Дін және қоғам
Автор: Assel01545 • Сентябрь 19, 2020 • Эссе • 373 Слов (2 Страниц) • 617 Просмотры
Дін - өте ерекше, тылсым, құдіретті ұғым. Өйткені, адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап, көптеген жауабы жоқ, түсініксіз сұрақтарға жауап іздейді және үміт, сенім беретін ерекше күшті қажет етеді. Ал осының барлығын да, біз діннен ала аламыз. Aдамның дүниетанымын қалыптастыруға көмектесетін басты нәрсе – дін[1]. Діннің негізгі идеялары адамның адамгершілік қасиеттерінде қалыптасады. Бірақ, мына жаңа дәуірдегі діннің орны қандай деген сауал туындайды және бұл тақырыпта жазылған жұмыстар аз емес, жеткілікті. Дін біздің заманымызда - инновация, прогресс және технологиялар дәуірінде ешқандай құндылығын жоғалтпаған.
«Религия в современном мире и в современном обществе» атты орыс авторының мақаласында «Қазіргі әлемдегі дін мыңдаған жылдар бұрын сияқты маңызды рөл атқарады, өйткені американдық Гэллап институты жүргізген сауалнамаларға сәйкес, XXI ғасырдың басында адамдардың 90% - дан астамы Құдайдың немесе жоғары күштердің бар болуына сенді, және де сенушілердің саны шамамен жоғары дамыған мемлекеттерде де, "үшінші әлем" елдерінде де бірдей.» [2]. Осы ақпаратты оқи отырып, менің ойыма түрлі мәселелер келген болатын. Қазіргі әлемдегі діннің рөлі өткен ғасырлармен салыстырғанда ерекше , яғни бұл дегеніміз ХХ ғасырда танымал секуляризациялық теорияны жоққа шығарады, соған сәйкес діннің рөлі прогрестің дамуына кері пропорционалды. Осы теорияны жақтаушылар ғылыми-техникалық прогресс жиырма бірінші ғасырдың басында жоғары күштерге деген сенімді әлсіз дамыған елдерде тұратын адамдардың ғана сақтауына себеп болатынына сенімді болды. ХХ ғасырдың екінші жартысында секуляризациялық гипотеза ішінара
...