Әлеуметтанудың классикалық
Автор: shekerbek11 • Октябрь 12, 2021 • Доклад • 586 Слов (3 Страниц) • 406 Просмотры
Сұлтанмұратова Нұрай Бауыржанқызы
Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар бойынша кестені толтырыңыз:
Әлеуметтанудың классикалық кезеңі | ||
Негізгі ұғымдар | Ұғымды кім қарастырды | Ұғымның мазмұны |
Позитивизм | Огюст Конт (1798-1857) | Философияны жоққа шығаратын және адамзаттың қазіргі кездегі барлық нәрселері ғылымның негізінде екенін дәлелдейді. Ал Шәкәрімше пайымдасам, дүниеге ойдың емес, «дененің көзімен» қарауға жол ашулы. |
Әлеуметтік статика | Огюст Конт (1798-1857) | Әлеуметтік статика-ортақ мүдделер құқықтармен саяси стандарттың айқын сезімдерімен бекітілген уақыт пен кеңістікте қамтиды.Жалпы бір сөзбен, тыныштық қалпындағы қоғам деген тұжырымға келеміз. |
Әлеуметтік динамика | Огюст Конт (1798-1857) | Қоғам дамуындағы прогресс. Нақтылай келе, қозғалыс қалпындағы қоғам деген сипатқа ие болады. |
Социал-дарвинизм | Герберт Спенсер, Ф.Гальтон,Э.Ферри
| Шын мәнінде әлеуметтік дарвинизм табиғи сұрыпталу негіздерін түсінбеуге негізделген. Дарвиндік теория тұрғысынан алғанда, жеке адамның қанша ақша жинағаны немесе оның қолында қанша билік шоғырланғаны маңызды емес. Жалғыз маңызды нәрсе-оның генін қанша ұрпақ алғандығвнда екен) |
Органикалық әлеуметтану | Ағылшын философы Герберт Спенсер | Қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу. |
Қоғамның эволюциялық дамуы | Г.Спенсер (Ч.Дарвиннің теориясы бойынша) | Барлық тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп,өзін өзгертуі,өз қабілеттерінің үздіксіз дамып,өсуі |
Құрылымдықфункционалдық даму | Р.Мертон 3бағытын ұсынған | Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді макродеңгейде қарастырады,және де қоғамда болып жатқан кез-келген жағдайдың себебі қоғамдағы жүйелердің жағдайына байланысты деп түсіндіреді. Құрылымдық-функционалдық теория:1) Қоғамды жүйе ретінде қарастырады.2) Қоғамда болып жатқан жағдайлар мен процестер бір-бірімен себеп-салдарлық түрде байланысады.3)Қоғам өзімен-өзі дамып отырады. |
Аномия | Эмиль Дюркгейм (1858-1917) | Қоғамның бойындағы құндылықтарынан, алға жетелейтін мұрат-мақсат және болашаққа деген сенімінен айырылуы, эгоистік мінездің бой алуы.Мінездерінің тұрақсыз болуы өз-өзіне қастандық жасаудың өрлеуі, қоғамдағы дағдарыс |
Қоғамдық формациялар | К.Маркс | Қоғамның тарихи типі.Ол белгілі бір өндіріс әдісіне негізделеді және феодализм мен капитализм құрылыс ормациясына қарай дамуының сатысы |
Қоғамдық еңбек бөлінісі | ---- | Еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады |
Буржуазия | ---- | Бастапқы мағынасы қала тұрғындары дегенді білдірген кейіннен ол өзгеріп, елдегі материалдық байлықтың,капиталдың көп бөлігі қоржынында бар белгілі бір әлеуметтік топ өкілдері деген мәнге ие болды. |
Пролетариат | Белгісіз | Қоғамдағы дәрежесі төмен топ өкілі.Бұл ұғым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жұмысшы топ өкілі деген мәнге ие болды және де бұл топ өкілдері капиталдан айырылған және де тек жалдамалы жұмыс істейді |
Қоғамның революциялық дамуы | Г.Спенсер,К.Маркс | Табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. |
Конфликтті көзқарас, конфликт теориясы | Л.Козер,К.Маркс | Бұл ғалымдар әлеуметтік таптар,әлеуметтік жіктелуді,әлеуметтік топтарды зерттейді.Әлеуметтік жіктелуге басты себеп таптар мен топтар арасындағы материалдық заттардың теңсіз бөлінуі. |
Идеалды тип | ---- | Саяси,моральдық,діни және сол секілді бойында тағы басқа құндылықтар бар және де осыдан туындайтын мінез-құлық нормалары мен ережелері бар , әлеуметтік жақсы қарым-қатынас жасай алатын адамдар типі. |
Бюрократия | М.Вебер | Мемлекеттік билік аппаратында белгілі бір артықшылықтары бар шенеуніктердің жоғары тобы |
Харизмалы тұлға | Э.Эриксон | Бойында ерекше баурап алар қасиетімен айналадағыларға ықпал етуші жігер, қайраты бар қабілетті әрі табанды тұлға |
Престиж | ---- | Қоғамда немесе қауымдағы белгіленген принциптерге сай жоғарғы дәрежеге ие сыйлы адам. |
Әлеуметтік іс-әрекет | М.Вебер | Бұл жеке тұлға жүзеге асыратын әрекет, оған жеке тұлға мағына берді. Адамның барлық іс-әрекеті мағынаға негізделген. Ол әр түрлі әрекеттерді анықтайды, олар негізделетін мағыналарымен ерекшеленеді. |
Әлеуметтік мобильдік | П.Сорокин | Адамдар үнемі қозғалыста, ал қоғам дамуда екенін білеміз. Адамның күтпеген жерден көтерілуі немесе оның кенеттен құлауы. Халық ертегілерінің сүйікті сюжеті: айлакер қайыршы кенеттен байға айналады, ал кедей байға айналады. Міне осы сарында олар өзінің мәртебесін көтеріп отыр. Яғни, адамдардың қоғамдағы мәртебесінің өсуін Әлеуметтік мобильдік деп атайды екенбіз. |
...