі қазақгың қоштасу мен жоқгау өлеңдерін талдау негізінде көрсетілді. Адамшылыққа жету -- адам өмірінің мəні деген түсінік қазақ ауыз əдебиетінің көне түрі аңыздың түрлерінің барлығына дерлік тəн екені оларды философиялық сараптау арқылы айқындалды.. Адам өмірінің мəні -- елін жаудан қорғау, ел намысын ту етіп көтеріп, бірлік пен ынтымаққа қол жеткізуде, бірақ батырдың адамшылығы оның өмірмəндік түлғалық келбетін айқындаушы басты қасиеті деген ой батырлар жырының негізгі идеясы екендігі диссертацияда дəлелденді. Адам өміріне мəн беретін махаббат жəне оның екі адамның рухани түтастығы, ішкі жанының гармониясы ретінде сирек кездесетін қүбылыс екендігі туралы пікір қазактың лирикалық эпостарын зерттеудің нəтижесінде жасалды. Адамгершілік пен рухани байлықгың өлшемі -- кісілікке жету, адамшылық қасиеттерге кір шалдырмай, мəнді өмір кешу -- қазақ ақындары мен жыраулары шығармашылығының басты тақырыбы ретінде айқындалды. Көрнекті қазақ ойшылдары Шоқан Уəлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаев, Шəкəрім Қүдайбердиевтің адам өмірінің мəні туралы толғаныстары арнайы зерттеліп, олардың экзистенциалдық күйзелісінің, жалғыздығы мен жалығуының себептері, экзистенциаддық вакуумнан шығу жолдары терең талданды. Өмірдің мəні өзіңе ғана емес, бүкіл қоғамға жақсылық жасауда идеясының XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары Мүхтар Əуезов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев, С Торайғыров, Ғүмар Қараштың шығармашылығында көрініс табуы бірінші рет арнайы зерттелді. Ғылыми айналысқа "өмірмəндік", "тіршілік етуші", "бүлжымайтын императив терминдері енгізіліп, əлемдік экзистенциалдық əдебиет өкілдерінің негізгі еңбектері қазақ тіліне диссертант жасаған аудармада берілді. Отандық философияда алғаш рет қазақ философиясының экзистенциалдық мазмүны позитивтік, яғни жағымды сипатқа ие екендігі туралы тркырым жасалып, оның қазіргі заман адамына теориялық жəне практикалық жағынан пайдалылығы атап көрсетілді. Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар. Өмірдің мəні шешімі қиын, "мəңгілік" философиялық мəселелердің бірі. Ол адамзаттың да, жеке адамның да өмір бойғы серігі, оны шешудің маңыздылығы қоғам мен адам тағдырының қиын кезеңдерінде өткірлене түседі. Өмірдің мəні мəселесінің қиындығы жалпы адам табиғатының күрделілігімен тығыз байланысты. Дүниеде адамнан жұмбақ ештеңе жоқ, ол əлі күнге дейін ашық проблема күйінде қалып отыр. Адамға өмірдің мəні мəселесін жан-жақгы талдауға жəне түсінуге көмектесетін бірден-бір ғылым -- философия. Адамзат тарихында негізгі философиялық бағыттардың пайда болуының себебі де адамның өзі жəне өмірі туралы терең ойлары мен экзистенциясы. Бүл қүбылыс адамның мифологиялық көне дүниеден бастап қазіргі заманға дейін жалғасып келе жатқан өмірмəндік рефлексиясының бастауы.
Фатализм (латынша fatalіs – қашып құтылмайтын) – әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама. Фатализмнің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады.қайырымдылықтың, сырқаттың немесе жұмыссыздықтың сипаттамасы ретінде жиі анықталады. Жазмышты: мифологиялық Фатализм – иррационалды, қараңғы тағдыр; теологиялық Фатализм – құдіретті Құдайдың қалауы; рационалистік Фатализм– себептер мен салдардың тұйықталған каузалды жүйесінің ішіндегі қапысыз шиеленісі деп біледі. Фатализмның бірінші түрі мәдениеттің алғашқы кезеңінде көрініп, астрология сияқты окультті ілімдерде орын алды. Теологиялық Фатализм бір адамдарды тозаққа баратын, екінші біреулерін жұмаққа баратын деп білген христиан ережесінде (Готшалк), калвинизм, янсенизм, исламдағы жабариттер ілімінде көрініс берді. Рационалистік Ф. Демокриттен, Гоббстен, Спинозадан, механикалық детерменизм өкілдерінен көрінді. Рационалистік Фатализмнің кейінгі нұсқасы адамның қылмысқа табиғи бейімділігі жайлы (Ломброзе) сөз етеді.
...