Әлеуметтанудың негізін
Автор: Symbat_Murat1 • Сентябрь 30, 2021 • Контрольная работа • 1,583 Слов (7 Страниц) • 410 Просмотры
4. Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебердің еңбектеріне талдау жасаңыздар
2.Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастарға шолу жасаңыздар
3.Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтеріне сипаттама жасаңыздар
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысын айтып беріңіздер
______________________________________________________________________
1. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебердің еңбектеріне талдау жасаңыздар
Аты-жөні | Еңбегі | Уақыты | |
Огюст Конт | «Позитивтік философия курсы», 6том жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.). дәрістері (1830-1842) діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851-1854) | 1839ж.
| Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады. Бұл кезеңдер Конттың үш негізгі еңбектерімен белгіленген. |
Герберт Спенсер | «Негізгі бастама», «Синтетикалық философия жүйесі», «Әлеуметтік статика», «Әлеуметтік зерттеулер» | 1862ж. 1858ж.
1872ж. | Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Әр адам егер қоғамға зияны болмаса, өз қалауын жасауға құқылы деген екен. Әрнәрсе өмірде өз функциясын орындайды. Әскери және өндірістік қоғамдар - Герберт Спенсердің қоғамның екі түрі: ертеректегі «мәжбүр ынтымақтастық» - әскери қоғам мен кейінгі әскери қоғамдар келетін өндірістік «өз еркімен ынтымақтасуға» негізделген қоғамдар арасындағы эволюциялық айырмашылығын бейнелеуі |
Карл Маркс | Маркс өзінің «Саяси экономияның сыны туралы» (1858 ж.) Еңбегінің кіріспесінде былай деп жазады: «Жалпы айтқанда, азиаттық, ежелгі, феодалдық және қазіргі, буржуазиялық өндіріс әдістерін экономикалық қоғамдық формацияның прогрессивті дәуірі ретінде белгілеуге болады. « Азиялық өндіріс әдісі мен оған сәйкес формация Спенсердің әскери қоғамына ұқсас болып шықты. | 1858 жыл |
|
Эмиль Дюркгейм | "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" | 1895 жыл | Ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі түрлерін зерттеген. Ол өз тұжырымындамасында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік тұрғыдан жоғары қойды. Пікірінде қарама-қайшылық көп. |
Макс Вебер | «Түсіністікті әлеуметтанудың кейбір белгілері жөнінде» (1913); «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1915) ;«Шаруашылық және қоғам» (1921—1922). | 1913ж. 1915ж.
| Вебер идеялары қоғамдық-экономиқалық формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталған. Вебердің «Идеалдық тип» теориясы, тарихи факторлардың «көптігі» концепциясы және «рационалдық» идеясы мемлекеттік институттар қызметінің негізі ретінде қазіргі әлеуметтануға, саясаттануға зор ықпал етті. |
2.Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастарға шолу жасаңыздар
...