Дін философиясы
Автор: Ернар Заурбек • Июль 1, 2021 • Лекция • 1,093 Слов (5 Страниц) • 1,241 Просмотры
Дін философиясы
Дін философиясы дүниетанымның тарихи формаларының бірі – діннің адам мен қоғам өміріндегі орнын, атқаратын қызметін, адамзат дүниетанымын қалыптастырудағы үлесін қарастыратын арнайы философиялық жүйе. Сондай- ақ, ғылым философиясы, құқық философиясы, өнер философиясы сияқты өз алдына жеке философиялық пән болып табылады. Дін философиясының басты зерттеу объектісі- дін, діни дүниетанымның ерекшеліктері мен қалыптасуы.
«Дін» ұғымының өзі латын тілінен аударғанда «біріктіру», «байлау», «қайта оралу» деген мағыналарды білдіреді, яғни дін деп кез- келген сенім түрін айтпайды, тек адамды қандай да бір қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін түрін айтамыз. Діннің талабы- ешнәрсеге күманданбай соқыр сену. Дін – бұл адамның өмірі мен қоршаған ортаға ықпал ететін қандай да бір «жоғарғы күшке», «Құдайға», «абсолютке» сенуге негізделген дүниетанымның екінші тарихи формасы. Адам өз табиғатынан руханилыққа ұмтылатын тіршілік иесі. Адамның руханилығы- бұл оның тұтастай болмысқа, шексіз абсолютке, біздің санамыздан жоғары тұрған ғарыш пен социумның ең жоғарғы шыңына жетуге деген ұмтылысы. Руханилық бұл туа біткен рухани қабілеттерін дамыту арқылы, жинақтаған рухани тәжірибесін жетілдіру арқылы, Құдайға және басқа адамдарға деген ашық қатынас арқылы өзінің шектелген индивидуалды болмысыңды жеңіп шығу процесі. Осы аталған руханилықтың өлшемдері бойынша діннің бір бірімен байланысты индивидуалды, әлеуметтік және ғарыштық жақтары бар. Осыған байланысты діндерді шартты түрде эгоцентристік, социоцентристік және космоцентристік деп бөлуге болады.
Индивидтің өз «Менімен» рухани байланысын орнатуы және қалпына келтіруін, өзінің ішкі мәнін іздеуін, өзін- өзі іштей жетілдіруін эгоцентристік дінге жатқызамыз. Эгоцентристік дінге мысал бола алатын дзэнбуддизм.
Социоцентристік дінге адамдардың немесе қандай да бір қоғамдық топтың жалпы бір сенім жүйесінің астына жиналуға деген ұмтылысы жатады.
Космоцентристік дінге Құдаймен, ғарыштық орталықпен, Ғаламмен байланыс орнату жатады. Мысалы Адамның күнә жасау арқылы Құдаймен жоғалтып алған байланысын құдаймен рухани байланыстағы қасиетті рухтың және судың көмегімен қайта қалпына келтіруге ұмтылған христиан дінін айтуға болады.
Дін мифологиядан бастау алып, философиямен, өнермен, моральмен, құқықпен сусындаған, сондықтан оның қоғамдағы шекараларын нақты анықтау мүмкін емес.
Дегенмен де, абстрактылы ойлау әртүрлі қоғамдық сана формаларының арасындағы шектесулерін салыстырмалы түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Философиялық тұрғыдан келсек, әрбір дін абсолютті, яғни, табыну объектісін әртүрлі атайды: Құдай, Орталық энергия, Асқан тұлға, Абсолют, Күн, От т.б. Абсолют категориясы космоцентристік, социоцентристік және эгоцентристік діндердің архетиптік түсініктерін жалпылап тұр. Сондықтан толықтай абстрактылы формада қойылған діннің ең негізгі сұрағы:
- абсолют бар ма?
- оны қалай танып-білуге болады?
- оған қандай қатынас жасау керек? – деген бір - бірімен өзарабайланысты аспектілерден тұрады. Кез – келген діннің негізгі мазмұны мен сипаты аталған сұрақтарға жауап беру ерекшелігімен байланысты қалыптасады. Мысалы, космоцентристік діндердегі абсолюттің діни бейнелеріне философиялық тұрғыда талдау жасасақ: Құдайды тұлға ретінде қарастыру( иудаизм, христиан діні, ислам, сикхизм); тұлғаландырылмаған трансценденттік Болмысты барлық тіршіліктің абсолютті бастамасы ретінде қаарстыру(индуизмнің кейбір ағымдарындағы Брахман, қытай дәстүріндегі Дао, махаянадағы Татхагата); әрбір адамның ішкі жан дүниесіне тән Абсолют (индуистердегі мәңгілік Атман, буддизмдегі ағарған ақыл-ой, христиандықтағы Қасиетті рух); абсолютті мақсат ретінде (буддизмдегі нирвана, джайнизм дініндегі таза жан - Параматман); мәңгілік заң ретіндегі абсолют (индуизмдегі Дхарма немесе Рита, иудаизмдегі Тора).
...