Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі

Автор:   •  Сентябрь 22, 2020  •  Реферат  •  608 Слов (3 Страниц)  •  2,229 Просмотры

Страница 1 из 3

Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі

Жоспары

  1. Ойлау  мәдениетінің қалыптасуы.  
  2. Дүниетаным, оның құрылымы, тарихи типтері
  3. Философияның пәні мен ерекшелігі, философияның мәселелері
  4. Философияның негізгі сұрағы

1. Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылы заттар мен құбылыстар туралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз. Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады. Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық бірлікті білдіреді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау объективті шындықты бейнелейтін жоғарғы, адамға ғана тән формасы. Ойлау дүниені тану мен игеруді жоғарғы сатысы. Ойлау арқылы адамзаттың тарихи және әлеуметтік тәжрибесі, матриалды және рухани мәдениетінің нәтижелері қортылып, бекіген.

Ойлау дегенiмiз- әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып түседi.

2. Философия – адамзат білімінің, рухани мәдениетінің өте ертеде қалыптасқан, қызықты да, күрделі салаларының бірі.Философия Ежелгі Үндіде, Қытайда Грекияда б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда қалыптасып,  дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып, оларға жауап іздеді. 

Философия термині  гректің «phileo» - сүйіспеншілік, құштарлық  және «sophia» - даналық деген екі сөзінен құралған, яғни «данышпандыққа құштарлық» дегенді білдіреді. Ғылыми айналымға ендірген көне грек ойшылы Пифагор (б.з.б. ҮІ-Ү).

Философия – болмыстың заңдары мен жалпы принциптері, адам мен әлем арақатынасы және таным жайындағы ілім.

Философия және философ туралы ойшылдардың анықтамалары

Пифагор: «Даналыққа құштарлық»

Гераклит: «Философ – зерттеулермен шұғылданатын адам»

Платон: «Мәңгі өмір сүретін ақиқатты болмысты зерттеуге бағытталған ерекше ғылым».

Сократ: «Қайырымдылық пен зұлымдықтың айырмашылығын тану»

Аристотель: «Заттардың себептері мен принциптерін зерттеу»

Эпикур: «Ақылдың көмегімен бақытқа қол жеткізудің жолы»

Дүниетаным - Адам мен әлем туралы жалпы көзқарастар мен түсініктердің жиынтығы

Негізгі              сфералары:

1.Дүниені түсіну (рационалды, интеллектуалды-танымдық сфера)

2.Дүниені түйсіну (сезімдік, эмоциональды-психологиялық сфера)

Негізгі құрылымдық деңгейлері

Білім

Құндылықтар мен бағалар

Идеалдар мен нормалар

Ұстанымдар

Дүниетанымның тарихи типтері:

  1. Мифология;
  2. Дін;
  3. Философия.

Мифология – қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы, қияли түсініктерге негізделген.

Дін – дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке сенімге негіздеп жасады.

Философия – дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде құрастырылған, рационалды дүниеге көзқарастың жүйесі.  
      Философиялық ойлау еркін ойшылдыққа сүйенеді. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады, философия рационалды танымды негіздейді.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (78.7 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club