Қазақ әдебиеті сабағында әңгіме жанрын оқыту
Автор: 123akerkeee • Март 4, 2023 • Творческая работа • 2,508 Слов (11 Страниц) • 236 Просмотры
Сабақтың өзіндік талдау парағы
Алиева Гүлім Сабитбекқызы Қазақ әдебиеті №19 Тайтөбе негізгі мектебі
мұғалімнің аты-жөні пәні мектеп
1. Менің шығармашылық тақырыбым «Қазақ әдебиеті сабағында әңгіме жанрын оқыту».
2.Сабақтың тақырыбы, топ Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығы
3. Өткен тақырыппен байланысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы семантикалық картаны пайдаланып сұралды, «Ботагөз» романымен танысу барысында басқа да шығармаларын еске түсіріп атап шығу.
4. Сабаққа қойылған мақсат, міндеттері (шешімі) Бейімбет Майлинді таныту. Бейімбеттің кейіпкер характерін шебер сомдайтын жазушы екендігін, жазушы тілінің өткірлігін, айқындылығын, даналық ойға құрылғандығын нақты мысалдармен ұғындыру. Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, әр кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңілдіру. Мақсат, міндеттеріне толық жетті.
5. Танымдық, шығармашылық, ізденіс жұмыстарының іске асырылуы
Бейімбет Майлиннің қазіргі кездегі шығармаларының зерттеуі мен баспадан шығарылуы жөнінде тың жаңалықтарды қарастыруға тапсырмалар берілді. Б.Майлин шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Шығармашылық және топтық жұмыстармен жұмыс жасалды. Түйебай ролін сахналап көрсеттіхарактерін ашу үшін пікірталас жүргізілді. Сатылай кешенді талдау жасай отырып, әңгіменің композициялық құрылысы ашылды.
6. Сабақтың өту барысында сабақ жоспарына өзгерістер енгізілді ме, неліктен, нәтижесі қандай?
Сабақ жоспары бойынша өткізілді.
7. Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерінің себептері неде? Сабақтың жетістігі оның жүйелі, бірізді құрылуында. Сонымен қатар ақпараттық технологияларды тиімді қолданылуында. Тақырыпты жан-жақты зерттеп, өзімнің жетік меңгеруімде деп ойлаймын. Сабақтың түрін шатастырмау керек.
Қатысқандар: Абсагитова А.Г, Турсунаева Қ.А, Кабылдина З.М
Сабақтың өзіндік талдау парағы
Алиева Гүлім Сабитбекқызы Қазақ әдебиеті №19 Тайтөбе негізгі мектебі
мұғалімнің аты-жөні пәні мектеп
1. Менің шығармашылық тақырыбым «Қазақ әдебиеті сабағында әңгіме жанрын оқыту».
2.Сабақтың тақырыбы, сынып 8 «Қ.Жұмаділов. Қаздар қайтып барады» әңгімесі.
3. Өткен тақырыппен байланысы Ғ. Мүсірепов шығармашылығындағы бес асыл азамат бейнесін ашу, сонымен қатар практикалық жұмыстар қаралып, оны жаңа сабақпен байланыстыру жүзеге асырылды. әңгіме мен әңгіме жанрын оқытудың ерекшелігі мен ұқсастығы қарастырылды.
4. Сабаққа қойылған мақсат, міндеттері (шешімі) Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік, ізденушілік сипаттағы жұмыстары арқылы әдебиет сабағында әңгіме жанрын оқытудың түрлері мен оны пайдаланудың тиімділігін ашу; жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу; шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Мақсат, міндеттеріне толық жетті.
...