Прокуратурадағы дін проблемалары
Автор: t.kayratkyzy • Декабрь 20, 2018 • Эссе • 265 Слов (2 Страниц) • 589 Просмотры
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрімен 2018 жылғы 30 наурызында бекітілген Мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде 2018 жылға арналған деструктивті діни ағымдардың экстремистік және лаңкестік идеологиясының енуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында облыс прокуратурасында деструктивті діни ағымдардің теріс әсерін мәлімдеу мен діни экстремизм мен лаңкестік идеяларының таралуын алдын алуға бағытталған іс-шаралар мерзімді түрде іске асырылады.
Осы жылдың екінші тоқсанында ШҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерімен бірлестікте облыс прокуратурасы қызметкерлерінің арасында адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, іске асуы мүмкін лаңкестік актілердің салдарын ықшамдауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Ағымдағы жылдың қазан айында облыстың «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мамандарының қатысуымен прокуратура қызметкерлерінің арасында «Жаңа діни ағымдардың теріс әсерлері» тақырыбында оқыту жүргізілді.
Ғаламтор ресурстарын талдау түрлі ақпаратты тарату үшін әлеуметтік желілер белсенді пайдаланылатындығы туралы дәлел болып табылады.
Бұл жағдайда азаматтар автоматты түрде жаһандық ақпараттық соғыстың қатысушысына айналады, ал ол өз кезегінде потенциалды қауіпке алып саяды, оның ішінде лаңкестік белгілерін таныту қаупіне алып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде ғаламтор ресурстарының рөлі туралы қызметкерлердің хабардарлығын арттыру мақсатында ағымдағы айда «Ақпараттық соғыс және лаңкестік: қауіптің алдын
...