Тіл мәселесін философиялық зерделеу
Автор: nazirashakirova • Июнь 9, 2019 • Статья • 1,354 Слов (6 Страниц) • 1,069 Просмотры
Шакирова А.А. – студент, «Қаржы» мамандығы
«Қаржы академиясы»АҚ, Астана қ.
ayagozshakirova@maіl.ru
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. Иманкул А.Н.
ТІЛ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ
Философия әдетте әлемнің және адамның табиғатына қатысты мәселелермен айналысады , ал тіл философиясы оның жалпы табиғатын, әлеммен және тіл арқылы шындықты қабылдап, сипаттайтын адамның санасымен байланысын зерттейді. Басқа сөзбен айтқанда, тіл философиясы тіл мен сананың, шындықтың арасындағы қарым-қатынасты зерттейді.Бұл мақаланың өзектілігі тіл мәселесінің жан-жақты зерттеу және латын тілінің маңыздылығын анықтау.
«Тіл-адамдар бірбірімен сөйлесетін (коммуникативтік функциясы), ақпарат алмасатын(ақпараттық функциясы), әлемді және өзін-өзі танитын(таным функциясы), бір-бірінің қылықтарын басқаратын (прагматикалық функциясы) белгілердің жүйесі.»[1,243б.]
Тілдің пайда болуы ең күрделі әрі лингивстикада әлі толық шешілмеген мәселелердің бірі болып табылады, себебі тілдің пайда болуы адамның пайда болуымен тығыз байланысты.Адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық өндірістің және онымен бірге алғашқы қоғамдық қатынастар мен қажеттіліктердің ұзақ уакыт бойы қалыптасып, адам тектес маймылдардың үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам бірлестіктеріне айналуының және сондай-ақ соған сәйкес дене құрылысының өзгеруінің нәтижесі болып табылды.[2,231б.] Тілдің пайда болуы туралы теориялар (философиялық немесе филологиялық болсын) белгілі бір дәрежеде гипотетикалық болып табылады, себебі алғашқы тілдің ең көне тілдердің құрылымынан қалыптасуы арасында мыңдаған жылдар жатыр. Тілдің шығу тегіне байланысты теориялардың ішінен шартты түрде екі тәсілді бөліп алуға болады:
- Тіл табиғи жолмен пайда болған
- Тілді белсенді бір құдіретті күш жаратты
Тілді белгілі бір құдіретті күш жаратты деген көзқарас көп жылдар бойы басым болып келді. Келіспеушіліктер тек тілді кім жаратты және ол қандай заттан жасалған деген секілді сұрақтарда ғана орнаған. Сонымен қатар тілдің пайда болуы туралы тағы көптеген теориялар болды.
«Логосикалық теория» Өркениеттің дамуының алғашқы кезеңдерінде ұстанған теория болды. Бұл теория бойынша әлемнің пайда болуына рухани бастама негіз болған.Рух материяға әсер ете отырып әлемде тыныштық жағдайын орнатты.Осы жаратылыстың соңғы актісі ол адам деп есептелінді. Осылайша, рухнани бастама (немесе «Логос») инертті материяны басқара отырып адамзаттың жаратылуына дейін өмір сүрді. Бұл теорияны Платон, сонымен қатар неміс ағартушылары И.Гердер, Г.Лессинг және т.б. ұстанған. Олардың айтуы бойынша, тілдің пайда болуы адамның шығу тегімен де тығызбайланысты, себебі Құдай адамды жаратқан кезде оған ерекше қабілет-сөйлеу қабілетін берген.
«Дыбысқа еліктеу теориясы»Бұл теорияны ежелгі грек философы Демокрит, неміс философы Г.Лейбниц және американдық лингвист У.Уитни ұстанған . Дыбысқа еліктеу теориясы бойыншаалғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды деген пікірді ұстанған.
«Одағай теориясы». Бұл теорияны «тілдің эмоциялық шығу тегі теориясы» деп те атайды. Одағай теориясы бойынша тіл адамның түрлі көңіл-күйлерін білдіруген кездегі бейсаналық айқайлардың нәтижесінде пайда болған.
«Ымдау теориясы» бойынша алғашқы кезде тілде мимикалар мен жестілер «сөздермен» бірге көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды
«Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
«Еңбек теориясы»-одағай теориясының нұсқасы. Бұл теория бойынша тіл қарым-қатынас жасау қажеттігінен адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезінде пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы»мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Бұл теорияны ұсынушылар-Л.Нуаре мен К.Бюхердің пайымдауы бойынша тіл еңбекпен бірге «адамды адам еткен» факторына енеді..«Еңбек айқайы» теориясыны бойынша алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайлары етістік сөздердің пайда болуына негіз болды. Алайда тіл тек еңбек процесін қолдайтын құрал, адамдардың қарым-қатынас құралы емес деп түсінген бұл теорияны жақтауышардың басты қателігі де осында болған
...