Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі

Автор:   •  Сентябрь 11, 2021  •  Эссе  •  459 Слов (2 Страниц)  •  970 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі.

    Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін , сондай - ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез - құлық ережелерін зерттейді . Бұл орайда , өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бұл үлгілер қалай дамиды , оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады . Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану , экономика , психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты . Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінезқұлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді . Бұдан басқа , бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады . Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді , яғни қандай да бір тұжырым жасамай тұрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас . Әлеуметтанудағы ең негізгі ұғымдардың бірі - әлеуметтік құрылым .

   Әлеуметтік құрылым – белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым - қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері . Ол тек мінез - құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес , білім алуды , неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды .

    Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді , кең әлеуметтік құрылымдарды , аз дегенде ішінара ( Миллс 1959,15 ) түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз . Ч. Райт Миллстің пікірінше , әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды ( мысалы , кедейлік , ажырасу немесе сенімнің жоғалуы ) , аса маңызды қоғамдық проблема , жалпыға ортақ проблема деп түсіну . Миллстің айтуынша , көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз , көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады . Мысалы , Миллс былай деп жазады : 100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса , бұл – оныңжеке басына қатысты жайт , солай болатұра көмектесу үшін сол адамның мінез - құлқын , оныңдағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ 50 миллион адамнан тұрагын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса , бұл - ортақ ( қоғамдық ) проблема , бірақ оны жеке тұлғаның мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз . Мүмкіндіктердің құрылымы бұл жерде іске аспайды . Проблема дүрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке тұлғалардың жагдайын емес , қоғамның экономикалық және саяси институттарын қарастыру талап етіледі . Әлеуметтік қиял – адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады . Әлеуметтік қиял « адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ » , немесе « олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ » дегенді білдірмейді . Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп , қожайынын сыртынан мазақтайды немесе өзіне - өзі қол жұмсай алады . Бұл да – таңдау . Дегенмен әлеуметтік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен бірге қарастырудың маңызын көрсетеді .

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (62.5 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club