Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері
Автор: Gulzi_778 • Сентябрь 15, 2025 • Контрольная работа • 4,734 Слов (19 Страниц) • 1,751 Просмотры
2 Дәріс
№ 2 тақырып. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері
1. Саяси ғылымның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси ойлардың тарихы, рөлі, мәні. Ежелгі Шығыс және Антика өркениеттеріндегі саяси ой-пікірлер.
2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірі, Жаңа замандағы саяси теориялардың дамуы.
3. Х1Х-ХХ ғасырлардағы саяси ой-пікірлер мен қазіргі кездегі саяси теориялар.
Жаңа пән ретінде әрбір ғылымды оқып-үйрену оның пайда болу, қалыптасу тарихын қарастырудан басталады. Бұл тақырыпта саясаттану ғылымының пайда болуына негіз болған әлемдік қоғамдық-саяси идеялардың даму тарихы баяндалады. Аталмыш идеялар тарихы тақырып барысында қалыптасқан дәстүр бойынша кезеңдерге бөлініп, олардың әрқайсысындағы қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамудың ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады. Мұнда дүние жүзіндегі адамзаттың дамуының ең ежелгі кезеңінен, ХХ ғасырдың өн бойына дейінгі саяси идеялар мен теориялар қарастырылады.
1. Саяси ғылымның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси ойлардың тарихы, рөлі, мәні. Ежелгі Шығыс және Антика өркениеттеріндегі саяси ой-пікірлер.
Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихын қарастырудың саяси ғылым үшін маңыздылығы ерекше. Саяси ілімдер тарихы – адамзат баласының рухани мәдениетінің ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда саясат, мемлекет, құқық мәселелеріне көптеген ойшылдардың ауқымды еңбек тәжірибелері көрсетілген. Қалыптасқан дәстүр бойынша саяси пікірлер тарихы төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 1. Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлер: (Ежелгі дәуірден б.з V ғасырына дейін). а) Ежелгі Шығыс; ә) Антика дүниесі. 2. Орта ғасырлық саяси идеялар (V-XV ғғ.): а) Орта ғасырлық Еуропа; ә) Орта ғасырлық мұсылмандық Шығыс. 3. Қайта Өрлеу дәуірінің саяси теориялары мен идеялары (XІV ғ. ортасы -XVII ғ. басы) 22 4. Ағартушылық кезең мен Жаңа замандағы саяси идеялар (XVII-XIX ғғ.) 5. Қазіргі заманғы саяси теориялар мен ілімдер. (ХХ-ХХ1 ғғ.) Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси ой жүйелері мифологиялық бастауларға жүгінген және адамның дүниедегі орны мен ролі туралы көзқарасы да мифологиялық дүниетанымдарға негізделген. Оның дәлелі - Ежелгі Египет, Қытай, Вавилон халықтарының саяси танымтүсініктерінің діни-мифологиялық сипат алғаны. Мифологиялық дүниетаным бойынша жалпы жер бетіндегі, қоғамдағы әлеуметтік-саяси тіршілік көк тәңірінің бұйрығымен жүргізіледі, қоғамдағы тәртіп, бүкіл аспан әлеміндегі тәртіптің құрамдас бөлігі ретінде түсіндіріледі. Саясиқұқықтық көзқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде әлі бөлініп шықпағандығын, оның сол кездегі мифологиялық дүниетанымның құрамдас элементі болғандығын байқауға болады. Ежелгі Қытайдағы саяси ойлардың тереңдігі және ерекшелігі – оның мифологиядан гөрі рационализмге жақындығында. Діни мифологиядан гөрі ежелгі Қытайда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрге, небір қатаң ритуалдарды сақтауға көбірек көңіл бөлінген. Ежелгі Грецияда құдайлардың шектен тыс батырлықтарын әспеттей суреттеу болса - Қытайда тарихи оқиғаларды суреттеп, баяндаулар басымдық құрайды. Ежелгі Қытай өркениеті жуықтап алғанда, біздің жыл санауымызға дейінгі XVI-XIII ғғ. қалыптасқан. Саяси ойлардың қалыптаса бастауы да осы тұсқа сәйкес келеді. Ежелгі Қытайда б.з.д. VI-V ғғ. бастап саяси жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Конфуций (Кун-Фу-Цзы. б.з.д. 551-479 ж.ж.) әлеуметтік, этикалық, саяси ілімнің және патриархалдық мемлекет теориясының негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өзінің саяси көзқарасын «Лунь юй» (Сұхбат) деп аталатын жинақта баяндайды және оның саяси ілімінде мынандай негізгі ойлар айтылады: 1) Саяси басшы көк тәңірінің үлгісімен тек жақсылық сыйлаушы болуы тиіс; 2) «Патша патшадай, бағынышты адам бағыныштыдай, әке әкедей, бала баладай болу» принциптерін ұсынады. Бұл принциптің мақсаты билік жүйесіндегі шайқалған басқару қағидаларын бекіту еді. 3) «Егер халық аш болатын болса, патша өз байлығымен масаттана ала ма?» - деген принцип қояды. Конфуций ілімінде халықтың 23 тұрмысының жақсы болуы негізгі өзекті мәселеге айналды. Конфуций – ұлы моралист. Ол жоғарғы мораль эталонын, мінсіз адам образын іздейді. Цзинь – цзы деген ұғым – ол идеал (цзинь –патша, әке, цзы – бала). Мінсіз Цзинь – цзы ұғымы мынандай қасиеттерге ие болуы керек: Ли – сақталып келген ритуалдарды орындау. Жэнь – адамгершілік. И - әдептілік Чжи – білімге құштарлық Сяо и ди – үлкенді сыйлау Чжун – адалдық Жэнь –қайырымдылық, жұмсақтық Осы талаптардың барлығы да вэнь (ескі, көне) мәдениетіне негізделеді. Конфуций көне дәстүрлерді сақтауға көп көңіл бөледі. Басқарудағы маңызды мәселе – моральдық принциптерге негізделген социумдық тәртіп, жоғарғы әкімшілік этикасын орнату. Конфуций көзқарастарының негізгі ерекшелігі – адамның социумның (қоғамның) бір бөлшегі ретінде социумға тәуелді болуы, яғни қоғамдық мүдде әрқашан жеке мүддеден гөрі жоғары тұрады. Осы қағиданы социализм ілімінің кейбір тұстарымен салыстыруға болады (“Адам - мемлекет атты алып машинаның тетіктері мен бөлшектері”), бүгінгі күндегі кейбір құбылыстарды, мысалы біздің еліміздегі социализм баяғыда құлдырап кетсе, Қытай социализмі осы күнге дейін өмір сүріп келе жатыр, яғни “қоғамдық түсінік” Қытайда ежелден қалыптасып, халықтың қанына сіңген ұғымдар жойылмайды, оңайлықпен құлатылмайды. Ежелгі Қытайдағы саяси идеяларды легизмді білмей түсіну мүмкін емес. Легизмнің алғашқы көрнекті теоретигі Шан Ян (б.з.д. 400-338), ол заңшылдар (фацзя) мектебінің негізін қалаушы, әрі Цинь кезеңінің билеушісі болған. Оның көзқарастары “Шан цзюнь шу” кітабында берілген (Шан аумағының билеушісінің кітабы). Шан Ян мемлекетті ауқымды да алып, қыстау машинасы ретінде түсіну тенденциясын жасады. Оның түсіндіруінше, мемлекет – ең жоғарғы, мінсіз институт, заңдар – мемлекеттің әрекет ету құралы, ал жаза - заңдардың ең басты құрамдас бөлігі. Сондықтан, Конфуцийшілердің мемлекетті басқару ісінде ізгілікке, адамгершілікке шақыруы – ол бос сөз. Халықты тек қана қатаң тәртіппен, қорқыныш тудыратын тиімді билік аппаратымен ұстауға болады. Кез келген дағдарыстан шығудың жалғыз жолы – ол орталықтанған мықты, тиімді әкімшілік құру. Ол үшін жаңа қатаң заңдар (фа цзя) құру керек. Ежелгі Қытай дүниесінде саяси дүниетаным өз жалғасын «Даосизм» мектебінен тапты (б.з.д. ІІІ ғасыр). Даосистер қоғамды космостық әлемнің табиғи және заңды элементі ретінде қарастырады. Табиғатта барлығының да өз жолы (даосы) бар. Оның құрамдас бөлігі ретінде адам да мемлекеттің, биліктің айтқандарын бұлжытпай орындауы, оған мойынұсынуы, қарсы келмеуі керек. Бұл ілімнің Қытайда қазіргі күнге дейін сақталуының арқасында, мемлекетте басшы да, шенеунік те, қарапайым азамат та заң алдында бірдей жауапкершілікте болады. Ежелгі Үндідегі саяси ойлар б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында дамиды, ол алғашқы мемлекеттердің қалыптаса бастаған шағында діни-мифологиялық көзқарастардың бір бөлігі ретінде пайда болды. Үндідегі саяси ойлардың қалыптасуының алғы шарттары қасиетті мәтіндерде (веды) берілген. Ведалар – діни және дәстүрлік ұғымдардың жиынтығы, б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Үнді елін жаулап алған арийлер тайпасының қасиетті кітабы. Осы кітаптың мәні мен мағынасын халыққа түсіндірушілер жоғарғы кастаның өкілдері – брахмандар болды. Брахманизм идеологиясы қоғамды төрт сатыға бөледі. Алғашқы әлем жаратушысы – Пуруша – мыңбасты, мыңкөзді, мыңаяқты. Ол Күн мен отты жаратқан. Пурушаның аузынан - брахмандар (абыздар), қолынан - әскери адамдар, жамбасынан – саудагерлер (вайшья) ал табанынан шудралар (төменгі тап өкілдері) тарайды. Яғни бұл құбылыс космостық әлемнің ғана емес, сондай –ақ жер бетіндегі өмірдің де заңдылығы. Брахманизм идеологиясы текті әулеттің билеуіне бағытталған еді. Брахманизм идеясы “Ману заңдарында” (б.з.д. II ғ.) анық көрсетілген, онда қоғамдағы тәртіпке, жазалау шараларына көп көңіл бөлінсе де (“Барлық әлем жазалау арқылы бағынады”), халықтың наразылығын тудырмай басқаруды, қоғамдық пікірді ескеруді қолдайды. Патша тек заң шығарушы, әмірші ғана емес, ол – қорғаушы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші, өмір гармониясын (драхманы) сақтаушы адам. Брахмандар сондай–ақ діни заңдардың мемлекет заңдарынан үстем болуын қалады. Үндіде осы қалыптасқан көзқарастарға қарама –қарсы ағымдар да пайда болады. Оның бірі б.з.д. V ғ. пайда болған буддизм ілімі, оның негізін салушы патша ұлы Гаутама Шакьямуни - қоғам теңсіздігін құдайдың заңы деп түсінуді терістей отырып, брахманизм іліміне қарсы 25 шығады. Адамның бақытқа (Нирванаға) жетуі тек қана өз қолында, адам бойындағы қасиеттерді жетілдіре отырып, гармонияға жете алады. Буддизм идеясынан көбінесе қоғамға, саяси-әлеуметтік құрылысқа деген селсоқ, немқұрайылық көрінеді. Буддизм Үндінің мемлекеттік дініне айналады және де көптеген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тарайды, ол қалыптасқан ресми идеологияның ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырса да, негізгі идеясы сол күйінде қала береді. Кейінірек брахманизм, буддизм идеялары индуизмнің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Ежелгі Үндіде саяси көзқарастардың тағы бір құнды ескерткіштерінің бірі – Артхашастра (б.з.д. IV-III ғ.ғ.), оның авторы Каутилья (Чаканья) – Чандрагупт патшаның кеңесшісі. «Артхашастрада» (“Пайдалы істер жайлы кеңес”) мемлекетті билеу, шаруашылықты басқару, әскери өнерді жүргізу жайлы толық ережелер мен кеңестер берілген. Онда қоғамдық құрылысты діни тұрғыдан түсінуден гөрі рационалистік тұрғыда түсіну басымырақ. Патшаның міндеті – территорияны қорғау, қоғамдық тәртіпті, жанұя институтын сақтау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Каутилья патшаларға ең бастысы мемлекет пен билік мүддесін қорғауда, мемлекеттік мүдде үшін діни парыздарды да ескермеуге болады дегенді уағыздайды. Мемлекет билігі басында Кеңес болуы керек, олардың қызметтері шектеулі болса да, патша олардың пікірлерін ескере отырып билік жүргізуі керек дейді. Мемлекеттік заң шығарушы орындар дхармалармен (діни заңдармен) қоса келісімдерді, дәстүрлерді, патша өкімдерін де ескеруі керек. Заңдарды сақтау мен орындау патшаға рухани қанағат әкеледі. Мемлекеттік мүдде әрқашан жоғары болуы керек – мемлекетке қаржылық қиындық туған кездерде деспоттық әдістерге де сүйенуге - халықтан салық жинауға, бай адамдардың алтыны мен ақшасын күш көрсету арқылы алуға болады дейді. Ежелгі Үнді мен Қытай сияқты мемлекеттердегі сол кездегі саяси - әлеуметтік көзқарастармен, саяси қағидалармен таныса отырып, ежелгі дүниедегі қоғамдық құрылыстарда шынымен осынша мінсіз рухани бастамаға негізделген билеу түрлері болды деу артық болар, бірақ, осындай қағидалардың тууының өзі сол кездердегі заман талабына сай, қоғамды жетілдіру, билеушілерді дұрыс жолға бағыттау ниетінен туған, сондықтан да олардың көбі орындалмай қалған заңдар болды Ежелгі Қытайдағы саяси ойлардың өзіндік ерекшелігі сонда, оларда биліктің әкімдік – бюрократиялық аппаратына назар аударылған. Басты идея – дарынды және қабілет адамдар мемлекетті басқару керек дейтін идея. Антикалық саяси ілімнің қалыптасуы ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Сондықтан, Греция мен Римдегі саяси көзқарастарға тән мынандай сипаттарды айтуға болады: - қоғам мен мемлекет түсіндіруге аныздық танымның логикалық тәсіліне ауысуы, саяси – құқықтық көзқарастардың рационалдық сипат алуы (Гомердің, Гесиодтың шығармаларында); - мемлекеттік және құқықтық мәселелерге философиялық пайымдаудың қалыптасуы (Пифагор, Гераклит); - Рухани – саяси мәселелердің білімнің ерекше саласы ретінде бөліп алынуы (Софистер және Сократ); - қоғамдық – саяси құрылым, мемлекеттік билік пен басқару формаларын жіктеу туралы алғашқы жүйелік концепциялардың қалыптасуы (Платон, Аристотель, Тит Лукреций Кар, Полибий, Цицерон т.б.); - қазіргі заман саяси ғылымының ұғымдық жүйесінің негізі қаланды. Әлеуметтік саяси лексикаға «Саясат», «Мемлекет», «Демократия», «Аристократия», «Тирания», «Мораль», «Билік» және т.б. көптеген ұғымдар енгізілді. Грек ойшылдарының көзқарастарына тоқталар болсақ, олардың қоғамдық-саяси ойлары сан алуан. Солардың ішінде Сократтың, Платонның, Аристотельдің қоғамдық-саяси ойларының орны ерекше. Сократ (б.з.д. 469-399 ж.ж.) моральдық және саяси-құқықтық мәселелер желісін логикалық пайымдау мен ұғымдар деңгейіне көтеріп, өзінің саяси ілімнің теориялық негіздерін қалады. Сократтың филососфиялық идеялары бізге жазба түрде емес, ауызша сұхбат ретінде жеткен. Бұл сұхбаттарды біз Платон мен Ксенофонттың шығармаларынан білеміз. Сократтың диалогтары оның өмірінің саяси этикалық, философиялық көзқарастарынан толық мағлұмат береді. Сократтың сұхбаты сұрақ қою арқылы әр мәселенің негізгі себебін тауып, ойлы сұрақ қою арқылы әрі дамытып, бағыттау арқылы шындыққа жету болып табылады. Сократ белсенді түрде саясатқа араласпаса да оның жеке адаммен әңгімелері мемлекет өмірін, саясат мәселелерін, әділеттік, азаматтық парыз сұрақтарын толық қамтиды. Сократ өмір бойы моральдық саясат, табиғи адамгершілік, қайырымдылық, әділеттіліктің эталонын іздеп өткен ғұлама. Сократтың айтуы бойынша жамандық пен жақсылықтың негізі - білімде, не білімнің болмауында дейді. Ол заңды орындайтын адамдардың басқаруын - аристократия деп атайды. Байлардың басқаруын – плутократия, барлық адамдардың бірдей басқаруын – демократия деп атайды. Сократ білімді адамдардың басқаруын жақтайды. Тиранияны сынай оттырып, ол демократияны да қолдамайды, кездейсоқ келген білімсіз адамдардың, халықтың саяси жиналысының білім деңгейінің жеткіліксіздігі - мемлекет билігін керекті деңгейде жүргізуге кедергі жасайды деп біледі. Сократ афиналық полистің шынайы азаматы болып, келесі ұрпаққа өнеге, өсиет боларлықтай із қалдырса да, ол сол заманның билеушілерімен үнемі қақтығыстарда болады. Сократтың мемлекеттегі ықпалынан сақтанған билік иелері 70 жастағы Сократты өлім жазасына бұйырады. Платонның “Сократтың апологиясы” шығармасында Сократтың сот процесіндегі сөздерін береді. Сократ сотта өз атынан емес шындық атынан сөйлейді. Ол өзін өлтірмеуді емес, өзі уағыздаған шындықты өлтірмеуді сұрайды. Ол судьялар жайлы: “Мен олардың айып тағуымен өлімге кетіп барамын, ал олар болса шындыққа айып таға отырып, жамандық пен жалған дүниеге кетіп барады”. Сократ өлер алдында тек қана даналық пен әділеттікті, қайырымдылықты жақтауды жастар мен шәкірттеріне өсиет ретінде айтады. Сократ ойлары, өмірі мен өлімі кейінгі ұрпаққа үлкен әсер етеді. Ежелгі Грециядағы саяси ойдың дамуы бірнеше жетілген кезеңдері, ондағы көрнекті философ – ойшылдар Платон, Аристотельдің есімдерімен байланысты. Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) - Сократтың шәкірті – философ – идеалист Афинадағы философиялық мектептің негізін салушы. «Мемлекет», «Саясаткер», «Зандар» еңбектері бар. Платонның саяси іліміндегі басты идея – ол идеалды мемлекет құру. Ол әділетсіз мемлекетті, билікті формасына қарай 4 түрге бөледі: тимократия, олигархия, демократия, тирания. Ал, «Саясаткер» деген еңбегінде мемлекетті дұрыс басқаруының 3 түрін көрсетеді: монархия, аристократия, демократия. Ол аталмыш басқару формаларының өз беттерінше ешқайсысы да идеалды емес, сондықтан өзінің идеалды мемлекет үлгісіне бұлардың ең жақсы жақтарын ғана алу керектігін айтады. 28 Аристотельдің (б.з.д. 384-322 ж.ж.) саяси ілімнің дамуына қосқан үлесі ерекше. Аристотель өзінің саяси концепцияларын «Саясат», «Этика», «Афина политиясы» деген еңбектерінде ашып көрсетеді. Аристотельдің ғылыми саясаты жоғары дамыған дәрежедегі адамгершілікті және этиканы білуді талап етеді. Аристотель үлгілі мемлекеттің (политияның) ерекше белгілерін көрсетеді: - Мемлекетті көпшілік басқарады және олар қоғам мүддесін қорғайды. - Дұрыс мемлекетте жеткілікті мөлшерде құралдар болуы керек. - Жер екіге бөлінеді: мемлекеттік және меншіктік. - Дұрыс мемлекеттің заң шығарушылары, дұрыс қызмет көрсетуге тырысу керек. Ежелгі Грек ойшылдары саяси-құқықтық көзқарастардың және мемлекет пен құқық мәселелерін теориялық тұрғыдан қарастыруда елеулі үлес қосты. Антика ойлары өз жалғасын Ежелгі Рим мемлекетінде тапты. Мұндағы еңбектерімен танымал ойшылдардың қатарына Марк Тулий Цицеронды (б.з.д. 106-43 жж.) жатқыза аламыз. Ол саяси мәселелерді қарастыруда мемлекетті келісілген құқықтық қарым-қатынас ретінде анықтап, әділеттілік пен құқықтың кепілі деп таныды. Қазіргі таңда саясаттанудың басты мәселелерінің біріне айналып отырған «құқықтық мемлекет» идеясы өз бастауын Цицеронның идеяларынан алады. Мемлекеттің ең жетілген формасы деп ол патша билігі, аристократия мен демократия ұштасып жатқан мемлекетті санайды. Жалпы Ежелгі Римдегі саяси ойлардың басты ерекшелігі - оның заңға сүйенуі. Әлеуметтік-мүліктік сипатқа құрылған жүйесі бар римдік құқық идеологияға, саяси ойлауға шешуші ықпал етті. Аталмыш мемлекеттен «республика», «право», «империя», «сенат» ұғымдары өз бастауын алды. Рим сенатынан қазіргі парламентаризмнің бастау алатыны да баршаға мәлім.
...