Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дін философиясы.Қазіргі заман мәдениетіндегі дін философиясы.Дін философиялық білім

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Доклад  •  911 Слов (4 Страниц)  •  2,751 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚМУ КеАҚ Ф 4/3-01/1

Қосымша  2

«Философия»

[pic 1]

«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына     арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: «Дін  философиясы.Қазіргі заман  мәдениетіндегі  дін философиясы.Дін философиялық  білім.Қазіргі жаһандық мәселелерді  түсінудегі және  шешудегі философияның ролі. К. Армстронг «Құдайтану баяны

Блок: «Философия»                                                                                                                    Білім беру бағдарламасы:6B10102 - «Жалпы медицина»                                                                             Курс: 2 курс   2-004 топ                                                                                                                            

Орындаған: Құдайберген.Ж.О.

Тексерген: Мейрамова.Н.А.

                                            Қарағанды 2020

               К. Армстронг «Құдайтану баяны»

          Дін деген ұғымның қайда пайда болғаны, Құдай деген ұғымның негізгі мағынасының қандай екені кез келген дінтанушылардың және қарапайым адамның да қызығушылығын тудыратыны бәрімізге мәлім. Осы тұрғыда  дін және Құдай  мәселесін зерттеген негізгі дінтанушылардың бірі британ дінтанушысы әрі философ К. Армстронг болып табылады. Ол бұл жайында өзінің «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс:Құдайтану баяны» еңбегінде ізденісінің нәтижелерін келтірген болатын.                                                      

         Мұнда дінтанушы әлем бойынша ұстанушылары бойынша жетекші орындаға ие монотеистік(Бір Құдайдың болуы)  діндердің , атап айтқанда ислам, христиан және иудаизм діндерінің тарихын баян еткен. Сонымен қатар, буддизм мен индуизм діндерінің де тарихын зерттей отырып, өз қорытындысын жаза өткен. Жалпы адамзат баласы дүниеге келген уақытта  оның алдында «мен кіммін?» деген сұрақтың  тұратыны бәрімізге белгілі. Содан кейін « мен қайдан боламын және мені кім осылай жаратты?» деген сұрақ тұрады, дәл осы сұрақтың негізінде «Құдай деген кім және ол қайда?» деген сұрақ туындайды. Осы тұрғысында К.Армстронг өз іздестіруін бастайды. Оның пікірінше, Құдай деген ұғымның шығу тарихы Таяу шығыстан бастау алған. Мұнда ең алдымен, дінтанушы Иудаизм дінін қарастырудан бастаған. Себебі, бұл діннің бастау алуы өзге діндерге қарағанда ерте басталған. Діннің негізгі Құдайы-Яхвеге алғаш назар аудара отырып зерттеген болатын. Содан кейін христиан дініндегі Құдай мен ондағы үштік тұжырымдамасын талқылады. Ең жасы ислам дінінде Құдайдың жалғыз екендігін , сонымен қатар онымен ешкімнің тең еместігін , оның туылмайтынын және құдіретінің шексіздігін көрсетеді.Жалпы қарастыратын болсақ, бұл кітап дінитұрғыдағы кітап емес , бұл кітап жанры бойынша роман түріне жатқызылады.Оның адамзат баласының дін туралы көзқарастарын қалыптастыруға әрі өзінің діні туралы тарихы тұрғысынан білімін жетілдіруге пайдасы бар деген ойдамын.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (105.7 Kb)   docx (20.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club