Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуі

Автор:   •  Апрель 27, 2020  •  Курсовая работа  •  8,857 Слов (36 Страниц)  •  457 Просмотры

Страница 1 из 36

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1

Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуі

1.2

Сақтандыру жүйесінің негізгі түсініктері мен түрлері

2

САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

2.1

Сақтандыру шартының нысаны, элементтері

2.2

Сақтандыру шартының ерекшеліктері

3

САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерінен қорғау әдістерінің бірі.

Адамдар жие өрттерден,су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар кенет өзгеріп кетуіне, шарты бойынша әріптестестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болады. Уақыт ағымында мұнадай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.

Айталғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен №491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсат ретінде қазіргі заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген. Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қрғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен қоса сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек.

Бағдарламада атап өтелгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру міндетімен бірге өзге де міндеті қарастыратын. Енді сақтандыру жинақтау – қаражат сақтау міндетін де атқаруы қажет.

Сонымен жалпы алғанда сақтандырудың нормативтік-құқықтық негізі белгілі дәрежеде қалыптасты, сақтандыру нарығы жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Осы ретте сақтандыру компанияларының өзге тұлғалармен қарым-қатынасқа түсуі сақтандыру шарттары арқылы іске асырылады. Сондықтан сақтандыру шарттарының жүйесін, оның түрлерін, жасалу барысын егжей-тегжейлі қарастыру маңызды мәселенің бірі болып табылады. Осыған орай курстық жұмысқа сақтандыру шарттарының теориялық мәселелері арқау болы отыр.

Жұмыстың мақсаты – сақтандыру шартының негізгі ережелерін, түсініктері мен түрлерін зерттеу.

Жұмыстың өзектілігі – сақтандыру мәнін өмірімізде өте қажет және оны құқықтық нормада толтырып, онымен танысып қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуін қарастыру.
  • Сақтандыру шартының мазмұнын ашып, ерекшеліктерін зерттеу.
  1. САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуі

Сақтандырудың мәні бірқатар факторлармен анықталады. Мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелді халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи жәе техногендік апаттар, әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері лбъективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс, Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді.

...

Скачать:   txt (142.8 Kb)   pdf (320.1 Kb)   docx (43.6 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club