Ашытқыдан рибонуклеопротеиндерді
Автор: nurzhamalka • Февраль 17, 2018 • Реферат • 449 Слов (2 Страниц) • 812 Просмотры
Ашытқыдан рибонуклеопротеиндерді (РНП) бөліп алу және гидролиз өнімдерін сапалық анықтау
Жұмыс мақсаты: биологиялық материалдан РНП бөліп алу және кейін өнімдерін сапалық анықтау арқылы гидролизін жүргізудің зертханалық әдісін меңгеру.
Құрал-жабдық және реактивтер: центрифуга, кері салқындатқыш кигізілген ұзын мойынды 100 мл-лік дөңгелек түпті колба, келі-келсап, 200 мл-лік тұмсықты стакан, 50 мл өлшеуіш цилиндр, шыны воронка, шыны таяқша, пробиркалар, құм , нан ашытқысы, натрий гидроксиді (0,4%-дық және 10%-дық), сірке қышқылы (10%-дық), лакмус қағазы, тұз қышқылы (конц), мыс сульфаты (1%-дық), орцин реактиві, флороглюцин ерітіндісі, Фелинг сұйықтығы, аммиак(конц) , күміс нитраты(1%-дық), аммоний молибдаты, магнезий қоспасы, диэтил эфирі, күкірт қышқылы (10%-дық)
Жұмыс барысы:
- Ашытқыдан РНП бөліп алу.
Келіде 10г ашытқыны 2 мл эфир және 2 мл су қоспасымен араластырылады, 5 г құм қосылады және мұқият үгітіледі.Осы массаға аз порциялармен 40-50 мл 0,4%-дық натрий гидроксиді ерітіндісі қосылады. Қоспа әрі қарай тағы 15—20 минут үгітіледі. Содан кейін тұнба сүзіледі немесе центрифугалау арқылы бөлінеді. Центифугатты стаканға құйып алып, оған аздаған порциямен (0,5 мл-ден) 10%-дық сірке қышқылын лакмус бойынша әлсіз қышқылдық реакцияға дейін (5-6 мл) қосады. Түзілген нуклеопротеиндер тұнбасы центрифугаланып, бөлінеді.
- РНП гидролизі
Рибонуклеопротеиндерді ыдыратудың қарапайым әдістерінің бірі – оларды 1 сағат бойы 100о С-та 10%-дық күкірт қышқылымен қосып қыздыру. Алдымен нуклеопротеиндер белоктар мен нуклеин қышқылдарына ыдырайды. Әрі қарай белоктардың амин қышқылдарына дейін гидролизденуі бұл жағдайда мардымсыз. Рибонуклеин қышқылдары бұл жағдайда пиримидиндік нуклеотидтерді түзе ыдырайды, ал пуриндік нуклеотидтер пуриндерге, рибозаға және фосфор қышқылына дейін ыдырайды.
Ауамен салқындатқышы бар колбаға нуклеопротеиндер тұнбасын салып, оған 20 мл10%-дық күкірт қышқылы ерітіндісін қосады. Колбаны салқындатқышы бар тығынмен жауып, қоспаны 1 сағат бойы құм банясында әлсіз қайнатады. Гидролизатты сүзіп, мөлдір ерітіндіде белоктарды, пентозаларды, пуриндік негіздерді және фосфор қышқылын анықтайды.
...