Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орыс философиясы: негізгі кезеңдері

Автор:   •  Октябрь 17, 2018  •  Реферат  •  1,880 Слов (8 Страниц)  •  2,958 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

[pic 1]

             Пәні: Философия

        Тақырыбы: Орыс философиясы: негізгі кезеңдері

  Орындаған: Мамбетеева Н.И.

                                            Топ: 121 МДКс

                                                                 Тексерген: Калханова А.Н.

Талдықорған

2017 ж.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Орыс философияның қалыптасуы және негізгі кезеңдері.
  2. Орыс философиясының бағыттары.
  3. Орыс философиясының ерекшелітері.

Қорытынды

Кіріспе

Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өмірі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесінде ғана емес, ол ұлттық рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интелектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады.

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

  1. Орыс философияның қалыптасуы және негізгі кезеңдері.

Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі-XI-XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның тілтумалығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған хрестиандыру үдерісімен байланысты болады. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан , славиандық патша табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, хрестиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық християндық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етеді. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ерте болгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды. Философиялық білім дүниетанымдық функция мен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой хрестиандық принципіне негізделді.

 Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық па-йымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы — киевтік митрополит Ил-ларион (XI ғасыр) Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние қүдіретінің жалпыөлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи түрғыда негіздейді. Оның жүмысын-да Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетініц әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседу Орыс философиялық ойының онан арғы дамуы адамгершілік-практикалық уағыздар дамуы ағымында және өлемдік өрке-ниет дамуындағы православиелік Русьтің ерекше мақсаты туралы ойды негіздеу түрінде жүрді.Ресейдің ерекше миссиясы туралы идея XVI ғасырда «Москва — үшінші Рим» доктринасы пайда болуына алып келді. Доктринада нағыз шынайы ілім ретінде православиелік христиандық барлық биліктің негізі екендігі бекітілді Алғашқы екі Рим де өмір сүрулерін тоқтат-ты, бастапқы «есқі Рим» IV ғасырда варварлардың (тағылар-дың) шабуылы нәтижесінде христиандық ілім орталығы ретінде күйресе, ал екінші «жаңа Рим» - Константиполь христиандық идеялардың жалғастырушысы бола отырып, XV ғасырда түрік-тердің тегеуріиі нәтижесінде Византиямен қатар қүлады.|Ре-сейхристиандықтың мүрагері ретінде «Москва — үшінші Рим» доктринасында бірінші және екінші Римнің ізбасары түрінде корінеді. Өзін үшінші Рим, ал төртіншісі болмайды деп есептейді Филареттің айтуынша алғашқы екі Римнің күйреу себебі, нағыз шынайы дін - православиені сатып кеткендігі және сол үшін қүдайдың қарғысына үшырағандығымен түсіндірілді. Бүл доктрина мемлекеттік өзіндік сананың басты доминанты болды. Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағы-мында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының үлттық озіндік санасының алғашқы идеологиялық қүралы болды. Орыс идеясы мүнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдеріпде қалыптасты. Бүл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртүтастыққа біріктіретін жалпы адамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бүл идея бойынша тек Ресей ғана христи-андық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың ба-сында болуы тиіс. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қара-ма-қайшылығы негізінде өтті. Мүның алғашқысы орыс ойы-ның төлтумалылығына басты назар аударып, бүл төлтумалы-лықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін та-ңуға тырысты. Бүл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропа-ның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бүл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси түрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бүл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рөл аткарды. Өзінің көзқарастарын ол атақ-ты «Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі түтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Үлттық идея сипа-тының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғам-дық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бүл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт — бүл батысшылдық. Бүл бағыттың окілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белин-ский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бүлардың бар-лығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бүл ағъшнан орыс-тың революциялық демократтары өсіп шықты. Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихат-тады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар үстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономика-лық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идео-логиялық ағымы болып табылады. 

...

Скачать:   txt (27.1 Kb)   pdf (97.9 Kb)   docx (21.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club