Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саулық пен науқастықтың әлеуметтік таралуы

Автор:   •  Ноябрь 25, 2018  •  Реферат  •  1,318 Слов (6 Страниц)  •  1,015 Просмотры

Страница 1 из 6

Тақырыбы: «Саулық пен науқастықтың әлеуметтік таралуы»

Жақсы денсаулық тек жақсы дағдыларға я тұқымның жақсы болуына ғана байланысты емес. Алайда бұлардың да рөлі маңызды. Денсаулық – жынысы, әлеуметтік табы және нәсілі немесе этностық тегі сиякты әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл бөлімде біз осы жайттардың АҚШ-та денсаулыққа әсерін қысқаша шолып өтеміз, одан кейін КСРО-дағы әлеуметтік құрылымның өзгерісі өмір сүру ұзақтығына қалай әсер еткеніне қысқаша зерттеу жүргіземіз.

        АҚШ-та дүниеге жаңа келген нәресте шамамен 78 жыл өмір сүруі мүмкін (Денсаулық сақтау саласының статистикасының ұлттық орталығы, 2001 ж.). Жастай қайтыс болу да кездеседі, бірақ АҚШ азаматтары, орташа алғанда, қартайғанша өмір сүреді. ХХ ғасырдың басында өмір сүру ұзақтығы 50 жасқа дейін болғанын ескерсек, бұл – өте үлкен жетістік. Дегенмен мүмкіндік бәріне бірдей берілмеген: қара нәсілді ер адамдар және кедейлер, ақ нәсілді әйелдер мен балаларға қарағанда ерте қайтыс болады (10,2 кесте).

        Әрине, бұл жерде өлімді айналып өту айласынан гөрі денсаулық сақтау маңыздырақ. Халықтың жалпы хал-ахуалын анықтауда ауру мен мүгедектіктің таралуы өлім-жітім көрсеткішіне үлкен ықпал етеді. Белгілі бір жылы қайтыс болғандардың жан басына шаққандағы санынан көптеген ауруға шалдыққандардың немесе мүгедек болғандардың саны басым. Келесі бөлімдерде біз жыныс, әлеуметтік тап және нәсілдік/этностық ерекшеліктің ауруға және өлімге қаншалықты байланысты екенін анықтаймыз.

Гендер

Орта есеппен АҚШ-та әйелдер ер азаматтарға қарағанда бес жыл ұзақ өмір сүреді (10,2-кестені қараңыз). Алайда әйелдер ұзағырақ өмір сүргенмен, денсаулығына байланысты, ерлерге қарағанда жиі шағым айтады. Оларды артрит, астма, диабет, катаракта және т.б. аурулар көбірек мазалайды (Lane&Cibula, 2000; Bird&Rieker, 2008).

        Мұндай айырмашылық әйел адамдар ерлерге қарағанда, мүгедектікке жиі ұшырап, қартаю кезінде өздерін жайсыз сезінентінін білдіреді. Қарттар үйіне түсетін жасы егде тартқан және көп ауруға шалдыққан әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым.

        «Әйелдер қартая бастағанша, ер адамдар ерте қайтыс болады» деген сөзді қалай түсіндіруге болады? Бұл сұрақтың жауабын биология мен қоғамнан іздеу қажет. Әйел заты өзінің ерекше гормондарына байланысты табиғатынан ер адамға қарағанда төзімдірек. Әйел адамның қажетті деңгейде азығы болып, қамқорлықты сезсе, ұзақ өмір мүмкіндігі ер адамнан әлдеқайда жоғары (Bird&Rieker, 2008).

        Сонымен қатар, әлеуметтік нормалар әйел затын жарақаттар мен өмірге қауіп төндіретін аурулардан қорғайды(Bird&Rieker, 2008).Басқалармен ерегісіп, спиртті ішімдік ішетін, жылдам көлік айдауды жақсы көретін және батылдық қасиеті бар таныстарыңыз ер адам болар. Өйткені мұндай қауіпті, тіпті өлімге әкеліп соқтыратын мінез-құлық ер адамдарға тән және олардың тарапынан қалыпты

10,2-КЕСТЕ. Жыныс, нәсіл және отбасылық табыстың денсаулыққа әсері.

Орта есеппен алғандағы жайттар. Америкалық азиаттар ақ америкалықтармен салыстырғанда, ұзағырақ өмір сүреді, ал ақ америкалықтар афроамерикалықтардан ұзағырақ өмір сүреді. Латынамерикалықтар ақ америкалықтардан немесе афроамерикалықтарлан ұзақ өмір сүреді. Осы мәліметтерге қарай бірқатар мәселе шығады. Ал бай адамдардың кедейлерге қарағанда, ұзағырақ өмір сүретіні анық. Ақыр соңында, әйелдермен тең дәрежеде денсаулығына көңіл бөліп, медициналық көмекке жүгінсе де ер адамдар әйелдерге қарағанда аз өмір сүреді.

Топтар

Жасы ұзақтығының болжалды шамасы

Пайыздық есеп көрсеткіші немесе нашар денсаулық

Жынысы

Ер

75

9

Әйел

80

10

Нәсілі

Ақ америкалықтар

78

9

Афроамерикалықтар

73

14

Латынамерикалықтар

81

13

Азиялық

84

7

Отбасы табысы

Кедей

N/A

20

Кедейлік шегінде

N/A

14

Кедей емес

N/A

6

ДЕРЕККӨЗ: Денсаулық сақтау статистикасы ұлттық орталығы (2011) және (2010).

жағдай ретінде қабылданады. Ал әйелдерді мұндай кейіпте елестету мүмкін емес. Ер адамдар әйелдермен салыстырғанда заң бұзып, есірткіні жиі қолданады және қауіпті істермен айналысады. Сонымен бірге әйел адамдар еркектерге қарағанда, денсаулығын мазалайтын болмашы нәрсе болса да, дәрігерге жиірек қаралады.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (141 Kb)   docx (18.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club