Әлеуметтанудың қоғамдық
Автор: V Tae tae • Сентябрь 9, 2021 • Реферат • 404 Слов (2 Страниц) • 373 Просмотры
Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны және ерекшелігі. Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:
1) жалпы әлеуметтік қағида;
2) арнайы әлеуметтік қағида;
3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) – бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.
Тұлғаның басқадан айырмашылығын көрсететін белгілердің жиынтығы, сонымен қоса қабылдау негізінде алынған жобаның жиынтығы оның мәнін даралық ретінде анықтайтын ерекшелігін
...