Философиялық тұрғыдан скептицизм
Автор: mereibdibek • Апрель 1, 2024 • Сочинение • 601 Слов (3 Страниц) • 102 Просмотры
Ауқымды ақпаратқа ие қоршаған орта мен қазіргі уақытта,қоғам мен адам да заман талабына сай жаңалықтар мен қызықты ақпаратты білуге құмар болады.Ортаны зерттеуге бейімделген адамзат қызығушылығы оның білімін арттырып,өмір жайлы танымын кеңейтеді.Жаңа ортамен кезіккен адамның айналадағы дүниеге деген плюралисттік көзқарасы мен өзгеден бөлек дүниетанымы қалыптасады. Дүниетаным деп жеке тұлғаның, əлеуметтік топтың немесе тұтас қоғам қызметiнiң бағытын жəне шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердiң, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенiмдердiң жүйесi болып табылады. Өз жаратылу тарихын,өмір сүру маңыздылығын,дүниетаным принциптері мен қоршаған ортаның əртүрлілігін зерттеген адамдар ертеден пайда болған.Қойылған өмірлік сұрақтарға нақты жауап бере алу мүмкіндігінің жоқтығы қаншалықты айқын болса,соншалықты философиялық пікірлердің сансыздығы мен олардың дəлелденбегені көзге анық көрінеді..Осыған байланысты философияның таным теориясы адамзатқа үш түрлi түсiнiк ұсынады: «оптимизм», «агностицизм», «скептицизм». Таным- адамзаттың санасындағы ақиқаттылық жəне нағыздықтың, оны одан əрi өзгерту мүмкiндiгiн мақсат ететiн, мақсатты бағытталған белсендi бейнелену үдерісі. Ал таным теориясы-философиямен бiрге, оның iргелi бөлiмдерiнiң бiрi ретiнде пайда болды жəне қалыптасты.
Гносеологиялык оптимизм дегенiмiз-дүниеге үміт көзiмен, сенiммен қараушылық, үмiтсiздiктен аулақ болушылықты бiлдiредi.Гностицизм- танымның келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептицизм- объективті шындықты дұрыс деп тану мүмкiндiгiне күдiкпен қарайтын философиялық бағыт,бұл жағынан скептицизм агностицизмге -дүниені тану мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық қарама-қайшылығымен белгілі, соның бастапқы сатысы болып табылады.Бір нəрсеге сыни тұрғыдан,күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмəн келтіру,күдікшiлдiк, сенбеушілік.Скептицизм-дүниенiң ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дəйектiлiгiне күмəн келтiредi. Скептицизм- теориялық ойлаудың басты қағидасы ретінде күмəнді алға тартатын философиялық ұстаным, атап айтқанда, шындық туралы абсолютті сенімді жəне шынайы бiлiмге кол жеткiзуге күмəн. Болашақта скептицизм алуан түрлі формаларға ие болады жəне негiзiнен белгiлі бiр
нəрсенi қабылдамауды, кез келген сенімге сұрақ қоюды жəне сынақтан өткізбеудi белгiлейтiн бiлiм жүйелерi немесе күнделiктi тəжiрибенiң ойдан шығарылған дəлелдері бола отырып, ойлаудың сыни көзқарасы түрінде көрінеді. Бұл жерде көптеген кітаптың мысалы ретiнде Рене Декарттың «Мен ойлаймын, сондықтан мен бармын» формуласында көрсетiлген сананың бар екендiгiнiң абсолюттi дəлелi деңгейіне жету үшiн сыртқы əлемнің жəне тіпті өзінің
...