Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дін әлеуметтануы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  1,941 Слов (8 Страниц)  •  591 Просмотры

Страница 1 из 8

          5-дәріс.  Дін әлеуметтануы . 1 сағат.

  1. Дін - әлеуметтік өмірдің феномені.
  2. Дін әлеуметтануының объектісі мен пәні.
  3. Діннің әлеуметтік құрылымы.
  4. Діннің әлеуметтік функциялары.

             5.   Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.

     1. Дәріске кіріспес бұрын бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде дінімізге деген көзқарастың өзгергенін, халықтың, әсіресе жастардың өз дініне бет бұра бастағанын айта кеткен артық емес. Бұл белгілі жағдайда студенттердің ұсынылып отырған тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.

   Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті.

     Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік-таптық себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі — діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әр түрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда  ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, табады.

   Екінші қажеттілік - адамдардың танымға, білімге құштарлығымен байланысты. Адам ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлады. Осының негізінде олар туралы өзіндік ұғым, түсініктер қалыптасады. Бұған адамдардың қоршаған табиғаттағы күннің күркіреуі, айдың тұтылуы,  судың тасуы, жердің сілкінуі және т.б. дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі себеп болады.

        Ш. Уәлиханов  «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» деген мақаласында қазақ қоғамындағы шамандықтың негізін түсіндіруге ұмтылды. Оның  пікірі бойынша, шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде анықталды. Өзі қырсырын біле алмаған адам ортаны қадірлеу, құрметтеу, өзіне жылы жағдай жасауды ойлады. Өйткені ол табиғаттың ықпалымен әрекет етіп, өмір сүреді.

   Үшінші қажеттілік - таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратудан туған. Үстем таптардың өкілдері өздерінің меншік иесі екендігін, олардың істеріне ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-руханилық сипаттар тән екенін және өздеріне басқару ісі дарығанын табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде қарапайым халық өкілдеріне: «мені құдай бай қылды, ал сені кедей қылды, оған қандай таласың бар» деген сөздер айтады.

   2. Дін деп (араб. сенім, наным, илану, исламның балама аты. лат.reliqio – рухани сенім, құдайды сыйлау) – қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі.  Дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде ұжымдық сену, құдіретті қасиетке, ең алдымен  құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады.

   Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер,  Т.Парсонс және т.б. болды.

  Эмиль Дюркгейм (1858—1917) француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушысы дінді негізгі әлеуметтік институттардың бірі ретінде зерттеу үшін әлеуметтанулық әдістер мен бағалау белгілері қажет деп санады. Ол өзінің «Діни өмірдің алғашқы түрлері. Австралиядағы тотемдік жүйе» деп аталатын басты шығармасындағы негізгі пікірі - дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру сияқты әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған.

1864-1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты әлеуметтанушы Макс Вебер өзінің «Протестант және капитализм рухы» деп аталатын басты еңбегінде діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол да дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір индивидтің, әрбір әлеуметтік топтың  мінезқұлқы мен ойлау тәсіліне мәнмағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке дамуына ықпал ететін құндылықтар мен нормалар жүйесінің негізін құрайды.

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (115.3 Kb)   docx (777 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club