Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі

Автор:   •  Февраль 22, 2021  •  Доклад  •  419 Слов (2 Страниц)  •  867 Просмотры

Страница 1 из 2

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Тақырыбы: Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі

Қабылдаған: Спанов Мейірхан

Орындаған: Жұман Эльмира

Оқу тобы: ХТ – 20 – 5К1

 

Шымкент, 2021

Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі

           

       Əлеуметтану адамдар мен топтардың өзара əрекетке түсуін, сондай-ақ өзара əрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бүл орайда, өзара əрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады жəне қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Əлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология жəне антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бəрі адамның əлеуметтік мінезқүлқын жəне белгілі бір дəрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тəсілі ретінде ғылыми əдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дəлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеушілердің дəлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан жəне адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас. Əлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - əлеуметтік қүрылым. Əлеуметтік қүрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Əлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кец əлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, əлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нəрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы, Миллс былай деп жазады: 100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бүл - оныңжеке басына қатысты жайт, солай болатұра көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оның дағдыларын жəне мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ50 миллион адамнан тұратын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ (қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлганың мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Мүмкіндіктердіц құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема дүрыс қойылуы үшін жəне ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке түлғалардың жагдайын емес, қогамның экономикалық жəне саяси институтгарын қарастыру талап етіледі. Əлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың жəне шешудің жаңа тəсілін ұсынады. Əлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ», немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді. Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтайды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен əлеуметтік қиял əлеуметтік күштердің əсерін адамның жеке таңдауымен бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club