Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері
Автор: shaimurza.naz • Ноябрь 6, 2021 • Контрольная работа • 525 Слов (3 Страниц) • 663 Просмотры
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
МӨЖ 1
ҒЫЛЫМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ҒЫЛЫМНЫҢ ТАРИХИ ДИНАМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Орындағандар: Шаймұрза Н.С.
Тобы: МНГРМПИ-21-1
Тексерген: Табылдиева О.Т.
Ақтау, 2021
Білім – бұл біз өмір сүріп жатқан ғаламшардағы ең ауқымды ұғымдардың бірі болып табылады. Менің ойымша, білім деп біздің ортамыздағы мәліметтер мен тәжірибелердің жиынтығы деп айтсақ болады. Қазіргі кезде заманның дамуына байланысты кез келген адам өзіне керекті білімді толық ала алады. Кез келген ақпарат көзін біз білім қатарына қоса алмаймыз, өйткені білім тәжірибе арқылы тексеріледі және де бұнда шындық туралы айтылады. Сондықтан білім мен қарапайым ақпаратты ажырата білуіміз керек. Біз семинар сабақтарында айтқанымыздай, білім қарапайым білім және ғылыми білім болып бөлінеді. Қарапайым білім жай ғана оқиғалар мен құбылыстарды сипаттап қана қояды. Ал, ғылыми білім оқиғалар мен құбылыстарды неліктен осылай болып жатыр, неге басқаша емес, оның себебі бар ма, болашақта не болады деген сұрақтарға жауап береді.
Ғылым дегеніміз құбылыстардың, заттардың табиғатын анықтайтын, олардың дамуы мен байланысын анықтап зерттейтін шындықты, ақиқатты айтамыз. Ол бізді қоршаған орта, әлем туралы жаңа білімдерді алуға арналған зерттеу ортасы болып табылады. Ғылым негізінен білімнің жоғарыда атап өткен екі түрінің бірі ғылыми білімдерді зерттейді. Және де ғылым адамзаттың дамуымен бірге дамып отырады.
Жаратылыстану, гуманитарлық, қолданбалы, іргелі және т.б. деп ғылымның жіктелуі белгілі бір ережелерге байланысты орындалған. Қоғамның әрдайым дамуы іргелі ғылымдардың пайда болуына алып келген, олар көптеген қолданбалы ғылымдарға бөлінді. Іргелі ғылымдар – бұл барлық басты ережелер және материалдық-рухани әлемнің нысандары мен құбылыстары туралы білім кешені. Қолданбалы ғылымдар – бұл практикада қолдану үшін қажет іргелі білімнің салалары. Жаратылыстану ғылымдары – бұл табиғат туралы ғылым. Ал, гуманитарлық ғылымдар – адамзат пен қоғамд өміріне бағытталған ғылымдар. Осыған қарап, ғылымның жіктелуінің негізгі факторы, ол әр ғылым саласының өзіндік зерттейтін нысандары мен бағыттарының болуы. Қазіргі уақытта ғылымның жіктелуі ғылымның пәні мен оның құрамдас бөліктерінің қатынасы, тақырыпты тану, ғылыми зерттеудің практикалық мақсаттары арқылы анықталады деп атап өтуге болады.
...